Қазақстандағы спорт мектептерінің жағдайы қандай?

Қазақстанның қазіргі мақсаты әлемдік аренада имиджін қалыптастыру. Осы орайда аламан спорттық жарыстардағы спортшыларымыздың жеңісі елімізді танытудың тиімді жолы деп тапты билік. Сол себепті де Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне берілетін сыйдың, қаражаттың сомасы жылдан-жылға ұлғаюда. Ал, меніңше, спортшылардың мотивациясын жеңістен кейінгі қаражатпен арттырып емес, о бастан жағдайын жасағаны жөн сияқты. Еліміздегі спорт мектептері қажетті құрылғылармен жабдықталған, жақсы қаржыландырылады деп айта алмаймыз.
Қарағанды облысы, Абай қаласында орналасқан «Абай аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекетіміздегі үздік спорт мектебінің бірі. Мектеп ғимарат ретінде 1966 жылы ашылғанымен, негізі одан ертерек қаланған. Алдыңғы постта мектептің негізін салған Андрей Богданович Райш мектеп тарихы мен шәкірттері жайлы толыққанды әңгімелеп берген болатын.

Блог - IShyrak: Қазақстандағы спорт мектептерінің жағдайы қандай?

Мектептің мықтылығын оның даңқты спортшыларынан байқауға болады. Еуропа чемпионы Серік Нұрқазов, Сидней олимпиадасына қатысқан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Данияр Мұңайтпасов, екі дүркін әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының алтын медаль жүлдегері, Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Александр және Виктор Зарочинцевтер осы мектептің тәрбиеленушілері. Сондай-ақ, бұл спорт мектебінің қабырғасынан Республикамыздың еңбек сіңрген бес бапкері шыққан. Ал қаншамасы Ресейдің үздік бапкерлері мен спортшылары атанды. Солардың бірі Наталья Рагозина, Олег Маскаев. Төрт жыл сайын ұйымдастырылатын Жазғы Олимпиада ойындарына да Абай спорт мектебінің түлектері жолдама жеңіп алады. Риода өткен Олимпиадада он тоғыз жасар боксшы Абылайхан Жүсіпов пен жеңіл атлет Флорида Миниянова өнер көрсетті.

Елу жылдан артық тарихы бар мектептің жағдайы қандай?

Блог - IShyrak: Қазақстандағы спорт мектептерінің жағдайы қандай?

Бүгінде Абай спорт мектебінде 9 секция белсенді жұмыс жасайды. 722 тәрбиеленуші спортпен шұғылданады.

Блог - IShyrak: Қазақстандағы спорт мектептерінің жағдайы қандай?

Ғимараттың алдыңғы бөлігі керамогранитпен қапталып, терезелері пластикке ауыстырылған демесеңіз, ішкі жағдайы мүлдем басқаша.

Блог - IShyrak: Қазақстандағы спорт мектептерінің жағдайы қандай?

Блог - IShyrak: Қазақстандағы спорт мектептерінің жағдайы қандай?

Блог - IShyrak: Қазақстандағы спорт мектептерінің жағдайы қандай?

Блог - IShyrak: Қазақстандағы спорт мектептерінің жағдайы қандай?

Боялған ескі едендер, тозығы жеткен грушалар, аядай киім шешетін бөлме, кеңес үкіметі кезінен қалған стендтер. Жалғыз бір залдан ғана жаңа құрылғылар көрдік.

Блог - IShyrak: Қазақстандағы спорт мектептерінің жағдайы қандай?

Бұл тренажер залын Болат Алтынбеков есімді жеке кәсіпкер сыйға тартқан. Сондай-ақ Руслан Тушиев атты мектеп түлегі де талай мәрте қаржылай көмек көрсеткен екен. Серік Сәпиевтің Пекинде өткен Олимпиадаға қатысуына осы азамат демеушілік еткен. Тек Қарағанды облысы бойынша ғана емес, Республика деңгейіндегі ең мықты спорт мектебі болғанымен, ең аз қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме. Мектеп тек жаттықтырушылардың ынтасымен ілгері жылжып келеді. Басшылық қолдан келгенше жөндеу жұмыстарын жүргізіп тұруға тырысады.

Блог - IShyrak: Қазақстандағы спорт мектептерінің жағдайы қандай?

Тағы бір деректі назарларыңызға ұсынғым келеді. 2009 жылы Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының жарылғысымен «Абай қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» «Абай ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып ауыстырылыпты. Осы мектептің негізін салып, талай жаттықтырушы мен спортшыны баптаған Андей Богданович Райштың аты неге берілмейді деген ой туындайды.

(Мектеп туралы қысқаша ақпарат 2 минут 22 секундтық видеода)



Қажетті ақпаратты ұсынғаны үшін жетекші қызметін атқарушы Зейнешев Камараддин Рашидовичке алғысымызды білдіреміз.

Абылайханның апайы

Әбішева Дана Төлеубекқызы — Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының тумасы. 2010 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің «Химия» факультетін тәмамдап, Абай қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясына химия пәнінің мұғалімі боп қызметке кіріседі. Болашақ чемпионмен осы қызметінде жүріп танысады…
Әрі қарай