Әлемдегі ең бай қайыршы
Пакистандық Абдул Саттар Эдхи қайыр тілеумен айналысады. Бірақ оның басқа қайыршылардан айырмашылығы бар. Ол қазір 25 жекеменшік аурухана, 1800 жедел жәрдем көлігі мен 335 көмек көрсету орталығының иесі екен.
Ақшасы болмағандықтан ауру шешесін ажалдан арашалап алуға шарасы болмағанын ұмытпаған Эдхи енді мұндайды ешкім бастан кешірмесін деп, үй-үйді аралап жүріп жинаған ақшасына тұрмысы нашарларға арналған аурухана ашқан екен.
Қазір 85 жастағы* Эдхи әлі де көшеде қайыр тілеп жүр.
Қайыр тілеуді бастаған күнінен бастап әрбір тиынын жинап, 1951 жылы бір кішігірім диспансер ашыпты.
Көтерме бағамен сатып алған дәрі-дәрмектерді мұқтаж адамдарға нарықтағыдан төмен бағаға сатып, тұрмысы нашар адамдарға диспансерде тегін қызмет көрсетілуін қамтамасыз етіп жүрген Эдхи қоғамның сеніміне ие болғаннан кейін, қайырымдылық жасаушылар оның қайырымдылығына көбірек үлес қоса бастаған.
Оның жасағандары аз уақыт ішінде ел арасында таралған соң, оны көшеде қайыр тілеп жүргенін көргендер оның ақша жинау мақсатын білгендіктен садақаға деп көбірек ақша беріп, қайырымдылығына үлес қосқысы келгендер ол қайыр тілейтін көшеге жиірек баратын болған екен.
Өзінің "Қайырымдылық періштесі" деп аталуының себебін былай деп түсіндіреді:
*Бір ағылшынша ресурста жасы 90-ға таяп қалған дейді.
** Бассам Тариқ деген бір режиссер Абдул Саттар Эдхи туралы "These Birds Walk" деген деректі фильм түсіріпті. Тизері:
Дереккөздер:
Түрікшесі
Ағылшыншасы
Суреттер де сол жерлерден алынды
Әрі қарай

«Тұрмысы нашар кедей адам екенім рас, бірақ ақшаға мұқтаждығы менен де көп адамдар бар».