Үш сайттың ашылуы болды

Алматыда «Мемлекеттік тілді дамыту» Президенттік қоры «ҚазМұнайГаз» ҰК» Акционерлік қоғамының қолдауымен әзірленген балаларға арналған balbulaq.kz танымдық порталының, экономикалық тақырыптағы «economika-qun.kz» және мұнай, газ тақырыбына арналған kazmunai.kz деп аталатын үш интернет-сайттың ашылу рәсімін өткізді.

«balbulaq.kz» сайтында бастауыш класс оқушыларына арналған оқу-әдістемелік құралдар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, мультфильмдер мен басқа да түрлі бағыттағы ақпараттық-танымдық материалдар топтастырылған. Портал 6-10 жас аралығындағы балаларға арналған.
Әрі қарай