Жарияланымдар

zhomart1991
Толықтай болмаса да біразына келісемін, рас, теледидар, интернет адамның санасын улауда алдына жан салмай келуде. Бір жағы теледидардың бізге пайдасы да бар Асыл Арна сияқты арналармен. Тек соны таңдау өз еркімізде, жақсысын көріп, жаманынынан жиренуіміз керек
zhomart1991
Әбіләкім сөзі еш жерде кездеспейтігіне күйініп отқаныңды түсініп отырмын: )
zhomart1991
Екі рет тіркелдім, екеуі де минусқа батып ақ қалып ты ғой, Не пікір жаза алмаймын, не баға бере алмаймын, біраз пүлістеріңізді қисаңыздар? күтем
zhomart1991
балапан
баладан балапанға көшірдіңдер ме? Үйленейін деп отқан жігітті тым үлкейтіп көрсетіп жібермедің бе?
zhomart1991
Белсенді қолданушылардың қатарына қосылсам ба деп қоям
zhomart1991
Aldeken мырза! Осы жолдарды түсіндіріп өткеніңізге алғыстан басқа айтарым жоқ. Дей тұрғанмен қарсы жақтың да пікірін тыңдауларыңызды өтінемін:
Негізі бұның бастауы Фейсбукта басталды, «Көргенсіздің көгіне өрмелеп шығып күн болам, күн болмасам нақ маған» деп менің шығарған сілтемемді көшіріп шығарған тұғын. Онда да біраз пікірлер білдірілген, әрине келеке мазақ тұрғысынан. Енді бірі " Сатеке Стандарт Цементтің бастығы шіріген миллионер сен де жазып жібер, ат-шапаныңды киіп қайтасың" деген пікірлер болды онда. Одан кейін бірнеше минуттан соң, мақала көшіріліп Керекинфо сайтында шығарылды. Ал фейсбуктағы сілтемені кейіндеу өшіріп тастапты. Бұл жерде бір ғана мақсатпен шығарылғандығы айдан анық еді. Кейін посттың өзгергенін көріп қуанып қалдым. Итің жаман десе кеийтін қазақ емеспіз бе. Кім әкесін жамандатқызып қойып қарап отырады. Менің орнымда қай қазақтың баласы болса да сөйтер еді. Қайта мен боқауыз сөздерді еш қолданбай жазамын. "әкеңнің пәтағы" «кет нақ» деген сөздер менің ар-намысыма тимейді емес. Бірақ мен оған еш ренжімеймін. Себебі өзім де әзілді жақсы түсінемін. Сатыбалды менің жақсы сыйлайтын ағаларымның бірі десем артық айтқандық емес. Әзілдерін бағалаймын. Сөзіңіздің жаны бар, осы жерден доғарғанымыз сіздерге де маған да тиімді екені анық. Ал кеше кімде-кімнің ренішіне, ашу-ызасына тиетін сөздер айтып қойсам мың қайтара кешірім сұраймын. «Ақыретте таразыны ауыр басатын амал — Алладан қорқу мен көркем мінез» дейді ғой. Барлықтарымызға көркем мінезді болуды нәсіп етсін. Ойламаңыздар айыппұл туралы айтқан соң қорқыпты деп. Жоқ мен өз құқымды қорғауға толық шамам жетеді. Бұл жерде бірінші орын сыйластық. Барлықтарыңызға Алланың нұры жаусын! Керекинфо сайтының енді тұрақты қолданушысы боламын.
zhomart1991
үні шықпай қалушы еді…
Әке атын қорғамай үндемей қалғанша, құрып-ақ кете салғаным жақсы
zhomart1991
Булыққан адам бұлайша айқай салмас болар.
әкеңізді сілесін қатырып тапсырыспен жазады деп тұрса көрер едім әуселеңізді