Жарияланымдар

Opera Link- мүмкіншілігі.

  • Opera
Opera Link- мүмкіншілігі.

Интернетке кіретін біраз таныстарымның басында осы жағдай. Барлығы браузерін өшіруге немесе переустаеновка істеуг қорқады. Opera link-пен жақсылап танысып, үйреніп алса қорықпай өшіріп, Опера орнатылған жерге барып, өзінің сақталған сайт т.б. тез жүктеп ала-алатын болады. Мен асығыс видео түсіре салған едім. Жақында жақсы түсірілген видеоға ауыстыра саламыз.

Әрі қарай

Бұл тек қана бастамасы - surak-zhauap.kz !

Қазақ тілінде халыққа пайдасы тисін деген мақсатпен құрылған сайттардың бірі — szh.kz. Уақыт өте келе сіз білмеген талай сұрақтарға жауап алатын, қазақ тілді контентке бай үлкен сайт болады деген үміттеміз. Сайт 10.10.2010ж ашылды. Осы уақытқа дейін біз неге қол жеткіздік: Қысқаша жазып шығайын! Осы уақытқа дейін 1228-сұрақ, 3315-жауап, 1302-пікір алынған екен. Тіркелген қолданушылардың саны 360-қа жетіпті. Осымен тоқтап қалады деген сөз емес, бастамасы ғана. Жақында орысша нұсқасын қостық. Әзірге ол жерде профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр, кіріп көремін деген қолданушылар немесе орыс достары болса мекені http://szh.kz/rus/. Қосымша сайтқа тез кіру үшін szh.kz мекені де жұмыс істеп тұр. Уақытша қаржаттың жоқтығына байланысты, сайт келбетін қолдан келгенше өзіміз өзгертіп жатырмыз. Болашақта сайт дизайны істелсе де, қазіргі ақ-қара түсті келбеті өзгермейді деп отырмыз. Қазіргі уақытта Termin.kz сайтының мүмкіншілігін арттыру бағытында жұмыс істеп жатырмын.
Әрі қарай

Адамның түрі бір-біріне ұқсайды деген рас екен-ау! ;)

Күнделікті әдетке басып өзім кіретін сайттарды аралап отырған едім. Маліметтер.орг сайтына қонаққа келіп аралап отқан жайым бар. Кенет Санжар Сұлтанов атты мақалаға көзім түсті. Оқи келе шет елде жүрген, Қазақстандық жас режисер екенін білдім. Толық білгім келіп суретіне тап болдым. Оо-ппп-аааааа! Мынау бауырым тура құйып қойған өзіміздің Қара Сақал емес па деп күліп отырмын.)) Байқап қараңыздаршы шынымен де, адамға адам ұқсайты деген осы екен ғой.
Ұқсастық
Әрі қарай

Қандай лақап ат таңдасам екен?

Қазіргі интернет кеңістігінде Лақап атпен жүру, өзінің қолтаңбасын қалдырғандай белгі беретін секілді. Кейінгі кездері өзіме де бір ат таңдағым келеді, бірақ онымнан түк шықпады.
Мысалы:

Аршат «Asau Bota» Оразов
Асхат «urimtal» Еркімбай
Садық "Қара Сақал" Шерімбек т.б.

Сіз қандай, қалай лақап ат таңдауға кеңес бересіз!
Әрі қарай

Құлақтан кіріп бойды алар...

Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Жүрекке түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй!-деп Абай атамыз айтпақшы, Қазақ халқы шіркін жалғыз қалса арқасы қозып, ән салады емес па?! Шіркін ауылда, қырда қой бағып жүріп, ән салған кездерім есіме түсіп кетті ғой. Негізі әңгіме бұл жөнінде емес еді.
Әрі қарай

Сұрақ-Жауап сайты!

surak-zhauap.kz: Сұрақ-Жауап сайты!

Қазақстандық қолданушыларға тағы да бір қазақ тілінде сайт жол тартты. szh.kz -бұл сұрақ және жауап сайты. Көкейіңізде сауал жүр, кімнен сұрарыңызды білмейсіз? Онда сіз сұрағыңызды szh.kz сайтында жариялаңыз. Сайт қолданушыларынан пайдалы да, мәнді жауап алыңыз.

Қойылған сұрақтарға жауап жазып, дауыс беру арқылы балл жинаңыз. Өзіңіздің білгеніңізбен бөлісіңіз. Жауаптарға пікір қалдырыңыз немесе жауаптың өз нұсқасын ұсыныңыз.

Сайт сіздерге бағытталған. Тіркеліңіз! Дауыс жинаңыз! Өзіңіздің білгір Маман(экперт) екеніңізді көрсетіңіз!
Әрі қарай