Жарияланымдар

Мәзір: Салындысы бар қызанақ

Сәлем
Менің мәзірім тақырыпта тұрғандай «Салындысы бар қызанақ» деп аталады. Өте аз уақытта жасалатын мәзір керек болғандықтан, мен ең қарапайым түрін жасап көрдім.
Ол үшін:
  • 2 қызанақ
  • 1 жұмыртқа
  • 1 қияр керек
Ас Кок жылдам тағамдар байқауы: Мәзір: Салындысы бар қызанақ
Әрі қарай

Мен де жаздым эстафета

Ұнайды:
Адамдармен сырласқан — ай бір демалып қалам
Бәрімен амандасқан — таныстарыңның көптігін білдірсе керек.
Жұрттың мені өсектегені (жамандаса да) — назарда болғаным деп түсінем.
Жақсы блогтарды оқыған — Рауан Сәбитұлы сияқтыларды.
Түрлері әдемі, жан -дүниесі қарапайым адамдар.
Жалғыздық — кейде ешкім мазаламаса екен деймін.
Ноутбугім — «жаным» ғой

Ұнамайды:
Мақтаншақ адамдар.
Маған: «Көп сөйлемейсің, дә?»дей беретіндер.
Қараңғылық.
«Жығылғанға жұдырық»деген сөздің үнемі орындалатыны.
Бірнеше тіл білмейтінім.
Жұмысымның автобустан түскен соң ұзақ жерде орналасқаны.
Бал қоймайтын сараң мұғалімдер.
Жағымпаздар.

П.С: Эстафета деген қауымдастыққа қалай қояды?
Әрі қарай

Конвиктпен кездесу )

Сәлем, сәлем!  
Бүгін Керекинфода бәріне смс жіберудің шебері Конвикт деген мырзамен де бетпе-бет жүздесудің сәті түсті. Алматыға Тараздан жас қаламгерлер форумына келіпті. Виртуальді өмірдегі аралас-құралас досым ғой деп бір Алматыға келіп қалыпты жағдай сұрасып, танысып-білісейік деп шештім.

Сөйтіп, түскі үзілісті пайдаланып Конвиктті де көрдік  Оның айтуынша, жүзбе-жүз көрген Қарасақал, Теріскей, Өркеннен соңғы төртінші блогшы екенмін  Саябақта әңгіме-дүкен құрып отыр едік, Ақзере де түскі үзілістен қайтып келе жатыр екен. Сөйтіп, ойда-жоқта мини-кездесу болып кетті
Әрі қарай

Отбасы құндылық па?

Режиссер Болат Атабаевтың Қазақ журналистерінің клубында жас журналистерге арнап тренинг өткізіп жатқанынан хабардар шығарсыздар.

Айтайын дегенім, тренингтерінің бірінде жеті түрлі құндылықтардың ішінде әлеуметтік құндылыққа тоқтай келіп, отбасы,
Әрі қарай

Кімнің жолы болғыш?.. (Білімділер мен білімсіздер)



Менің Айдос атты танысымды оқудан шығарып тастапты.Сабаққа қатыспағаны үшін.

Кәдімгідей жүрегім сыздады. Өйткені, мен білетін Айдостың білімі ұшан-теңіз-етін.

Заң деген дүние бар, құрып кеткір қатып қалған қағидасы тағы бар, оқу жүйесі бойынша, олардың Айдосты оқудан шығаруы орынды-ақ.
Әрі қарай

Шығармашылық пен мінез...

Аяңдап келеміз. Күн-ару жер-әлемге шұғыласын аямай төгіп тұр. Жоқ…Бұл шуақ бүгін тек жалғыз аяқ сүрлеумен келе жатқан екеумізге ғана нұрын сеуіп, тек екеумізге ғана қызмет ететіндей…

Мен мынау жалпақ әлемді, дүбірлі дүниені ұмытқам… Қасымда –ақын. Мен сонша армандап, өлеңдерінің әр тармағын жаттап, жүрегімнің төріне қонақтатқан ақын… Мен сырттай құлай сүйген адам.
Әрі қарай

Блогқұрылтай ноутбукпен бірге))))))))))

«Ақсақ қой түстен кейін маңырайды» деп сөге көрмеңіз) Блогқұрылтайда блогкэмп сымсыз желісі мен ноутбуктардың атқарған қызметі орасан зор болғаны рас)))

Ерлан Қарин презентациясы. Ноут иесі кім екен?)
"
Әрі қарай

8 наурыз бен ҚазҰУ

Бізге осы апта аралық бақылау жүріп жатыр. 7 апталық біліміңді қорытындылап, балл қояды. Кейбір жомарт та «түсінігі бар» ағайлар 8 наурызға сыйлық ретінде кейбірімізге үстеме балл сыйлады.)) Ал, үнемі тәртіппен жүретін талапшыл Нұржан ағайымызға мерекені пайдаланып балл үстемелетеміз деген қулығымыз іске аспады. «Қайдағы мейрам? Әлі табандай 4күн бар ғой!»деп құтылып кетті. Көрші аудиторияда болып жатқан 8 наурызға арналған көңілді кешке де бармастан, терлеп-тепшіп, бақылау жұмысын жаздық.

Әйтеуір, университет абыр-сабыр. Қай корпусқа кірсеңіз де, гүл немесе жұмсақ ойыншық ортасында айналасына шуақ шаша сыңғырлай күліп кетіп бара жатқан гүл-қыздарды көрер едіңіз.
Сабақтан соң факультеттің бірінші курс ұлдары ұйымдастырған кешке «арнайы шақыртумен» бардық. ))

-1- курстың қызы кетіп бара жатыр.

-Қыздар, қыздар, сұлу қыздар…

-2- курстың қызы кетіп бара жатыр.

-Жанарың оттай жанып, жүрегімді шоқтай қарып…

-3-4- курстың қызы кетіп бара жатыр.

-Асыл әжем, асыл әжем…

Иә, сөйтіп бізді «әже» деп ардақтап төрге отырғызып, концерт берді)

Одан шығып, тағы да Студенттер сарайында ҚазҰУ-дің 8наурызға арнап ұйымдастырған концертіне бардық. Проректорымыздан бастап, университет академиктері, профессор ағайларымыз, студент жігіттер өз өнерлерін көрсетті. Бастысы — шынайы. Көзілдірігінің үстімен қарап дәріс оқитынына ғана үйренген кәрі ағайларымыз баладай жадырап көз алдыңда ән шырқап тұрса қалай болады? Жылдам әуенге ілесіп, қорбаңдап билесе ше? Мен бұрын-соңды залдың мынадай құрметпен қол соққанын көрмеген шығармын. Ағайларымыз да, апайларымыз да, өзіміз де мәз-майрамбыз. Асылы, мереке дегенің адамдарды бір-біріне жақындата түсе ме деймін, «Мейрам» түсінігін ойлап тапқан адамға кім-кімнің де алғысы шексіз болса керек.
Көгілдір көйлегі көлбеңдеген ерке көктеммен ере келген әлемнің сәнін келтірген әйелдер қауымының мейрамы- 8 наурыз құтты болсын!
Әрі қарай

Сабақ жоқ күн )

Бүгін бізге сабақ жоқ) Әр аптаның сәрсенбісі -демалыс. Осыны пайдаланып, түске дейін ұйықтадым :)))
Бәлен сағат ұйықтағанымды қайтейін, неше түрлі түстер көріп ұйқым жөнді қанбады. Бір құрбымның «Адамның ұйқысының қанбауы-түс көруінен» дегені рас-ау деп қалам осындайда :)))
Сағат екіде факультетте Дидар Амантайдың кітабының тұсаукесері болады дегенді естіп рухани байлық алып қайтайын деп корпусқа қарай тарттым. Барынша жақсы өтті. Дегенмен, кемшіліксіз кеш болған ба, Мейіржанның сынын естігенде(оқығанда) «Баяндама жаса» дегенде, жасамағаным дұрыс шешім болған екен деп ойладым.
Әйтіп-бүйтіп жүргенде қараңғылық та жер-әлемді қымтап үлгерді. Зымырандай зымыраған уақыт десеңші…
Айтпақшы, бір-екі сағат бұрын Теріскей мен Қарасақал ҚазҰУ-дің жанынан өтіп бара жатып соғып кетті. Ол екеуінің жерлес екендерін білмеппін:)))
Әрі қарай

Мұқағалидің 80 жылдығы Жазушылар Одағында қалай тойланды?..

Блог - ushkin: Мұқағалидің 80 жылдығы Жазушылар Одағында қалай тойланды?..
Бүгін, 9-ақпан қазақ әдебиеті, қазақ поэзиясы үшін ерекше күн…Ақиық Мұқағалидің туған күні екені әмбеге аян.

Осы керемет күнді қазақ қайтіп тойлады? Қайтіп мерекеледі? Ол жағын өнер, өлең ордасы Жазушылар Одағында өткен кеш салмағынан да аңғаруға болатын шығар.
Мұқағали ақынның 80 жылдығына орай жоғарыда аталған шаңырақ ән-жыр кешін өткізді. Кеш түндігі Мұқағалидің өз даусымен оқылған өлеңмен ашылды.Одан әрі арнайы дайындалған сюжет көрсетілді. Сюжетте Мұқаңның табиғат қашаған тас мүсіні де бейнеленген. Осы тұста жүргізуші Бақыт Беделхан бұл сюжеттің асығыс дайындалғанын атап өтті. Көрермен ретінде көкейімде бір сұрақтың ұшы қылт ете қалды: «Осынау біртуар ақынның 80жылдығына арналған сюжеттің атүсті әзірленгені қалай?»
Әрі қарай