Блогкэмптен жаңалық күтеміз
2013 жылғы блогқұрылтайға қатысып келген «Керекшілер» көрген-білгендеріңді жазуды қашан бастайсыңдар? Қызығы мен нәтижелерін күтіп отырмын…
Әрі қарай


Досы көпті жау алмайды деген халық даналығы бар. 100 теңгең болғанша 100 досың болсын деп орыс мақалын да аударып алып қолданып жүрміз. Достың бары жақсы ғой әрине. Бірақ менде көп емес.

Дұрысын айтсам, контактілерімдегі кейбір таныстарыммен аразбын. 2-3 жігіт бар қашан қоңырау шалсам да «Бұл кім?» деп жауап береді. «Мен ғой, номерімді өшіріп тастағансың ба?» десең «Ой, телефонды жоғалтып алғанмын. Номерлер сонда кетті» деп құтылады. 1 рет жарайды, 2 рет – келістім. Осы күнге дейін аз дегенде 10 рет осылай істеген шығар.
Бір жақын досым студент кезінде осындай тақырыпта ғылыми жұмыс қорғап еді. Орыс тілді, материалистер физикалық есептеулер жоқ деп күресінге тастады. Ойларын бағалап көріңіздер:
Босқа бергенше досқа бер. Жаңа заманға арналған мақал түрі. «Секс по дружбе» дегеннің баламасы екен. Біраз болыпты шыққанына. Артта қалып қойыппын. Артта қалу демекші, басқа жағынан да кеш келеді екенмін.