№4 эстафета: Өлеңді аудар
Помню, как она глядела —
Помню губы, руки, грудь —
Сердце помнит — помнит тело
Не забыть. И не вернуть.
Но она была, была!
Да, была! Все это было:
Мимоходом обняла —
И всю жизнь переменила.
Сілтеме

Тіпті, жұмыс орындарын көбейтіп, мамандыққа даярлау көзделген. Екінші нысан Алматыдағы 107 адамға арналған балалар колониясы. Қысқа қайырғанда, түрмені тек жазалау орнынан, қоғамға бейімдеу нысанына айналдыруға басымдық берілмек.
















8 сыныпта оқып жүргенде «тұтқа» деген ойын ойнайтынбаз. Есіктің тұтқасын ұстамау керек. Кім 3 рет ұстап қояды — сол жеңіледі. Бірде Жасұлан деген досыммен ойнадық. Жеңілген адам «Мен — осырақпын» деп 3 рет айқайлауы тиіс. Мен жеңілдім. Мектептің ішінде айқайлауға ұялып, далада айқайлауға келістірдім.
Ең алғаш Астанаға студент болып келген кездері «Нағыз қазақ осылар»(Вот настоящий казах) дегенде кекетіп жатқандай көретінмін. Бірақ, ойымды айтуға орысшам жетпейді. Үндемей жүре бердім. Орысшам жетілгенде бәріне айтармын дегенмін іштей.
Біз жалпы есімді жалқы есімге айналдыруға құмармыз. Көп нәрсені өзімізге жақын заттың атымен атаймыз. Мысалы: Жергөкті(подгузник) — «Памперс» дейміз. Шоколад десе — «сникерс», ыдыс жуатын сұйықтықтың бәрін бірдей «Фэйри» деп атаймыз. «Ксерокс» — көшіру құрылғысының бір маркасы. «Газель» — барлық шағын автобусқа қатысты. Солай солай кете береді.
Бір танысымның 3 жасқа толған қызының айтқаны еді бұл. Өткен аптада туған күнін атап өтіп, тортты үрлерде ұзақ ойланды бүлдіршін. Ойланды да дәл осылай дүрс еткізді. Ауылдан келген атасы «Не дейді? Не дейді?» деп түсінбей қалды. Әрине, ауласы өзінікі, қолындағы немерелері еркін асыр салып ойнайтындықтан қайдан түсінсін. Қыс бойы 4 қабырғаға қамалған сәби қоғамның белең алып бара жатқан созылмалы дертін ашып тастады осылай. Бүкпесіз.
Менің ең алғашқы би кештерім мен отырыстарымның әуендері ретро бола ма деген сұрақ мазалап жүр кейінгі кезде. Қазір 80-90 жылдардың әндеріне әлі күнге жер тебініп билейтініміз рас. Тіпті, «Ретро 80-90» деген атаумен арнайы ашылған орындар да жетерлік. Бұл — сол кездегі әндердің өлмейтіндігін көрсетсе керек, меніңше. Классикалық музыкалар өз алдына.