Жарияланымдар

Төрт мезгіл сыр шертеді...

Блог - temir_88: Төрт мезгіл сыр шертеді...
Сүйіктісін асыға, сабырлы кейіппен күте жерге Қыс кіріп келеді. Жүзінде күлкі болады… Сүйіктісін көремін-ау деген үмітпен асықтығой, шіркін! Жайдары мінезін танытты… жерде аздап күн жылып тұрады. Уақыт өтті, күткен ғашығы әлі келмеді. Ашуға булықты, жүзінің суығы сондай аққан жасы, қар болып жерге түсті. Келіп қалар деген үмітпен ашулы жүзін аздап күлімсіретті. Келмеді… Қаһарлана ашу шақыра бастады, қатты күрсінді… күрсінісі жерге жел болып келді, ашу үстіндегі күрсінісі боранға ұласты. Еңк-еңк жылады, аққан жасы қар болып жерге домалады. Аздап тағы күлімсіреді, жердегі қар ери бастады… шыдамы таусылып, жүзін қайта мұң басты, жерде қатты аяз болды. Еріген жасы мұз болып қатты… жер тайғақ болды. Сүйіктісін сарыла күткен Қыс уақыт жақындаған сайын алып-ұшып, жүзіне күлкі үйіріле бастады… жерде күн шықты. Тағыда көре алмай қаламынба деген ой келді… түрі бұзылды, ашуын сілкіп-сілкіп жіберді… жерге қайта қар жауды...үһ! деп қатты күрсініп еді… жерде жел тұра бастады. Көктемді есіне алып күлімсіреді, өткен жылы көре алмай кеткен өкініші қайта оралып, жерді қайта аққан суық жасымен көмкеріп тастады. Осылайша сүйіктісін жолықтыра алмай Қыс жолымен кете барды…
Сүіктісін сағынған Көктем алып-ұшып жүгіріп келеді… жүзінде күлкісі бар еді… бірақ сүйіктісіне жете алмады… тек Қыс қалдырған суық жасын қолына алып, бауырына басып өксіп-өксіп жылап алды. Азда болса сүйіктісінен қалған қарды көктемнің көз жасы шайып жіберді. Сүйіктісінен қалған естелігін жоғалтып алғанына қатты өкінді...үсті басы быт-шыт болды… жер лайланды… күрсініп әбден жылады… жерде күн күркіреп, жауын жауды. Аздан соң есін жыйды...Қысты іздеп барамынғой… мүмкін жолығармыз… Сондықтанда өзімді күтейін деп әрлене бастады. Сұлуланды, тез-тез сүйіктісінің жүрген жолымен қуып жетпек болды. Асықты. Әлсін-әлсін жылап алады… жерде жауын жауады. Бойын қайта түзеп, қайта әрлене бастайды… көктемнің аққан жасынан жер көктеген үстіне көктейді… Осылай сұлуланып сүйіктісінің ізімен кете береді… жерде жылу пайда болады.
Жаз Көктемнің сүйіктісінің жолымен асығып бара жатқанын көреді. Қуанады, ақ жол тілеп шығарып салады… жерде күн шуағын шашып ыси бастайды. Үнемі күліп жүретін Жаз, Көктемнен қалған әдемі естеліктерді жылытып, одан сайын құлпырта түседі. Сүйікті Күзді сағынып, күтіп жүреді. Күз келеді деп айналаны әрлейді… жерде жемістер пісе бастайды, күн шуағын аямай төгеді. Төзімі таусылады, еңкілдеп жылап алады, Жаздың аққан жасы жерге ақ жауын болып тамшылайды. Әбден шаршайды, әлсін-әлсін күрсініп қояды… күрсінісі жерге самал жел боп келеді. Осылайша асыға күткен сүйіктісі Күздіңде келер уақыты таяп қалады. Қуанады, бірақ көре алмай қаламын-ау деген өкініші жерге аздап салқындық сыйлайды. Сонымен артына жәймендеп көз тастап кетер жолымен жылжи береді.
Күз асығып Жазды көремін деп жүгіріп келеді. Өкініштісі, тек кетіп бара жатқан Жаздың арқасынан қарап, қол бұлғаған күйі қалады. Қарап ұзақ тұрады. Тым болмағанда көрдімғой оны, деп сағынышты жүзіне күлкі үйіріледі. Жерде Жаздан қалған аздаған жылулық сақталып тұрады. Сүйіктісен қалған естелікті бұзғысы келмей сүйсініп ұзақ жүреді. Дегенменде шыдамы бітіп, кеудесін өкініш кернеп жылап қоя береді. Күзден аққан жас жерге сел болып ағады. Қатты күрсінеді… жердегі жылу бір пәсте таусылып, салқын түсе бастайды. Өксігін баса алмай Күз ұзақ жылайды, ашуға булығады… жерде қатты жауын жауып, сұрланып, жел тұрады. Буырқанып, бұрқан-талқан болған Күздің көзінен жас кетпейді.Осылайша өзінің сүйіктісінің жолымен кете барады… Осылайша ғашықтар көрісе алмай әлемді айналып жүре береді.
Әр мезгіл өзінің сағынышына қарай сыр шертетін сияқты көрінді мен үшін. Сондықтан тек өз ойыммен қысқа етіп жазып шықтым. Биылғы Қыс сүйіктісін қатты-қатты сағынған секілді болдыма? Қалай өзі? Ашуы әліде қайтар емес.
Әрі қарай

Өзіңіздің табиғи сұлулығыңызға демеу болыңыз

Сұлу болудың сыры денсаулықты күтуден басталады. Әркімде өзін жақсы көруі керек және әрқашанда өзіңізді күтіңіз. Шынайы сұлулыққа қол жеткізудің сырларын атап көрсетейік
1. Тамақтану уақытын сақтау керек. Таңертеңгі ас мәзірінде жұмыртқа немесе сұлы ботқасы болған дұрыс. Тәтті тоқаш, кәмпит, шербет дегендердің орнына жеміс-жидектерді, кептірілген өрік-мейіз, бал сияқты пайдасы көп тағамдарды тұтұнуды әдетке айналдыру керек.
2. Күнделікті 8 стакан таза су ішіп тұру керек. Су ас қорыту жүйесін жақсартып, ағзаның температурасын реттейді. Тамақтанар алдында 15 минут бұрын 1 стакан су ішкен жөн.
3. ас қорыту жүйесі мен ағзамыздағы зат алмасу процесін жақсарту үшін таңертең 1 ас қасық асқабақ, зәйтүн, күнжіт т.с.с. өсімдік майын ішіп тұру керек.
4. Кешкісін ертерек жатып, таңертең ерте оянғанды әдетке айналдырыңыз. Біршама күн ішінде ағзаңыз осы графикке үйреніп өзіңізді жақсы сезінетін боласыз. Ұйқыңыз келмесе бал қосып сүт ішіп алыңыз.
5. Айына 2 рет моншаға барып тұрыңыз. Моншаға түскен адам жаман ойлардан арылып, өзін жақсы сезінеді. Ыстық бу шаш пен тырнақтың жақсы өсуіне ықпал жасайды. Теріңізде жақсарады.
6. Түймедақ(ромашка) немесе ақжелкен (петрушка) қайнатып, суыған кезде арнайы ыдысқа құйып, мұздатқышта қатырыңыз. Қатқан мұз кесегін күнде таңертең бет мойыныңызды сүртіп жүріңіз. Осының арқасында теріңіз жасарып қалады.
7. Бетіңізге бал қосылған сұлы жармасын жағыңыз. Сондай-ақ жеміс-жидектердің тілімін қойып, 10-15 минут жатып демалыңыз. Жәнеде көзіңізге қияр, картоп тілімін, қою қара шәйге малып мақта дискісін қоюға кеңес береміз.
8. Аптекалардың бәрінде дерлік сатылатын балшық ұнтақтарын жылы суға салып араластырып бетіңіз бен мойыныңызға жағып, 15-20 минут қалдырыңыз. Соңынан жылы сумен жуып тастаңыз. Балшық беттегі қара дақтарды, безеуді, бөріткенді, әжімдерді кетіреді.
9. Спортпен үнемі шұғылданыңыз. Ол үшін арнайы фитнес клубқа бару шарт емес, тек таңертеңгісін 10-15 минут таңғы жаттығу жасаңыз (жүгіріңіз немесе жаяу жүріңіз), жұмыс уақытысындада жиі-жиі үзіліс жасап қозғалыста болыңыз.
Мүмкін осы аталғандарды көпшілігіміз білерміз, мүмкін сіздерге керекке жарап қалар деп газет-журнал қиындыларынан тұратын альбомымнан сыр шерттім. Алла бұйыртса 11 күннен кейін көктемде шуағын жайып келіпте қалады. Сұлу болайық арулар!
Әрі қарай

Біле жүріңіз, бір керекке жарап қалар!

Демалыс күндері ауылға әке-анамның үйіне барған едім. Үйді жинастырып жүріп газеттің, журналдың қиындылары жапсырылған менің ескі альбомымды тауып алдым. Оқушы кезімде осындай пайдалы кеңестерді жинаумен әуестенетінмін, қазір сол альбомды анам жаңа пайдалы кеңестермен толықтырып жүр екен (тастауға қимағанғой) содан үзінділерді сіздердің назарларыңызға ұсынамын
Танертеңгі 5 минуттық ұйқы зиян екен…
Көпшілігіміз танертеңгі будильниктен кейін тәтті ұйқымызды қимай 5 минутқа жата тұрамыз. Дегенмен, бұл 5 минут денсаулыққа кері әсер етеді екен. Ғалымдардың айтуынша, адам ағзасы ұйқыдан оянардан бір сағат бұрын дайындалады екен. Дененің температурасы көтеріліп, ми терең ұйқыдан шыға бастайды екен. Сонымен қатар танертеңмен денеге күш беретін ағзада дофамин заты өңделеді. Ал, ұйқымызды 5 минутқа созудың салдарынан аталған процестер майда бөліктерге бөлініп кетіп, ағзаның қалыпты жұмысы бұзылады екен. Соның салдарынан адам күні бойы өзін шаршаңқы сезінеді. Себебі, 5 минуттық артық демалсы миды қайтадан терең ұйқыға тартады екен. Ал, осы сәттегі будильник ұйқыға қайта кеткен адамды мүлдем теңселтіп тастайды. Сол үшін ғалымдар төсектен уақытылы тұрып кетуге кеңес береді. Бірнеше бөлікке бөлінген ұйқының денсаулыққа келтіретін зияны көп дейді. Мамандар ең бастысы ұйқының кестесін түзіп, сол кестемен жүру керектігін және уақытылы ұйықтап оянудың адам ағзасына үлкен күш беретінін айтады.

Кофені ішуге қарағанда иіскегеннің пайдасы көп
Ғалымдардың айтуынша, күнде таңертең кофені ішпей-ақ сергек жүруге болады екен. Ол үшін таңертең жаңа қайнаған кофені иіскегенде жеткілікті. Айтуларынша, кофе қайнай бастаған кезде ұшып шығатын алколидтер барлық ағза мүшелеріне тарап адам денесін босаңсытып барып лезде сергіте алады екен. Ал қайнаған кофенің мұндай қасиеттері жоқ. Себебі, қайнау процесінде алколидтер фенолға айналады да, фенол өзге қасиеттерге ие болады. Сонымен қатар, зерттеу жұмыстары кофенің иісі ми жұмысына жақсы әсер етіп, адамның иммундық жүйесіне оң ықпал ететіндігін көрсетті.

Күнделікті жанымыздан ажырамастай боп кеткен сөмкенің инфекция тарататын кері әсері бар екен…
Қыз-келіншектердің әрқашанда жанынан табылатын сөмкесі мыңдаған бактериялардың мекені екен. Ұлыбританиялық Initial Washroom Hygiene ұйымы сөмкелердің жұқпалы аурулар таратуы мүмкін екенін мәлімдеген. Мамандар әйелдердің әрбір бесінші сөмкесі дәретхана орындығынан да лас болатынын анықтаған. Олардың айтуынша, сөмкедегі ең лас зат- қолға арналған крем, опа, кірпік бояуы. Қазіргі таңда кез-келген қыз-келіншектің сөмкесінен табылар бұл заттарды бактерияға тұнып тұр деседе, ешкім ол заттардын бас тартпақ емес. Сондықтанда, сарапшылар біздерге сөмкемізді күн сайын бактерияға қарсы майлықтармен, арнайы гельдермен тазалап тұруға кеңес береді.

Тарақанныңда емдік қасиеті бар екен
Тарақан – ең сұмпайы жәндіктердің қатарына жатады. Оның жыбырлап жүргенінің өзі адамды тітіркендіреді. Ал оны емге пайдалану жайында біреуге айтсаң, әрине, ала тонын ала қашуы таңсық емес. Шындығында тарақанның бойында адамды аурудан емдеп жазатын керемет дәрулік күш бар екен. Тарақаннан дәрі жасау үшін 1- оны өлтіріп, сыртқы қара қабатын кептіріп қояды. Қабық әбден құрғап кепкеннен кейін, үстіне су құяды.2- дайын қабыршақтың үстіне өсімдік майын, спиртті құйып араластырып, 3-4 күн қараңғы жерде ұстап тұндырады. Бұл тұнбаны тыныс тарылып ауырғанда кеудеге, ал өкпе ауырғанда арқаға жағу керек. Егер судың орнына таза керосин қолданса күйікке, іріңді кетіру үшін және сынған жерді тез жандандыру үшін қолдануға болады. Тамыр созылғанда да қолдануға болады. Сонымен қатар еркек қуатын арттыру үшін де пайдаланса керемет көмектеседі екен.

Таза бетті қалайсызба?
Көбіміз беттегі безеулер, ісінулер, қара дақтар, қызару ішкі құрылысқа, күйзеліске байланысты пайда болатынын біле бермейміз. Бет тазалаушы құралдар уақытша әсер ғана береді. Олардың әсері тек бар безеуді ғана кетіріп, оны пайда болдыратын себептермен күресе алмайды. Өйткені, терідегі кемшіліктер ағзада пайда болады, сол үшінде оған іштей әсер ету керек. Ол үшін жеміс қышқылының құрамында кездесетін С дәруменін қабылдау қажет. С дәрумені терінің жаңаруына көмектесе алады. Антиоксиданттар-полифенолдар қан айналымын жақсартады. В 6 дәрумені жүйке жасушаларын өзара жақсы байланыстырады, ал сульфат магний тері кемшіліктерін жояды. Сондықтан дәрумен жинағы мен био қосымшаларды ішуге кеңес береміз.
Е дәрумені- ферменттер мен жасушалардың құрылымдарын күйреуден сақтайтын антиоксидант, ағзаның қартаую процесін баяулатады. Е дәрумені өнген бидайда, соя бұршақтарында, жүгері және мақта майларында, маргариндерде, жаңғақтарда болады. Н дәрумені қалыпты зат алмасу, нуклейн қышқылдарын жинақтау, қызыл қан түйіршіктерін шығару үшін қажет. Оның негізгі көздері- бауыр, көк шөптер, жаңғақтар, соя өскіндері, асбұршақ. Сұлулық үшін күрестегі тағы бір көмекшіміз- Р дәрумені. Р дәрумені- қан тамырлары қабырғаларын нығайтуға ықпал етеді. Бұл теріміздің авитамиоздан пайда болатын ішкі теңгерімсіздікпен ғана емес, қоршаған ортаның теріс әсеріменде күресуге көмектеседі. Оны цитрустардан, итбүлдіргеннен, мүкжидектен, анардан, аскөктен, қара өріктен және итмұрыннан табуға болады.

Арықтағыңыз келсе
Диетолог ғалымдардың мәлімдемесі бойынша күн сайын екі стакан сүт ішіп семіздікпен күресуге болады екен. Сүтті жәйғана ішіп қоймай, адамның денесіде үздіксіз қозғалыста болуы керек дейді. Екі жыл бойы жалғасқан зерттеу жұмыстарынан кейін ғалымдар осындай қорытынды жасады. Мамандардың айтуынша, сүт ағзаны бірден арықтаудан сақтайды. Ал егер адам артық салмақтан лезде арылған жағдайда оның ағзасында түрлі ауытқушылар орын алады екен. Сондықтанда арықтаудың қауіпсіз жолдарын таңдағаныңыз жөн. Сүт- ол өзге қоспалар секілді биохимиялық жолмен жасалмаған, яғни ол табиғи өнім және әрқашанда қол жетімді бағада.
Бүгінге осы, қалғанын кейінірек жазармын.
Әрі қарай

Жаным & Балжана; Головкин & Адама

;l
— Жан? А, жан?
— м?
— мені сүйесіңбе?
— мхм
— онда бүгін түнді менімен бірге өткізуіңе тура келеді)))
— немене? Қалай сонда?
— ну, енді… бүгін түнде Монакода өтетін Головкиннің Адамамен бойы бар, соны көреміз)))
— угууу, мен ондайды дымда түсінбеймгооо
— енді түсінуіңе тура келеді, үйрене бер жан))) Головкинді әлі талааай көретін боласың менің жанымда, деп от души күледі. Басталған кезде хабарласам жан! Ок?
— ок!
Сомен не керек сенбінің түнін телевизордың алдында, телефон құлағымда өткізуіме тура келді… Оның Головкин десе ішкен асын жерге қоятынын білетінмін. Жарнамалардан Головкиннің Адамамен түсетініненде хабардар едім.
Түннің жарымы.....ұйқым келіп барады...ұйықтамай отырып көремін деп уәде беріп қойып едім, содан амалсыз шыдап отырмын… телефонның ар жағында ол: прием, прием, балапан ұйықтап қалма))деп қояды… Уһ, әйтеуір басталды-ау, 1-2… раундта түсініп отқаным жай ғана қызыл-жасыл перчаткалы екі боксшының әрлі-берлі сермеліп жатқан қолдары мен әлсін-әлсін тиіп жатқан соққылары, бойды қадағалап жүрген бабочкалы рефэри...
5-раунд… Адама Головкинге екі бір әжептеуір соққы бергендей болды, Головкиннің ашу клеткасына тиіп кетті-ау деймін, Адаманы канат жағалатып жіберді-ау: 
6-раунд. Головкиннің соққылары салмақтанып, жиілеп кетті, қозғалысы бұрынғысынан әлдеқайда шапшаңдана түсті. Уһ, Адамада ашуға булықты))) Қызу бой болып жатыр, угуу Адама Головкиннің темір соққысынан ұшып түсті))) 1.2.3...7.8… Адама беріспеді… шапшаң қозғалыстар, қатты соққылар…
7 раунд. Адама шаршады, тәлтіректей беріспей жүр… дегенмен осы сіздің соңғы раундыңыз-ау сірә, Осуману Адама мырза! Иә, жеңіс Қазақстандық Геннадий Головкиндікі екені айқара байқалды. Желбіре көк байрағы қазақтың!  Тамаша бой болды)))  Жанымды мәз қыламын деп өзімде мәз болдымғой)))  Сіздерде тағы бір көріп шығуға қарсы емес боларсыздар vk.com/ggolovkin қарап көріңіздер уақыттарыңыз болса
Әрі қарай

№ 6 эстафета: Өлеңді аудар

Бүгін маған керектің бұтағы алғаш рет тиді.Торғай сізге рахмет Сондааай қуаныштымын. Ал «Бисмилляһ» деп бастайын!
«От улыбки хмурый день светлей» мультфильм өлеңінен үзіндіні таңдап алдым, сіздердің аударған нұсқаларыңыз ерекше болады деген үміттемін!!!

От улыбки хмурый день светлей,
От улыбки в небе радуга проснется…
Поделись улыбкою своей,
И она к тебе не раз еще вернется.

И тогда наверняка,
Вдруг запляшут облака,
И кузнечик запиликает на скрипке…
С голубого ручейка
Начинается река,
Ну, а дружба начинается с улыбки.
С голубого ручейка
Начинается река,
Ну, а дружба начинается с улыбки.
Әрі қарай

Жұдырықтай жүрегімде, мұхиттай сезім бар...

Блог - temir_88: Жұдырықтай жүрегімде, мұхиттай сезім бар...
Кеудемдегі жүрегім жұдырықтай болсада, мұхиттай үлкеееен сезімім бар. Сүйемін! Иә, сүйемін өмірімді… Қайсар мінезімен тәнті еткен, қиналғанда анамның, біздің мықты тіренішіміз бола білген асқар таудай әкемді сүйемін! Жүзінен жылу мен мейірім сезілетін, жүрегінен шексіз мөлдір махаббат сезілетін аяулы анашымды сүйемін! Бауырларымды жанымдай жақсы көремін. Маңдайын әжім басқан, ақжаулығын тастамай тағатын, мені көрсе балаша қуанып шөлп-шөлп етіп сүйетін әжемді жақсы көремін. Сырласа білетін достарымды сүйемін.
Таңмен таласа шығып, шұғыласын көкке жаятын күнді сүйемін. Қызара атып келе жатқан кун нұры… Күн көзінен нәр алатын, жайнап, жайраңдап тұратын, қыр- сыры көп тылсым табиғат. Сылдырап, мөлдірей аққан бұлақ… бірі самғап ұшып жүрген, бірі сыңғырлай ән салатын әдемі құстар..Әдеміліктің символы болып, жайқалған әсем алуан түрлі гүлдер. Сол гүлді жағалай ұшқан көбелек, бал жинаған аралар… Күн күркірей тамшылап жауған ақ жауын. Ақ жауынның тамшыларына шомылған әр түрлі жасыл желек. Жауыннан соң тап-таза, мөлдір, тұнық түссіз ауа. Ақша бұлттар көк аспанда қалықтайды… Жайқалған кең дала… Кеш бата жымыңдасып шығатын жұлдыздар, сол түнгі аспанның символындай көрінетін жарық ай… бәрі-бәрі тамаша табиғаттың тылсым кереметтерін сүйемін!
Ең биік шыңын бұлт аптаған, әппақ қар жамылған таудың шыңына шыққым келеді. Биік таудан құлаған қарды (снегопад) көргім келеді. Әттең, биікке көтеріле бастағаннан мұрыным қанап, қан қысымым көтеріледі, бірақ сондада жақсы көремін.
Біздің Түлкібаста жеміс-жидектердің түр-түрі көп(бүлдірген, итмұрын, долана, алма, алмұрт, шие, өрік, т.б) Осы жемістерді жақсы көремін. Қандай әдемі, сондааай дәмді әрі пайдалы. Майда жайқалып қызыл желегімен жерді әрлеп тұратын қызғалдақты жақсы көремін. Алыс кетсем сағынатын туған жерімді сүйемін!
Құлағыңнан кіріп, бойыңды алатын әдемі сазды әнді сүйемін. Сүйікті әнімді жаймендеп қойып, қажетті істеріңді тез-ақ аяқтап аласың, уақыттың қалай өткенін байқамайда қаласың. Кітап оқығанды жақсы көремін, жаздың жайдары күндері, парктеее көк шөпте отырып оқып отырсаң. Ал, суық күндері жарқырап түсіп тұрған электр көзі диван, жылы плед, шынайяқ кофе өте әдемі үйлесім.
Кешкі қаланы жақсы көремін. Жарқыраған, әдемі өрнектелген шамдар қалаға көрік береді. Беседка, балмұздақ, семки, кола… достарынмен қызықты әңгімелер… Үлкеен кинотеатр...әсерлі фильм… поп корн...
Былдырлай жүгіріп, сыңғырлай сөйлейтін сәбилерді жақсы көремін. Еш алаңсыз тәтті ұйқысы, нәзік күлкісі, әдемі жұпар иісі… сол сәбидің әкесі… бақытты отбасы...әзірге жоқ болсада, бәрібір жақсы көремін. Тіпті, солар үшінде өмір сүріп келемін…
Көөөп нәрсені жақсы көремін… айтып жеткізуге сөзім жетпей барады… Санамды сансыз армандар, жүрегімді шексіз сезімдер билейді. Кішкентай ғана, жұдырықтай жүрегіме осыншама сезім қайдан сияды екен? О, Құдырет! Осыншама ғаламды қалай ғана керемет етіп жаратты екен? Көзге көрінбейтін сансыз ойлар, терең сезімдер, әдемі ақыл… бәрі-бәрі бір-бірімен үйлесіп, үндесіп тұр. Бәріненде осының бәрін жаратқан құдіретті, ұлы күш иесі Аллаһты сүйемін!!!
Әрі қарай

Қысқа ғұмырымызды мәнді де сәнді өткерейік

Адам өмірінің ең басты құндылығы жүрек түбінен шығып, ақылмен басқарылып, іс-әрекетпен расталады. Бақытты боламын десеңіз шынайы болыңыз. Шынайылықтың негізгі факторларын атап өтейін: 1) Жүрегіңізді жылуға, сүйіспеншілікке, махаббатқа, мейірімге толтырыңыз. Көркем болыңыз, Аллаһ көркемдікті сүйеді. 2) Ішкі сезімдеріңізді кірлетпей, таза етіп сақтай білгеніңіз абзал. Қандайда бір іс бастағанда мол сүйіспеншілікпен жасаңыз және ләззат ала біліңіз. 3)Бойыңызды үрейден, ашу-ызыдан, қызғаншықтықтан, өсек-аяңнан, артық сөзден (мағынасыз балағат сөздер) алшақ ұстаңыз. Сондай ортада қалып қойсаңыз, сәл жымиып, үнсіз ғана шығып кеткеніңіз дұрыстау сияқты. 4) Жеке әлеміңізді сіз жақсы көретін және сізді жақсы көретін адамдардан құраңыз. Жаныңыздағылармен араласқанда әдемі әсер қалдыра білгейсіз. Әрбір тұлғаны бағалаңыз, бағалата біліңіз, сыйлата және сыйлай біліңіз. 5) Болмашы нәрсеге ренжи бермеңіз. Кешірімді болыңыз, кешіре біліңіз. Негативті ойлардан арылыңыз. Барлық нәрсенің тек жақсы жағын ойлаңыз. Шын жүрегіңізбен сүйіңіз, сүйікті болыңыз. Әр қашан күлімдеп, жарқырап жүргенге не жетсін!
Әрі қарай

5 жасар баланың әңгімесі

Кешкісін Әділет екуіміз үйде отыр едік. Әділет жақын туысымыздың кішкентай 5 жастағы ұлы. Мен посуда жуып тұрғам, қасыма келіп «әпке көмектешейінбе?» деді. «жоға, жай қасымда қызық нәрселерді айтып отыр» дедім. «Әпке, біждің Қазақстан экөнөмика бойынша нешінші орында тұр?», «50»деп күліп «дұрыспа?» дедім. «аха», «а сен қайдан білесің оны?» «жаңалықтан ештігем бұрын»деп серезный түрмен қарап қояды маған. «ой, мадееес, сен жаңалық тыңдайсыңба?» «ияда, пап не іштеше шоны іштимғой»деп күлді.
«Анегдөт айтайнба шизге?» «аха!», «қажақ, орыш,өжбек боптыда, шөйтіп оларды амрикнещ ұштап апты, шүйтіп оларға кім мына мәймілді шөйлетше шоны бошатам депті, кхе-кхе шүйтіп 1-ші күні орыш алыпты мәймілді, шүйтіп бананның бәрін маймылға берріпті шүйтіп күтіп отқанғо, амрикнещ келіп шөйледіма деше маймыл шөйлемепті. 2-ші күні өжбек алыпты. Бір бананды өжі жепті, екіншін шоған берріпті, маймыл тағ шөйлемепті. 3- ші күні қажаққа беріпті. Қажақ бүкіл бананды өжі жеп қопты, шүйтіп маймылдың қарны ашып отыпты, шомен амриканещ келіпті. Мәйміл жүгіріп кеп мынауың бананның бәрін өжі жеп қойды депті, ахеххехехе, шүйтіп қажақты бошатып жібепті, ахеххехехехее» деп ішегі қатып күліп жатыр. Мен оның сөйлегеніне күлем.
Содан «әпке қалай ұшуға болад білешпа?» «жоқ, қалай?» «бійтеш, екі аяққа магнөт байлайшта, шүйтіп ұжыыыыын темірді қолыңыжға алып, алдыға қарай ұштайш, шүйтіп аяғыңыждағы магнөт оөй магниткеші аяғыңыж жабышып қалад, еххеехехех, шүйтіп 1 минөтқа ұшаш, хехехеех» деп от души күледі, мен оның күлгеніне қарап, сөйлегеніне күлем.
«Әпке шиз тарту күшін қалай шынау керектігін білешпа?» «жоқ,қалай?» «өйй, дым бимишқой» «аххахахаха, енді, айтсиш енді» ішегім қатып. «каз, анау шокты ишип алайнш» сөйтіп согын ішіп алды… «шуды сафанга(салафан) құйп, морожилнөкке сап жаморожт етеміз, шүйтіп үйдің крышынан(крышасынан дегеніғой) жерге таштай саламыж, шүйтіп жер өжіне тартып алад, оны тартыш күші дид». Сөйттіде анадай жерден ас турайтын тақтайшаны алып келіп: «әпке, мынау тақтайдын көлемін қалай табады, білешпа?» «ені мен ұзындығын көбейтесін, сосын шығады» десем, «өй няғп айташ өжім айтамғой, мін тынданыш, мынажағын өлшимда шүйтіп мына жағын өлшимда екеуін кәлкөләтөрмен ешептей шалам» «әәәә,әпке мен көбиту кеште білемғой, шұрақ қойныжшы» «6 жердегі 8 неше?» «қырыық шегіж, әғқақа»деп күледі. «енді шижге қоям, 15 жердегі 10 неше?» «150» «өййй ондай жоққой кештеде»деп күледі. «біяқ дұш айттыз, шөндай шығад» деп қояд. Содан не керек мамасыда келді. Қалай уақыттың тез әрі қызықты өткенін білмей қалдым. Әділеттің болашағы жарқырап тұр, Алла бұйыртса.
Әрі қарай

Қазақша блогты қолданушылар қатарына менде қосылдым;;)

Баршаңызға улкен сәлем! Жұмыстан қол босаған кезде инет парақтарын ақтарып отырушы едім. Содан осы керекке тап болдым. Біраз уақыттан бері қолданушылардың блогтарын оқып жүрдім.Қызық екен. Міне, бүгін менде сіздердің қатарларыңызға қосылдым Ендігі уақытта сіздермен әр түрлі тақырыптарды бөлісермін деген үміттемін

 Балжана
Әрі қарай