Таңдаулы

Армандар орындалады...

Блог - AyaEnchieva: Армандар орындалады...Мен қазір 14 жастамын. Біз жақта қаладағыдай бірінші сыныпқа 7 жасынан емес, 6 жастан барады. Ал мен 5 жасымнан барыппын. Әкем мен анам жанымда, бір әпкем қуанышым болып, екі ағам қорғанышым болып, бір сіңлім жұбанышым болып жүрген шақтарым. Әкемнің ерке қызы болып өстім. Әкеме еркелеп жүріп алты жасымда әкемнен айырылып қалдым. Аллаға да жақсы адам керек қой… Не керек, ол кезде түсінбедім. Мамам мен бауырларым мұңіайып жүрді. Олардың есі бар ғой. Сіңлім екеуіміз бала боп жүрміз әлі. Мен әкемді сағынатынмын. Недегенмен әкенің махаббаты ерекше ғой! Әкем аман кезінде мені машинасына отырғызып ауруханаға апаратын. Сары аурумен ауырдым. Сол кездерді де, яғни, әкемнің қасында болған сәттерімді сағынатынмын. Солай, мен «дәрігер боламын» дедім. хех, ол кезде «дәрігер» емес, «доқтр» дейтінмін. Мен мамама «дәрігер боламын» деп айтатынмын. Мамам болса, ыстық құшағына алып, «жарығым, менің қызым ең мықты дәрігер болады» дейтін еді. Кейін, өсе келе, үшінші сыныбымнан «операция жасайтын дәрігер боламын» дейтін болдым. Келесі жылы, бір дәрігерлер туралы кино көріп «хирург» сөзін үйреніп, «хирург боламын» дедім. Бесінші сынып. Әкемнің жоқтығын анық сезінетін уақыт еді. Әкемнің жол апатынан аман қалмағанын біліп, алдыма мақсат қойдым. Мақсатым- әкем сияқты жол апатына ұшыраған адамдарға Алладан кейін көмек беру. Мен адамдарға көмектесуге құштар болдым. Адамдарға екінші өмір сыйлап, олардың алғысын алғым келді. Қазір тоғызыншы сыныппын, шүкір. Өзім аманмын, аман кезде басқаларды аман алып қалу үшін оқып жүрмін. Тоғыз жылдан бері бір рет те мамандығымды ауыстырған емеспін. Достарым мен өзімнен үлкен мектептегі достарымның әлі не мамандық таңдарын білмейтіні мені қызықтырады. Сонда, олардың өмірінде мамандық таңдауға себеп болмаған ба? Кейбіреулер айтады "Үйдегілер врач боласың дейді, бірақ мен болғым келмейді" деп. Түсінбейтінім, адам мамандығын сүймесе қалай жұмыс жасайды. Оның үстіне, дәрігерлік оңай мамандық емес. Кейбіреулері айтады «ақшасы көп мамандық таңдаймын ғой» деп. Ақша табу үшін де оқу керек қой. Менен барлығы қандай пән таңдайтынымды сұрағанда, бірден «биология» деп жауап беремін. Олар күледі "ұятсыз" деп. Кейбірі «ойвууу, отырып қаласың ғой» дейді. Оларға жауабым: «отырып қалсамда, оқуымды оқып, хирург боламын». Басқа не айтамын? Олар менің неліктен дәрігер болуды қалайтынымды білмейді де, мазақ қылады. Хех, мен оларға күлуім керек. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең». Армандау керек. Мамам да айтады «армандар орындалады» деп. Мен мамамның барлық айтқан сөзіне сеніп үйренгенмін, бұл жолы да сенемін «армандар орындалады». Қазіргі таңда мен Кореяға барып оқуды мақсат еттім. Жыл сайын «дәрігер боламын» деген арманыма бір мақсат қосып келемін. Құдай қаласа, мектепті үздік аяқтап, грантқа түсіп, бірінші курстан кейін Оңтүстік Кореяға тегін жолдамамен оқуға барамын. Білесіздер, қазір шет елдің студенттерімен алмасып, тәжірибе алмасып жүр. Мен де солай Оңтүстік Кореяға тәжірибе алмасуға барамын. Сосын, Қазақстанға қайта келемін. Қазақстанның «менмін» деген ауруханасынан тәжірибе жинап, ауылыма үлкен аурухана тұрғызамын. Сол кезде маған сенбегендер ұялатын болады. Мақсатыма жеткенде үлкендер маған батасын берері анық. «Батаменен ел көгерер» дейді ғой. Арғы дүниеде жүріп, әкем менімен мақтанатын болады! Әлі талай адам «Темірханның қызы ғой...» деп айтатын болады!
Қарап отырсаңыздар, тоғыз жылдан бері мақсат етіп келген бұл мамандыққа бір ғана себеп-Алланың әкемді алып кетуі. Армандай білу керек, сол арманға жету үшін мақсат қоя білу керек. Анам айтады АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ! Мен арманыма жетемін және жеткен кезде осында жазамын.
Әрі қарай

SMM-шінің негізгі міндеттері

Блог - asaubota: SMM-шінің негізгі міндеттері

Қазір сұранысқа ие мамандықтардың бірі — SMM менеджері. SMM бәріне керек, бірақ оның міндеттерін, SMM-шіге қойылатын талаптарды білеміз бе? Жұрт неге арзан SMM іздейді? Жұмыс нәтижесін қалай анықтайды? Кімдер SMM жүргізе алады? SMM деген тек әлеуметтік желілерде аккаунт ашып, сілтеме бөлісу ме? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

SMM (Social Media Marketing) — Әлеуметтік желілердегі маркетинг. Яғни, желі қолданушыларын өз сайтыңа, жарнамалаушы өніміне тарту.

Жұмыс әлеуметтік желіде болғандықтан SMM маманы әр желінің мүмкіндіктері мен функционалын жақсы білуі тиіс. Аккаунт ашу, топ құру, парақша бастау, іс-шаралар ұйымдастыру — бұл жұмыстың басы ғана. SMM-ші лайк санын көбейтуді, дұрыс жарнамалауды, желіде жарнама алаңдарын сатып алуды білуі керек. Толығырақ міндеттеріне тоқталайық.

Стратегия
  • негізгі аудиторияны анықтау (жасы, жынысы, география және т.б санаттар бойынша)
  • оларды немен қызықтыруға болатынын білу
  • аудиторияның шоғырланған жерлерін анықтау
  • жұмыс жоспарын құру
  • күтілетін нәтижені болжау
  • жұмыс бойынша жаңа ұсыныстар дайындап отыру

Маркетинг
  • дұрыс имидж қалыптастыру (шыншыл ақпарат, модерация, боқтық сөздерді өшіру, сыпайы диалог)
  • желіде таргетинг арқылы жарнама жасау
  • жарнама шығындарын сараптау және болжау
  • конкурстар, ойындар өткізу
  • іс-шаралардың анонсын жасау және күнтізбелі парақшасын құру
  • аймақтық топтармен жұмыс істеу (жергілікті танымал топтармен байланыс құру)
  • лентада жоғары шығудың механизмдерін білу
  • әлеуметтік желінің барлық мүмкіндіктерін және қызметтерін қолдана алу

Диалог
  • жағымсыз қолданушыларды қара тізімге кіргізу
  • жанжал туғызатын пікірлерді және боқтық сөздерді өшіру
  • әңгімені дұрыс бағытқа бұру
  • қолданушыларды пікірталасты өрбітуге итермелеу
  • барлық сұрақтарға және хаттарға жауап беру
  • қолданушыларды басқа адамдарды шақыруларына түрткі болу, оларды сондай дәрежеге жеткізе алу
  • негатив пікірлерге және сұрақтарға сыпайы жауап беру

Постинг
  • сілтемелерді қолданушыларды қызықтыра алатындай тақырып және мәтінмен шығару
  • постқа дұрыс сурет таңдай білу
  • сауатты жазу
  • контентті әр желінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі етіп дайындау
  • жариялау уақытын дұрыс таңдау
  • постинг жиілігін реттеу

Шығармашылық
  • логотипті дұрыс фонда, дұрыс түстермен, дұрыс көлемде орналастыру
  • парақшаларда мұқаба суретін дұрыс таңдау
  • фон суретін дұрыс таңдау
  • промо-роликтер сценарийіне қатысу

Мониторинг
  • желі мониторингін жасайтын қызметтерді қолдана алу
  • статистиканы бақылау және нәтижелерін сараптау
  • жағымсыз пікір көздерін табу
  • өз жұмысын және бәсекелестердің SMM-ін сараптап, салыстыра алу
  • сауалнамалар және зерттеулер жүргізу

Менеджмент
  • қолданушыға ақпаратты дұрыс жеткізе алу
  • келіссөздер жүргізу
  • кей нәрселерді орындаушыларды табу және жұмыстарын қадағалау
  • провакацияларға берілмеу, ұстамды болу
  • жобаны басқару

Байқағаныңыздай SMM жүргізу оңай нәрсе емес. Сәйкесінше ақысы да жақсы болуы тиіс. Өйткені ол — әлеуметтік желідегі басты жарнама менеджері. Арзан, тәжірибесіз SMM-ші іздейтіндердің қателіктерін қайталамаңыз. SMM жұмысының нәтижесін бақылаудың ең жақсы жолы — Klout жүйесіндегі ұпайы. Қазақстандық рейтингті kaznet.me/rating/ сайтынан Үкімет, БАҚ, Мекеме санаттары бойынша қарай аласыз.

Блог - asaubota: SMM-шінің негізгі міндеттері
Әрі қарай