Жарияланымдар

Жігіттерде жан тәтті

Блог - saulesaule91: Жігіттерде жан тәтті
Кеше біздің үйдің жігіттері пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннеті саналатын – хиджама жасатты. Пайғамбарымыз: «Ақиқатында, қан алдыру – сауықтырады»,–деген. Хиджама сөзі араб тілінен аударғанда «сору» деген мағынаны білдіреді.
Адам баласы тумысынан өзі көбен көріп, қолмен ұстамаған нәрсесіне сенбеуі, күмән келтіретіні белгілі. Сол ізбен алғашында бұлар жасатсақ па, жоқ па деген екіұдай оймен алысқан. Хирург Қайыргелді ағаның сөзімен айтсақ хиджама дегеніміз – денедегі лас кірді сыртқа шығарып, орнын малғұн жүрмеген жаңа қанмен толтыру. Сонымен қатар, түрлі аурулардың, соның ішінде қан қысымы, бас ауруы, қан қоюлануы мен рухани кеселдердің алдын алуға шипасы мол көрінеді.

Блог - saulesaule91: Жігіттерде жан тәтті

Жездесі мен балдызы ұзақ ойлана келе, ағамызды үйге шақыртып, бас аман болса шаш өсер-ау деген үмітпен тап-тақыр етіп алдыртты да, аяқтан, белден, қарақұстың жаны мен желке тұстан, бастан 1 литрге жуық қан алдыртты. Бұл қылығын дос-жаран мен туыстар еріккеннің ермегі десті. Алайда, бас жарылса бөрік ішінде дегендей, екеуінің басы мен бүкіл денесі сырқырап ауыратынын ел қайдан білсін? Дәрі-дәрмек аса дәру болмаған соң, хиджама жасатуға тоқтады. О, қайран бастар-ай, бірінің басы жол апаты кезінде көліктің алдыңғы терезесін жарып өтсе, енді бірінің басы түрлі төбелестердің тірі куәгеріндей. Шаш байғұс білдірмейді екен талайды, ал алынып тасталғанда бастың терісі бәрін «жайып салды». Нәтижесінде, ұйып қалған қан түйдек-түйдегімен банкаға жабысқан күйі әрең түсті.
40-қа таяған Қайыргелді ағамыз медицина білімін Семейде алыпты. Демек, мектеп дұрыс деген сөз. Оның сөзінше, әртүрлі жағдаймен денесінен 1 литр қан кеткен адамды жан сақтау бөліміне жедел түрде жеткізеді екен. 1 литрге жуық қан алған хиджама процесінен соң бұлар тіпті «көзіміз ашылды, мынау бір керемет екен» деп сайрааап отырды. Хиджама арнайы ауа толтырылатын 100 гр болатындай банкалар арқылы және өткір ұстараның (лезвия) күшімен жасалды. Бірақ мұнда ешқандай күш жұмсалмайды, сондықтан дене ауырмайды, жасатқандардың айтуынша, Сарыарқаның сарышұнақ аязы шымшығандай ғана әсер береді екен. Қалай дегенмен де, жігіттер жағы укол салдыруға, қан алдыруға, денесіне қандай да медициналық үшкір зат жақындатудан өлердей қорқатынына көзім жетті. Шым-шым еткен қанның өзіне шыдай алмайды, өлеңдетті.
Әйел заты біз неткен шыдамды едік, литр қан былай тұрсын, қан иісінен жүрек айнып жатса да, бозарған күйі үнсіз ғана жүре береді екенбіз. Жан тәттісін жігіттер біледі, ем болсын!
Әрі қарай

«Доминоны» құртқан «Для тебя»

Блог - saulesaule91: «Доминоны» құртқан «Для тебя»
Дүниеде арға пана жоқ,
«Доминоға» дауа жоқ.
«Для тебя» деген Дерикте,
Я қарындас, я ана жоқ.
Айсұлу деген әртісте,
Абырой да жоқ, сана жоқ.
Махаббат деген ұғымда,
Бұл күнде биік баға жоқ.
Қазақтың арын таптайтын,
Клиптерде қара көп.
Дақпырт қып күнде жатады,
Дарақыларды дара деп.
Қазіргі қазақ қауымын,
Сүйісу, секс, құмарлық,
Сескендірмейді тоба деп.
Арымыз қалғып барады,
Халіміз біздің хана боп.

Әй, Әзімбайдың еркесі,
Шоу бизнестің шәлкесі.
Көрінгендерге төсек пе еді,
Кермарал қыздың өр төсі!?
Көрінгендерге тоят па еді,
Өрімдей қыздың әукесі.
Дінімнен, ділден бездірген,
Демократияңның дерті осы.

Айсұлу, сұлу деп пе еді-ау,
Сұлудың сыны бетте ме-ау.
Көңілмен ұқсақ жетпей ме,
Сүюдің сәні к… ме-ау!?
Сериалдардың сайқалы,
Киноға шыққан көкпері-ау.
«Келінде» ойнап бір әпкең,
Сүйікті болам деп жүріп,
Күйікті болып кеткен-ау.
Солардың ізін жалғарсың,
Жетеңізге жетпеді-ау.
Клипке түсер кезінде,
Киені бастан тепкен-ау.
Ұядан ұшар шағында,
Ұятты ілмей кеткен-ау.

Тобыр емес қой тілеулі ел,
Тобырды тосып, тіреу бол.
Тәніне тәнті етем деп,
Табысқа талай жетем деп,
Түсірген, түскен клипке,
Некесіз туған біреулер.

Сүймейтін ерден қашқанда,
Сүйіктісіне құдай қосқанда.
Символы болып ғашықтың,
Айналғандар бар дастанға.
Алайда, мынау клипті
Келмейді мүлдем қостауға.
Сүйкімсіз іске беріліп,
Сиыр сүйіске елігіп,
Шампанын атып аспанға.
Шарапқа шыли шашалып,
Анашасына қақалып,
Айналған мәңгүрт мастарға.
Зинаны еткен насихат,
Зауалын тілеп достарға,
Жынданыратын жарнама
Жақсылық бермес жастарға.
Әрі қарай

Дегенде Алмас Алтай, Ақтау Алмас!

Блог - saulesaule91: Дегенде Алмас Алтай, Ақтау Алмас!
Ақтаудың боқ қарыны, Алмас Алтай,
Бітісің бөлек екен борбас нарша-ай.
Шірнесіне шашалып «шешен» тілдің,
Көсемсисің Ток-Шоуда шалтай-балтай.
Ши борбай жігіт ең ғой кеше ғана,
Шел басып өн бойыңды балпай, жалпай,
Бес айлығың салақтап экраннан,
Буаз қатын секілді талтай, талтай.
«Керек инфода» күйсейсің күндіз-түні,
Көкірегіңді кере түс, шалқай, шалқай!
Бұлайша теңемес ем, ұқсамаса
Болмысың мен бітімің малға сонша-ай.

Эфирден «Қазақпын» деп безілдейсің,
Ұлттық мүдде ең ұлық сезім дейсің.
Былай шыға «Адаймын-Құдаймын» деп,
Ат төбелі руыңды көзірлейсің.
Құдайға ширк қосқан қылығыңмен,
Орныңды жаһаннамнан әзірлейсің.

1987-нің семіз төлі,
Байқаймын екі абысын емізгені.
Әрі ақын, композитор, әрі әнші,
Өнермен дейді жұрттар егіз сені.
Керуеннің жанынан өткен халық,
Домбыраңнан таниды тегіс сені.
Айтпақшы, қасыңдағы Майлыбаев,
Қазақ па еді, жоқ әлде кәріс пе еді?!
Сыртың дүрдей болғанмен ішің қуыс,
Дүйім жұрттың сенбісің дәріскері.
«Астанада» ғаламтордан ғақлия айттың,
«Еуразия 1»-де таптаурын таныс жолы.
Орыстың көшірілген ток-шоуымен,
Арыстың болмақсың ба намыскері!

Планшет — он үшінші мүшең сенің,
Қолыңды қайда жүрсең кісендедің.
Фотоға жатып түсіп, ішіп түсіп,
Тышып түсіп, өнбеді-ау күш еңбегің.
Өз өзіне өлердей ғашық болған,
О тоба, неткен кінәз, кісі ең керім!!!

Дамбалсыз киетінің тар джинсы еді,
Жалаң бұт жалт-жұлт еткен болдың сері.
Үш арсызбен дос болып семіріпсің,
Тамаққа болу керек талғам шегі.
Момындай майда сақал қойсаң-дағы,
Мунафиқ қып танытады мордаң сені.

Блог - saulesaule91: Дегенде Алмас Алтай, Ақтау Алмас!
Дегенде Алмас Алтай, Ақтау Алмас,
Ел жақтаған жігіттен мақтау қалмас.
Дәл мендей сені ешкім даттай алмас,
Шындықтан ешкім бірақ аттай алмас!
Дамбалсыз күн суыққа жүремін деп,
Дәрменіңді ап жүрме сақтай, Алмас!!!
Әрі қарай