Жарияланымдар

Стақандастарым. Ақыншаның үш ерлігі. #1

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Ақыншаның үш ерлігі. #1

Бір күні саған да: "Әкелш ал Туаймайтэннің ең ішкіш адамын! Қалай ішуді көрсетейін оған!" деген әпербақан әрі күпір ой келуі мүмкін, және ол заңды да. Себебі ондай ой кезінде барлығымызда болған. Бірақ ой түрінде қала берген.
Әрі қарай

Стақандастарым. Антоний әкей

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Антоний әкей

Кетеуі кете бастаған шіркеуге мүсіркей қарап отырғам. Күнмен шағылысып, аспанмен астасып жататын алтындай күмбезі айғыз-айғыз бопты. Сылақтары да құлай бастапты.

Екінші стақанын енді көтергелі жатқан Әбдіманап, менің көздерімнен шіркеудің тағдырына деген әуестікті байқап қалды ма, ыдысын орнына қайта қойып, сөйлеп кетті:
Әрі қарай

Стақандастарым. 9 сынып оқушысы Бекболат

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. 9 сынып оқушысы Бекболат

Қарабақырларды қалтама салып жіберіп, қайта алып санап тұрмын. Көбейіп кететіндей. 1 теңгелік, 2 теңгелік, 5 теңгелік пен 10 теңгеліктер, көңілге медеу боларлықтай шылдырлағанымен, болғаны 55-ақ теңгені құрап тұр.
Әрі қарай

Стақандастарым. Тамғалы ауданының әкімі Ақшот Бейітжаппаров

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Тамғалы ауданының әкімі Ақшот Бейітжаппаров

Білә, бір күні мықты, мықты, қатты-қатты демалғым келді. Аса қадірменді охуйрманға демалу деп нені түсінетінімді айта кетейін. Мәрмәр әм Егейдің жағасын армандайды деп ойласаңдар, құрыған адам екенсіңдер нақ. Мен демалу деп — армансыз екі-үш күн ішуді айтамын.
Әрі қарай

"Ас Кок" жылдам тағамдар байқауының қорытындысы

Рақымы аз Шиваның атымен бастаймын!

Жонымыздағы жылдың 16 шілдесі күні «Ас Кок» жылдам тағамдар байқауын жариялаған болатынбыз. Жазғы сылбырлық маусымы кезіне қарамастан, біраз еңбектер келіп түсті. Олар, уәде етілгендей, арзандық+тездік+оңайлық үйлесімділігімен сарапталып, комиссия мынадай қорытындыға келіп отыр.
Әрі қарай

Стақандастарым. Жағыпар.

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Жағыпар.

Қазір ғой үйреншікті. Ал ол кезде ауру деп ойлағаным рас.

Құрылыста силикат кірпішті қалауды да, балғамен 3/4 қылып сындыруды да жаңадан үйреніп, сәйкесінше құсық «жалақы» тағайындалған кездер еді.
Әрі қарай

The Плагиатор

«Мен бҰе бұлҒ, дОС?» ©СаянҮш

Бір мың тоғыз жүз тоқсан бірдеңесінші жылдар. Елде жеті жоқтың бәрі жоқ: қант жоқ, нан жоқ, жарық жоқ, бензин жоқ, киім жоқ, темекі жоқ, ет… рас, ет енді — бұрында да толып тұрғаны шамалы еді, тігейіннің. Бірақ ғалымдар бар. Вильсон камерасы түгілі, белсебедінің кәмірін жамайтын да ақшасы жоқ бұтақбас ғалымдар қалайша жаңалық ашыватыр? Ол әдетте былай түсіндіріледі: «аш болса да, жалаңаш болса да, отансүйгіштікпен ғылым жолын тастамады». Әне, біздер қандаймыз деп, мәз боласың, нақ.
Әрі қарай