Жарияланымдар

roza_s
Ол адамдарды Жаратушының күшімен емдейді
Мен бір ғажап адам туралы әңгімелегім келеді. Тіпті өзімді ол кісі туралы айтуға міндеттімін деп сезінемін. Себебі қазіргі кезде басымызға қиындық түскенде немесе науқастанғанда біз жүгінетін экстрасенстер, емшілер, шипагерлер саны көбейе бастады. Теледидар, телефон, онлайн арқылы емдейтіндер, газет беттерінде, жүгіртпе жолдарында берілетін хабарландырулар жиі кездеседі. Бірақ, өздері туралы жарияламайтын, қызметтерін мәжбүрлеп ұсынбайтын нағыз дарынды, өз бойларында шын қасиеті бар тұлғалар да бар екен.
Мен бұл ғажап адам туралы бірінші рет үш жыл бұрын естігенмін. Астана маңайындағы ауылдардың бірінде таңқаларлық ем беріп жүрген, көзі соқыр қария туралы әңгімелер айтылып жатты. Оның атын да, ұлтын да ешкім білмейді, бәрі оны «Ата» деп атайды. Бұл кісі адамның жолын ашып береді, құжаттарын оқып береді, тіпті ең соңғы сатыдағы әр түрлі ісік ауруларын емдейді деген әңгімелер айтылды. Мен атаны бір жыл бойы іздедім, нақты мекенжайын, қалай жетуге болатыны, ақысы қандай соманы құрайтыны туралы сұрастырдым. Ешкім нақты жауап бере алмады, дегенмен жиналған мәліметтерді басшылыққа алып, отбасымызбен Ақмола облысы Қорғалжын тасжолы бойындағы Сабынды ауылына бет бұрып, ақыры тауып алдық. Ата осы ауылда тұрады екен.
Таңғаларлық жағдай – ешқандай тыйым қойылмайды, міндетті түрде орамал тағып, не болмаса ұзын көйлек кию талап етілмейді, яғни басқа адамның еркі бұзылмайды екен.
Сеанстар емін–еркін, қысылмайтын түрде өтеді, ата қалжыңдай береді, сондықтан уақыт зымырап өте шығады. Екіншіден, адамдар үшін барлық жағдай жасалған. Алыстан келген, қонып емделетін адамдар үшін Ата үлкен, кең үй салып қойған, төсек-орын, газ, ыдыс-аяқ, тамақ жеткілікті. Азық-түлікті Ата өзі сатып алады. Бір сеанс үшін төлем 2500 теңгені құрайды (бір сеанстың ұзақтығы 3-4 сағат). Сеанстар таңертеңгі сағат 9-дан 12-ге дейін, кешкі сағат 19-дан 23-ке дейін жүргізіледі.
Тағы бір таңғалатын жағдай – Ата біздің берген ақшамызды өзімізге жұмсайды: азық-түлік, отын, көмір, газ сатып алады. Ата тек сапалы тағамдарды алады, мысалы нан нобайханадан, ал ет пен шұжық – еткомбинатынан күн сайын жеткізіліп тұрады, сүт тек қана 6 пайызды «Шадриндік».
Ата кез келген проблемаларды шешеді: дуаланған, көз тиген адамның дуасын шешеді, жолы болмай жүрген адамдардың жолын ашады. Ішімдікке, темекіге тәуелділіктен арылтуға көмектеседі, барлық ауру түрлерін емдейді, бала көтере алмайтын әйелдерге ана бақытын сезінуге көмектеседі. Туғаннан көзі соқыр, керең адамдарды емдейді. Кез келген құжаттарды оқытып алуға болады: жеке куәлікті, жүргізуші куәлігін, үй, бизнес құжаттарын. Сенсеңіздер, содан кейін қаншама адамдардың жолдары ашылып,үйлерінің берекелері кіріп, саудалары жүріп, жұмыстары алға басты.
Ол кісінің шарапатын сезініп, кереметіне өз көзіммен куә болдым. Мысалы, туғаннан бастап естімейтін бір жас әйел естіп кетті, асқазанда ісігі бар, тамақ іше алмай жүрген ер адам бір-екі сеанстан кейін тамақ іше бастады. Аяғын басып жүре алмайтын, онкологиялық аурумен науқастанатын бір адамды Ата қашықтықта емдеп шығарды! Тілі шықпаған, құлағы естімейтін 3-4 жасар қыз бала бірнеше сеанстан кейін сөйлеп кетті. Ал менің нәтижелеріме келетін болсақ, тіземе ота жасағалғаннан кейін, ұзақ уақыт балдақпен ғана жүріп жүрдім. Бірінші сеанстан кейін мен балдақ туралы ұмытып, жүріп кеттім де, жан жағыма қарап: «ойбай, балдағым қайда? — деп біраз күлген жағдай болды. Жұбайым асқазан ауруынан арылды, көптен бері бастырыла беретін – одан да емделді. Қызымның оқу мәселесі оң шешілді, өзімнің жұмыс мансабым жоғарылады. Әпкем бірнеше аурудан арылды, 4 жыл бойы ерікті жалданушы болып жұмыс істеген оның қызы бір апта ішінде аттестатталып погон тақты, інімнің көзі нашар көретін (-16 және -14), бірінші сеанстан кейін көз көруі -6 және -7 болды. Бір жас қыз, әріптесім, көп жылдар бойы түсініксіз аурумен науқастанған болатын. Анда-санда денесі бұратылып, айқайлап, қысылатын. 3-4 ер адамды лақтыратындай денесіне бір күш бітетін. Ол ауруханада да емделді, мұсылман және христиан емшілеріне де жүгінді. Алайда, ешкім оған көмектесе алмады. Сол дерттің салдарынан тұрмысқа да шыға алмай жүрді. Ата оның денесіне қонған шайтанды қуып, дем салды. Сол қыз тұрмыс құрды, қазіргі уақытта аяғы ауыр. Осындай мысалдар көп. Атаға емделу үшін Қазақстанның түпкір-түпкірінен, Ресейден, Қырғызстаннан, Германиядан, Қытайдан, Монғолиядан, Кубадан және т.б. жақтан адамдар келіп жатады. Ата кез келген тілде сөйлей алады (Қалай таңғалмайсың?!). Атаның көмегіне, игі істеріне қарап, мен — 21 ғасырдың адамы, ЖАРАТУШЫНЫҢ бар екеніне көзім жетті. Ата сияқты тұлғалар аурудан азап шеккен жандарға жәрдем беру үшін жерге жіберілген ЕЛШІЛЕР деп санаймын. Көптеген адамдар өз ризашылығын білдіріп жатқанда, Ата оларға: «Мен қарапайым адаммын, менің қолымнан ештеңе келмейді. Аллаға рахмет айтыңдар, шүкіршілік білдіріңдер!» — дейді. Ата Жаратушының күшімен адамның дертін ғана емес, оның рухын емдейді.