Жарияланымдар

Блогқұрылтай: Менің де айтарым бар...ұнағандар жайлы

Әне-міне дегенше, блогқұрылтай да өз мәресіне жетті. Алғаш рет қатысқандықтан, оған қоса Астанада Назарбаев университетінде өткендіктен әсері көп болды. Тағы Наурыз мейрамы қарсаңында! Көбінесе, виртуалды кеңістікте пікір алмасатын, сөйлесетін блогшы достармен осында келіп, танысудың әсері де бөлекше екен. Керекинфода рейтингісі жоғары, танымал, «жұлдызша» блогшылар «сатыбалды, марго, алдекен, мадлен, айкона, айжантабын, эстетика91, АКА, Теріскей» тағы басқаларын, «тірідей» көріп, "әәә осы екен ғой" деп, тесіле қараған сәтімізді ұмытпаймыз. Қыз екен деп жүрген «марго» Маралтай деген сары жігіт болып шыққанын білдім. Бір білмегенім, керекинфода отырып, жұртты «жылатып, құлататын» сатыбалды сол кезде қайда жүрді? Иә, әрбір сұраққа «бетің бар, жүзің бар» демейтін бетпақ жауап, әр жауапқа қитұрқы, қисық, қыңыр, қызық коммент жазатын сатыбалды құрылтай бойы төбесін көрсетпеді. Ол бір жұмбақ блогшы болды менің білуімше. Бір білсе біреулер білер… Не десек те, құрылтайдан көп жаңалық әкелдік, пайдалы ақпараттар алдық. Белсенділікті, қызығушылықты, ұйымдастырушылықты байқадық. Талғат ағай деп жүргеніміз, жап-жас жігіт болып шықты. Мәселен, күнде сөйлесетін Тотының өмірде қандай екенін Семейге барып білуге мүмкіндік жоқ, оған да құрылтайда мүмкіндік туды. Ашық жарқын, аузын ашса, жүрегі көрінетін Тотының тайм-кипер болып бүкіл дәрісхананы үйіріп отырғаны ұнады. Ал, мектеп оқушысы Мөлдір деген қыздың да ынтасы зор екен. Ол да ұнап қалды. Презентациялар көп болды. Тәжірибе алмасу, пікір алысу, ой бөлісу алаңында әркім өз білгенін ортаға салды. Қуаныш деген блогшының жұмысы ұнады. Қысқа, әрі нақты. Идеядан — бизнеске! Ал, Тимур деген баланың интернет журналы ұнады. "ІТ тірлік" — атын ұтымды ұйымдастырыпты. Болашағы бар! Ал, енді қараңыз, бір Шымкентте жүріп, білмейтін, танымайтын Ербол Серікбайды осында келіп таныдық. Ерекше ойы, қабілеті-қарымы, талпынысы ұнады. Шымкентте дәмін татып үлгермеген наурыз көжені Астанада «сіміріп ішу» бұйырыпты. Кейіннен білдік, наурыз көжені «дайындаған» Алдекен екенін. Ұнады. Бөлекше екен. Дәмі тіл үйіреді. Құрылтайда ең бір пікірсайысқа түскен тақырып — келесі құрылтай қайда өтеді? Әркімнің өз ұсынысы, пікірі болды. Қауымдастық құру өз алдына бір әңгіме. Бұл мәселе әлі де талқылауды қажет етеді.Өйткені, құрылтай өткізетін аймақтың барлық жағынан мүмкіндіктерін ескерген жөн. Алматы ма, Шымкент пе, Семей ме, Атырау ма? Оны да уақыт көрсете жатар. Бастысы — ұйымдастырушылықты күшейте түсу.
Әрі қарай

Онай құтылмақшы ма?

Жақында, Шымкент соты 16 жастағы оқушы Динара Атажанованы 2011 жылы 21 қараша күні көлікпен қағып өлтірген полицейді ақтап шықты. Полиция майоры Асқар Құлбаев көлікті мас болып айдап, оқушыны жаяу жүргінші өтетін жерде 90 км/сағат жылдамдықпен келіп соғып, 60 метр жерге ұшып кеткен балаға қарамай өте шыққан болатын. Бұдан кейін ол оқиға орнынан ізін суытқысы келген, алайда оны жол-көлік оқиғасының куәгерлері ұстады. Бұл іс қазір қоғамның наразылығын туындатып үлгерді. Дегенмен, Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік соты Асқар Көлбаевтің үстінен көрілген істі қарады. Анық болғандай, ол мас күйінде көлік жүргізген. Сот отырысы барысында ол кінәсін толық мойындады. Сондықтан оны екі жылға жүргізушілік куәлігінен айырылды.
Осыдан кейін полицейлердің мінсіз қызмет атқарып жүр дегеніне қалай сенесің? Әлде «бір қарын майды бір құмалақ шірітеді ме?»
Әрі қарай

Сайлаушылардың талабы күшті

Сайлау додасы кандидаттарды алды-артына қаратуға шамасын келтірмей жатыр.Тіпті, заңсыз әрекеттерге де жол беріп қоюда. Әупірімдеп, депутат болудың әлегі ғой, сол. Бұл жолғы сайлауда ОҚО-дан ұлты өзбек төрт үміткердің өкілетті биліктен дәмесі бар екен. Олардың кейбірі насихат жұмыстарын өзбек тілінде жүргізсе, ал кейбір кандидаттар үгіт материалдарын зират басына жапсырып кеткен. (Неткен сұмдық! Енді өлілердің дауыс беруі қалып еді). Осындай заңсыз әрекеттермен облыстық сайлау комиссиясы айналысуда.
Ал, шымкенттіктердің тапқырлығы да таңқалдырады. Олар сайлау қарсаңында өз кандидаттарына талап қойған. Диваев көшесінің тұрғындары өзін насихаттаған үміткерлердің плакаттарының қасына талабы бар үндеулер де жапсырып қойыпты. Олар өз көшесінде қордаланған мәселелерді тізбектеп, жазған. «Егер көшенің жолын кім жөндесе соған дауыс береміз»,- деген үндеу бүткіл аумаққа жапсырылыпты. Ал, тұрғындардың бұл үндеуіне кандаидаттардың қалай жауап берерін кім білсін? Әзірге жауап қатқан ешбірі жоқ.
Әрі қарай

Хэллоуин қандай мейрам?

Керекинфода жарияланған соңғы постылардың ішінде осы мейрам туралы жарнаманы оқыған едім. Ал, бұл мейрамның қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Сонда да қызығушылар, тағатсыздана күтіп, тойлайтындар көп болғаны ма? Ал, менің алматылық Нұржан досым осыған жаны күйзеліп, ой саларлық мақала дайындапты. Көптің де біле жүргені артықтық етпес.
Әрі қарай

Шымкентті шошындырған кімдер?

Соңғы күндері Шымкентті үрей билеп алды. Көшеде де, көлікте де, тіпті магентте де сақтандыру туралы суық сөздер өріп жүр. Жұртты дүрліктіріп, шошындырған кім? Бұл шындық па? Адамдар бір-бірінен сұрап, үрейленеді. Тіпті, 15-25 жас аралығындағы ұл-қыздарды құрбандыққа шалу туралы үнпарақшалар таратылған деседі. Ал, жұмыстағы бір апайымыз шеткері шағынаудандардың бірінде бір қыздың басын кесіп тастап кетіпті деген әңгіме айтып келді. Құдай сақтай гөр деп жаға ұстадық шынында… Бірақ, кеше облыстық ІІД Баспасөз қызметі үнпарақшалар таратқан екі азамат ұсталды деген хабар таратты. Олардың бұндай іске қатысы жоқ дейді. Кім біледі, бірнәрсені жасырды ма? Ал, енді бірі бұл жағдай діни ахуалмен, кешегі сотты болған Исматулламен тікелей байланысты дейді. Егер оны босатпаса… деген әңгімелер бар… Білмедім, басым қатып кетті…
Әрі қарай