Бұта отырғызу
 
                                            Подъезімнің алды көк тақыр. Көршілес подъездерде бұталар өсіп тұр. Біздегі алаңқайдың тақырға айналуына не себеп екенін кейін білдім — кезінде бірінші қабатта тұратын біреу машинасын өз балконының түбіне қою үшін тал-теректерді жұлып/кесіп/опырып тастаған. Алайда қатты дауыл кезінде жақын маңдағы ағаштардың біреуі сынып, ауыр бұтақ (!) машинасының үстіне құлапты-мыс. Сол кезден кейін есік алдындағы тақыр бос тұр.
Подъездің түбі — автотұрақ, гараж, қойма емес. Ол да жалпыға ортақ территория. Оны бәрі түсінеді, бірақ адамның эгоизмінде шек бар ма? Келесі «умник» келіп, жекеменшік паркингке айналдырғанын күтіп жатқым келмеді. Бірдеңе егіп тастайын дедім.
Осы сенбі-жексенбі соның қамымен өтті. Жер қазып жатқанымды көріп, біреулер мақтауларын жеткізді, тіпті көмекке келген көршілер де бар. Ашық жеріне гүл, көгал егейік деп ұсыныс айтып, қоршау мәселесін қамдайық деген көрші де табылды. Өспей қалады-ау деген скептик те бар екен көршілер арасында, ұрлап кетеді-ау деді бір өткінші. Мені қорқытқаны — өспей қалатыны емес, ұрланып кету ықтималдығы және аяққа тапталып сынып қала ма деген қауіп. Білмеймін, көре жатармыз.
Ал, мынау сол шаруаның видеосы:
ТОЛЫҚТЫРУ!
Кіреберістің екінші жағына да ағаш отырғызылды. Ағаш дегенде сол — бұта ғой ол да. Ақпан айында үйдің жанында бұрыннан өсіп тұрған талдардың бұтақтарын кесіп алып, суға салып қойған болатынмын. Солардың басым бөлігі тамыр жайды. Үш-төрт талдан біріктірдім де, төрт түпке бөліп отырғызып тастадым.
                                    
                            Әрі қарай

             Айналасында алты күндік жерден ел табылмас шөл далада кетіп бара жатқан неғылған түйе дерсіз? Бұл — Желмая. Әлде кәріліктен, әлде Әбдіраштың киносынан кейін бақилық болған Асан қайғысынан айырылған киелі жануарым…

             8 эпизодтан тұратын фантастикалық мини-сериал.
8 эпизодтан тұратын фантастикалық мини-сериал.  Британдық сериалға негізделген америкалық ремейк. Бірақ білетіндердің айтуынша — түпнұсқадан да керемет болып шыққан. Бұны нақты бір жанрға байлап қою қиын, жылатарлық сәттері де, шек сілеңді қатыратын тұстары да бар. Нағыз ересектерге арналған сериал дер едім, өйткені цензурасыз түсірілген өнімдердің бірі.
Британдық сериалға негізделген америкалық ремейк. Бірақ білетіндердің айтуынша — түпнұсқадан да керемет болып шыққан. Бұны нақты бір жанрға байлап қою қиын, жылатарлық сәттері де, шек сілеңді қатыратын тұстары да бар. Нағыз ересектерге арналған сериал дер едім, өйткені цензурасыз түсірілген өнімдердің бірі.  Сериалды жасаушы Росс Даффер және Мэтт Даффер есімді егіз мамандар "ұзақ кино" түсіруді мақсат еткен екен. Шынымен де кино көріп отырғандай әсерде боласыз: 80 жылдардың атмосферасы, оператор мен композитордың керемет жұмысы, т.б. детальдар сериалдың алғашқы минутынан-ақ баурап алады.
Сериалды жасаушы Росс Даффер және Мэтт Даффер есімді егіз мамандар "ұзақ кино" түсіруді мақсат еткен екен. Шынымен де кино көріп отырғандай әсерде боласыз: 80 жылдардың атмосферасы, оператор мен композитордың керемет жұмысы, т.б. детальдар сериалдың алғашқы минутынан-ақ баурап алады. Саясатты ұнататындар үшін тамаша туынды :). Ұнатпайтындарды да жалықтырмайды деп ойлаймын. Саяси драмада басты рөлдерде Америка киносының алыптары —
Саясатты ұнататындар үшін тамаша туынды :). Ұнатпайтындарды да жалықтырмайды деп ойлаймын. Саяси драмада басты рөлдерде Америка киносының алыптары —  Марвелдің кино әлемінен әзірге орын таба алмаған, бірақ көңіл бөлуге тұрарлық төрт қаһарманына сериал жасау туралы шешім қабылданады. Сөйтіп Marvel мен Netflix арасында мәміле жасалады. Келісімге сәйкес: Daredevil, Jessica Jones, Luke Cage және Iron Fist есімді төрт персонажға арналған төрт бөлек сериал, сонымен қатар осы төртеуінің
Марвелдің кино әлемінен әзірге орын таба алмаған, бірақ көңіл бөлуге тұрарлық төрт қаһарманына сериал жасау туралы шешім қабылданады. Сөйтіп Marvel мен Netflix арасында мәміле жасалады. Келісімге сәйкес: Daredevil, Jessica Jones, Luke Cage және Iron Fist есімді төрт персонажға арналған төрт бөлек сериал, сонымен қатар осы төртеуінің  