Тіскебасар
Кейде, амиголар арқа жарқа болып, бір жартысын алып, келе қалғанда, үйде дым болмай қалатын уақыттар «салт атты, сабау қамшылы» кезде көп болатын. Дым болмағанда, тоңазытқыштан — көптен бері желінбей қалған семіп кеткен колбаса мен тұрып-тұрып, қатып қалған ірімшіктен басқа ештеңе, ал, қалтаңнан — қарабақыр да таба алмай қалу, мысалы. Сол кезде, осы бір тіскебасар талай тығырықтан шығарып еді.
Әрі қарай

Скатол атты органикалық қосынды бар. Аз мөлшерде ол хош иісті гүлдің жұпарына ие. Сол себепті де, оны парфюмерия мен темекі өндірісінде, тіпті, азық-түлік өнеркәсібінде қолданады. Ал, сол қоспа көп болса, боқ иісі шығады. Кәдімгі боқ! Қазіргі, заманауи өнер де сол ма деген ойға келдім, бір апта турасында.
