Жарияланымдар

Үш жүз алпыс бес күннің бір күні

Үш жүз алпыс бес күннің бір күні- нәзік жандылардың мерекесі. Көктеммен бірге гүлдеп, күндей шуақтарын шашып, жайқалып жүрген, құшағы ыстық аяулы аналарымызды, асыл әжелерімізді, әлемді сұлулығымен құлпыртып жүрген қыздарымызды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Әрдайым жүздеріңіз күлкіге, жандарыңыз махаббатқа толы болуын тілеймін. Ақ жаулығын жамылып, тілеуімізді тілеп отырар аналарымызды ардактайық. Барында бағалап, сый- құрмет көрсетіп үмітін ақтап, өмірден өз орнымызды тапсақ ең қымбат сыйлар сыйлығымыз сол болмақ емеспе?! Қазақ жігіттері қызғаншақ болып келеді. Себебі, қазақ қыздары өте әдемі. Тәрбиелілігімен сызылып, ұяңдылығымен баурап алар аруларымызды үш жүз алпыс бес күн алақандарыңызда аялап жүрсеңіздер артық етпейді. Солай емеспе, жігіттер? Иә, осындай тамаша мерекеде сұлуларымызға қандай теңеу, жылы сөз айтсақта жарасады. Мерекелеріңізбен!
Әрі қарай

Сенім

Сенім. Иә, бұл жәй ғана бес әріптен құралған сөз. Ал, ол сөзге ие болу, сөздің мағынасын терең түсіну кез келген адамның қолынан келе бермейді. Әркім әр түрлі түсінеді, өзінше баға береді. Бірі сенімге кіру үшін талай әрекетке барады. Енді бірі адалдылығын дәлелдей алмай сол сенімнен айырылып жатады. Оның ішінде ерекше сенім иесі әрине- досың. Қуанышыңды бөлісіп, қайғы келсе қолдап, барлығы теріс айналған сәтте қорғаушың, сырласың болар жан. Барлығымыз пендеміз ғой, періште көкте ғана. Адам болған соң жаңылысып, шалыс басар кезіміз болады. Оны әркім әр- түрлі қабылдайды. Өзінікі ойда жоқ, сол жіберген қатеңді өрбітіп жеткізіп, барлығынан аластатып, артыңнан түрлі әңгімесімен ереді. Ал өзіңе тікелей келіп, байыпты түсіндіріп, дұрыс жол нұсқар жан, сол сенім деген сөзге ие болар досың. Мына өмірде шын дос табу өте қиын. Бір үзім нанды бөліп жеп отырғанның өзінде ішінде не боп жатқаны беймәлім. Шалыс басар сәтіңді күтіп, сенің қиналғаныңнан рахат алатын жаныңда жүрген жақын адамың болып шығуы мүмкін. Өмір тосын сыйға толы. Қамшының сабындай аз ғана ғұмырда бір- бірімізге махаббатымызды, адалдылығымызды неге сезіндірмеске?! Сенімді, адал дос табу үшін алдымен айнадағы адам дұрыс болғаны абзал. Сыйға сый, сыраға бал. Сыйласып жургеннен сырластық, сырласудан сенімді достыққа ұласады. Әрқашан жанымызда жүрген жанашыр достарымыздың сенімінен айырылмай, бақытты ғұмыр кешуімізді нәсіп етсін.
Әрі қарай

Сәлем бердiк, Керекинфо!

Сәлем достар! Қалдарыңыз қалай? Көктемге деген ерекше сағынышым жан- жақтылығымды танытуға ерекше көңіл мен шабыт беріп Керекинфоға аяқ басып жатқан жайым бар. Өсер елдің ұрпағы! Шабайын деген атының тақымын қысып топқа түсетін шабандозыңның қателіктеріне аса сынмен емес, көпті көрген көзділікпен, бауырлықпен қарап, қаламымның қаққан қанатына демеу берерсіздер деген сенімдемін.
Әрі қарай