Бекет Атаның қазақ тарихындағы ұлы тұлға екенін мойындаймыз.Бірақ ақиқатын айтсақ Бекет Ата мекені бір бөлек, Жаңаөзен мекені бір бөлек объектив және әрқайсысының әр түрлі тарихы бар. Жаңаөзен қаласының атауының пайда болуы туралы бір ақсақал ойына келгенін басып жіберіпті.Жер астында мұнай ағыны бар екені анықталғанда "өзен бар" деп жергілікті халық солай атап кеткен, бірақ кеңестік заманда ресми түрде «Узень» деп аталған.Қазіргі Қызылсай старый узень, Жаңаөзен «новый Узень» болып аталған. Өзен сөзінің пайда болуының себебі жер астындағы мұнаймен байланысты, тыңдап ал АҚСАҚАЛСЫМАҚ!!! Әлдебіреулердің айтқан "Қаланың атауын өзгерткеннен кейін елді-мекенде рухани тәрбие мен адамгершілік принциптері дамиды" деген сөзге мүлдем келісе алмаймын. Біздің өлкеде рухани тәрбие мен адамгершілік жоқ емес бар.Егер Жаңаөзендіктер жағымсыз әрекеттер жасаған болса оның себебі біреу. Ол — биліктің халықты үнемі ашуландыруы.Енді қаланың атын өзгерту арқылы «Жаңаөзен оқиғасы», «Жаңаөзен көтерілісі» деген сөздердің тарихта сақталып қалуын қаламайтын ақымақтардың саяси сасық әрекеттері деп ойлаймын. Жаңаөзеннің тарихында бұдан бұрын да көтерілістер орын алған.Ертеректе Адай көтерілісі болған, одан кейін 1989жылы да көтеріліс болды, кешегі желтоқсанда билікке қарсы тағы көтеріліс болды.Бұның барлығы халықтың санасыздығынан деп айтуға болмайды, халық осылай бас қосуға мәжбүр болғандықтан солай жасады.Алдағы уақытта тағы сондай болмасына кім кепіл? Сонда «Бекет Ата көтерілісі» болып тарихқа жазылады ма? Кешегі көтерілісте мән жайды білмей жатып біздерді «Жаңаөзеннің құтырған иттері» деп атаған хабар телеарнасы сол кезде қалай атамақ? Керелбаев, Назарбекұлы дегендер атын ақсақал қылғаны болмаса қазіргі жендет биліктен шыққан, патша не айтса соны орындап қана жүрген халықпен санаспайтын құнсыздар.Болашақтың иесі жастар екенін ескеріп аз да болса біздермен пікірлесіп, сосын ұсыныс жасаса болатын еді,.Жаңаөзенді ұстап тұрған адамдардай өз бетінше бұндай қадам жасағандары ұят. Мен түбегейлі қарсымын.Сонда Маңғыстауда екі Бекет Ата мекені болады ма? Онда жергілікті халық шатасады ғой, «Бекет Атадамын» десек, "қайсы Бекет Атадасың"? деп… Менің түсінбейтінім, Жаңаөзен қаласының атын өзгерту керек болды ма, әлде «Бекет Атаның» есімімен қалай да қандай да бір қаланы атау керек болды ма екен? Егер Атаны расында қатты құрметтегілері келсе жаңадан салынып жатырған Ақтау сити бар емес па, соның атын Бекет Ата қаласы қылып қойсын.Таза қала, таза рух, тарихы да жаңадан басталсын.Миға қонымсыз бастамалар жасайды, басқа шаруа жоқтай.Билікке ұсыныс жасағыш болса кеше 7 ай ереуілде тұрған мұнайшылардың мұңын айтып ұсыныс жасамай қайда қалды сол ақсақалдар.Ренжідім сендерге Маңғыстаудың ақсақалдары…
Бекет Ата мекені мен Жаңаөзен мекені бөлек-бөлек нысандар және әрқайсысының әр түрлі тарихы бар. Жаңаөзен қаласының атауының пайда болуы туралы бір ақсақал ойына келгенін басып жіберіпті.Жер астында мұнай ағыны бар екені анықталғанда "өзен бар" деп жергілікті халық солай атап кеткен, бірақ кеңестік заманда ресми түрде «Узень» деп аталған.Қазіргі Қызылсай старый узень, Жаңаөзен «новый Узень» болып аталған. Өзен сөзінің пайда болуының себебі жер астындағы мұнаймен байланысты, тыңдап ал АҚСАҚАЛСЫМАҚ!!! Жаңаөзеннің тарихында бұдан бұрын да көтерілістер орын алған.Ертеректе Адай көтерілісі болған, одан кейін 1989жылы да көтеріліс болды, кешегі желтоқсанда билікке қарсы тағы көтеріліс болды.Бұның барлығы халықтың санасыздығынан деп айтуға болмайды, халық осылай бас қосуға мәжбүр болғандықтан солай жасады.Алдағы уақытта тағы да сондай дүрбелеңдер болмасына кім кепіл? Әрине болсын деп тілеп отырғам жоқ, бірақ мүмкін ғой.Кейде адамдарда қаламаса да жасауға тура келетін заттар болады.Алдағы уақытта сондай көтерілістер болған жағдайда «Бекет Ата көтерілісі» болып тарихқа жазылады ма? Сол кезде оның ауырлығын кім көтереді? Асылбек Айдаров ана жақтан қайтып келіп көтереді ма? Жаңаөзеннің аумалы-төкпелі тарихы бар.Топырағына қан сіңген қала екені ақиқат.Халқы табиғатынан қатал мінезді.Бекет Ата деп аталған күннің өзінде қала тұрғындары әлгіндей жауапкершілікті көтере алмай қалса кім кінәлі болады.Сондықтан қала атын өзгертудің қажеті жоқ.Әруақты атаны саясатқа араластырып керек емес.Егер Атаны расында қатты құрметтегілері келсе жаңадан салынып жатырған Ақтау сити бар емес па, соның атын Бекет Ата қаласы қылып қойсын.Таза қала, таза рух, тарихы да жаңадан басталсын.Менің ұсынысым осылай.
Медетбек АБДУЛЛАЕВ
Медетбек АБДУЛЛАЕВ