Жарияланымдар

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАРАЗ

Көне Тараз

Тараз шаһары тарихи оқиғаларға бай. Бұл қала Аулие-атадан бастап, Талас, Наманган, Йени-Тараз, Жамбыл, Мирзоян болып аталды. Киелі топырақта б.э. 1 ғасырында көшпенді халықтар өмір сүрген. Әйгілі ғалым В. Бартольдтің зерттеуіне сүйенсек, Тараздың іргесі б.э.д. қаланған. Сырдария мен Талас өзендерінің маңында б.э.д. 1 ғасырда 600 000-нан астам қаңлы тайпасы қоныстанған. Олар Жетісулық үйсіндермен жауласып, нәтижесінде ғұндармен бірігіп одақ құрған. Бұл оқиғаға Л.Н. Гумилевтің «Б.э.д. 36 жылдағы Таластағы соғыс» дерегі дәлел. Чжи-Чжи Талас бойында қалып, ұлы кент құрады. Екі жыл бойы соғылған қала мықты бекініс болып шықты. Дуалы екі қабаттан тұрды – сыртқы қабаты ағаш, ішкі қабаты лайдан соғылған. Кейбір деректерде, Талас деп атанған шаһардың соғылуына Марк Крассаның бүлінген армиясынан қалған Римнің легионерлері де жұмыс істеген деп көрсетілген.
Блог - madinarebrova: ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАРАЗ
Тараз еліміздің тарихында зор маңызға ие болуы ХV ғасырдың орта тұсында Қазақ хандығының іргесі қалану кезеңіне тұспа-тұс келеді. Хижраның 870 жылы, 1465-1466 жылдар Қазақ хандығының құрылған кезі болып қабылданған. Мұхаммед Хайдар Дулат өңір Моғолстан хандығының батыс шеті болғандығын айтып, оны Иса Бұға ханның Жәнібек пен Керей сұлтандарға үлеске берілгендігін айтады. Жаңадан қаланған Қазақ хандығына бұл аймақ өте қолайлы мекен болды. Өзбек ұлысын билеуші Әбілқайыр хан қаза болып, оның құрамындағы қазақ тайпалары Жәнібек пен Керей басқарған хандыққа біржола өте бастайды. Алғашында жаңа хандық өзбек-қазақ елі деп аталады.

Темір жол қатынасы 1928 жылдың қоңыр күзінде іске қосылды. Бұл өз кезегінде халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарта түсті. Түркісібтің салынуы ауданда ауылшаруашылығы мен өнеркәсіптің өріс жаюына маңызды ықпал етті. Аудан тіршілігіне қажет жанармай, ауылшаруашылық техникалары, басқа да тауарлар тасымалданды. Аудан үстінен өткен темір жол торабы 144 шақырымға, ал Қосқұдықтан Бетпақдалаға дейін созылған ішкі темір жолдың ұзындығы 130 шақырымға, аудан ішіндегі көлік жолы – 359 шақырымға жетті.

Орта ғасырда қала Тараз деген атауымен әйгілі болды. Ең бірінші қоныстанған этнос – Ферғана өзбектері. Тарихи атауы 1997 жылынан бастап қалаға қайтарылды. Тараз өзінің 2000 жылдық тарихи мерейтойын 2002 жылы атап өтті. Сондай-ақ, көне Тараз Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалаларының бірі болған. Әсіресе Қарахан билігінде дами бастаған. ХІХ ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы деп аталды. 60-шы жылдарда Ресей империясының құрамына енген. Кейінірек Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болып, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң жайлаулы Жамбыл облысының әкімшілік орталығы, тарихы бай көне шаһар болып өркендеді.

Бүгінгі Тараз

Тарихы мол қала бүгінде Жамбыл облысының орталығы болып табылады. Халық саны – 99 000 адамға жуық. Тараз қаласының халық санының 70% қазақтар. Қалада орыс, корей, өзбек, түрік, татар, неміс, күрд, қырғыз, дүнген, қырғыз, грек, ұйғыр ұлт өкілдері тұрады. Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақ-Дала және Мойынқұм алады. Оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген. Сондай-ақ, мұнда Қарахан, Айша бибі, Бабаджа Хатун, Дәуітбек, Тектұрмас т.б. кесенелері, Мыңбұлақ сквері, Достық үйі, «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент, Бақылау мұнарасы, т.б. әлем және республикамызға танымал жәдігерлер мен орындар бар.

Айша бибі кесенесі – ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Кесененің іргесі Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында орналасқан. Сыртқы көрінісі керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен алуандығы жағынан еліміздегі басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде теңдесі жоқ. Кірпіштердің түрлілігінің өзі кез-келген адамды аң-таң қалдырады. Ескерткіштің тұңғыш қалпы б.у.д. тек батыс қабырғасында сақталған. Безендіруінде бай және әртүрлі геометриялық фигураларымен апталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен безендірілген.
Блог - madinarebrova: ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАРАЗ
Блог - madinarebrova: ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАРАЗ
Блог - madinarebrova: ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАРАЗ
Блог - madinarebrova: ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАРАЗ
Блог - madinarebrova: ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАРАЗ
Бабаджа хатун ескерткіші – Х-ХІ ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Тараздан 18 км қашықтықта Айша бибі кесенесінің жанында орналасқан. Текше тәрізді тік бұрышты, қызыл кірпіштен тұрғызылған ескерткіштің ауданы 6,8х6,8 м, биіктігі 5 м-ден астам; қабырғаларына қаланған кірпіштерінің көлемі 24х24х5 см. Қасбеті мен 2 қапталы бір-біріне ұқсас, мәнерлеп қаланған кірпіштен күн тәрізді өрнектер жасалған. Жоғары жағы аркалы, ішке кірер есік шығыс жақ қабырғасында. Қабырғалардан сегізқырлы барабанға ауысатын тромпбелдеу жасалған. Оның үстінен ішкі еңсенің 16 қырлы күмбезі басталады. Ал сыртқы күмбезі биіктігі 86 см қырлы призманың үстіне орнатылған. Детальдар үйлесімді пайдаланылған. Бабаджа хатун кесенесі сыртқы пішімінің жинақылығымен, құрылысының беріктігімен ерекшеленеді.

Қарахан кесенесі – ХІ ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде орналасқан. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Махмұд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Артқы жағында екі мұнарасы бар. Қас беті оңтүстікке қараған, ал оның ішіндегі қабір оңтүстіктен солтүстікке қаратылған. Кірер есігі аркалы қуыспен безендірілген. Қабырғаларының ішкі жағы кесененің бұрынғы өз кірпіштерімен қаланып, сыртқы жағын қалауға жаңа кірпіш пайдаланылған.
Блог - madinarebrova: ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАРАЗ
Блог - madinarebrova: ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАРАЗ
Блог - madinarebrova: ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАРАЗ
Мыңбұлақ сквері – мәдени-тарихи орталық. Қазір сәулеті мен сәні жарасқан сквер көз тартарлықтай нұрланып тұр. Архитекторлар демалыс орнының жобасын Қытай тарихшысы Сюань Цзаньнің VІІ ғасырда келтірген деректеріне сай жасаған. Яғни, Меркі қаласының маңындағы «Мыңбұлақ» жайлауындағы таудан сылдырай аққан бұлақтар мен жердің бетін кілемдей жапқан көк шалғынның кескінін кескіндеген. Осындай ерекше композицияға көмкерілген нысанды қазір жоғарыдан тамашаласаң таңдай қақпай қоймайсың. Бұдан бөлек, демалыс орнының қақ ортасында қазақ даласының кеңдігі мен табиғатының сұлулығын сомдап тұрған субұрқақ атқылап тұр. «Мыңбұлақ» скверінің жобалық құны 98 млн. теңгені құраған. Сондай-ақ, кешен аумағындағы «Домбыра» мүсіндік кешен саябаққа көрік беріп қана қоймай, ұлттық рухымызды асқақтатып тұр. Дәл сондай «Қарауыл мұнарасы» да ежелгі Тараздың өмірінен сыр шертуде. Бұл нысанның биігінен көне Тараздың келбетті жерлерін толықтай тамашалауға болады.
Ежелгі Тараз қаласы – І-ХІХ ғғ. қазіргі Тараздың орталық базары аумағында орналасқан. Қалашық маңайын қала үйлері алып жатыр. ХХ ғ-дың бас кезінде ұзын қабырғалар төңірегінде отыздан астам төмпешіктер-қорғандар, қоныстар, некропольдер қалдығы болған. Қазіргі кезде олардың бәрі тегістеліп, үйлер салынған. Сүлейманов көшесінің батыс бөлігіндегі төрткүл және телеорталық ауданындағы қоныс, қаланың солтүстік шетіндегі ұзын дуалдардың жекелеген бөліктері сақталынып қалған. Сонымен қатар, мұнда «Қазақ хандығының 550 жылдығы» монументі де орналасқан. 30 метрлік ескерткіш қаланың батыс бөлігінде «Тараз-Арена» Спорт сарайына қарама-қарсы бетте тұр.
Блог - madinarebrova: ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАРАЗ
Блог - madinarebrova: ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАРАЗБлог - madinarebrova: ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАРАЗБлог - madinarebrova: ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАРАЗБлог - madinarebrova: ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАРАЗ
Әрі қарай

Позитивті пост

Әрине өмір ғажапқа толы. Бұған күмәнданушы болма, құрметті оқырман! Қиындық және арпаласумен өткен күнің бір сәтте-ақ көзіңе әдемі көрініп кетеді. Бұл физика немесе химия емес. Кенет жұмыстан шаршап үй табалдырығын аттаған сәтте анаңның күлімдеп тұрып, келдің бе құлыным, кел шәйға дегенін естіп, басыңды қатырған проблема бір мезетте жоқ боп кеткенін байқағандай боласың. Анаға жетер асыл бар ма? Ал оның нұрлы жүзі барлық дерттің антибиотигі секілді. Тату-тәтті отбасыңмен дастрхан басында шүркілдеп «әңгімелетесін». Іштей мұндай бақыт баршаға бұйырмағанын біліп тәубелеп отырасың. Балалы болсаң ол да бір қуаныш. Баланың тілі бал, ал күлкісі тіпті қақ төбеңнен нұр боп жауады. Соңына ұрпақ қалдыру, оған тиісті, дұрыс тәрбие беру – фәнидің мәні деседі. Яғни бұл да әрбір пенденің қолынан келе бермейді. Маңдайыңа жазылған, Құдай қосқан жарыңның да күлімдеген жылы жүзі жүректі әп-сәтте ерітіп жібереді. Кейде өзің де байқамай, қиялдап кетіп, сұп-сұлу жолдасыңды елестетіп, өз алдыңа ыржиып жүресің кейде. Бұл да ғажап қой. «Не ексең, соны орарсың» деп бекер айтпаған. Өз жақындарыңды қорғап, оларға күтім жасап, жақсылығыңды аямайтын алақаны ашық жан болсаң, күллі әлемнің кереметі алдымен сенің жүрегіңе, кейіндеу сенің айналаңа да тарай бастайды. Алланың рақымы шексіз! Барлық таңғажайыпқа лайық болу өзіңнің қолыңда екенін ескер. Әрқашан көңілді болуға тырыс. Жақындарыңды бағалай біл. Жүрек лүпілін тыңдасаң не қалайтыныңды ұғасың. Ал оның орындалуына құдіретті күш әсер етеді. Қорықпа, досым! Бастысы «джәмән» адам болма ;)
Әрі қарай

Мақала жазу тәсілдері

Бір сұрақ: Мақала жазу тәсілдері
Бүгін мақала жазудың әдіс-тәсілдерімен бөліскім келді. Журфакқа түскен жас-журналист оқытушыдан мақала жаз деген тапсырма алып, не жазу керек, қалай бастау керектігін білмей, мұңға батып, қиналып жүреді. Келесі пункттерді кезекпен қадағалау арқылы мақаланы тез, әрі сапалы жазуды үйренесіз.

Негізгі әдістермен таныс болыңыз.

Мақалаңыздың тақырыбын нақтылаңыз. Бір мақала тек бір тақырыпты ашуы тиістігін ұмытпаңыз. Бірнеше нәрсені қозғап, негізгі тақырыптан ауытқып кетуіңіз мүмкін. Ал бұл өз жолында мәтініңізді түсініксіз етеді. Бір мақала — бір мағына, бір тақырып.
Тақырып қойыңыз. Тақырыбыңыз оқырман аудиториясын бір қарағаннан-ақ қызықтыруы тиіс. Тақырып қою шеберлігі болса тіпті керемет. Себебі, тақырып — мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын қысқаша үш-төрт сөйлем жазыңыз. Бұл тақырып таңдаудан кейінгі маңызды қадам — лид.
Мақалаңыздың негізгі фактілерін белгілеңіз. Факт, ой, мағына. Осының бәрін парақшаға сөздермен түсіріп, жоспар құрыңыз. Сөйлеммен емес, сөзбен. Енді жоспарыңызды оқып шығыңыз. Егер ол тақырыбыңызға сай болып, мағынасын ашып тұрса, мақала жазуға кірісіңіз.
Әр сөздеріңізге(факт, ой, мағына) бір абзацтан арнаңыз. Барлық абзацтың қалыңдығы(ұзақтығы) бірдей болған жөн. Себебі, оқырман мұндай құрылымды тез әрі жеңіл қабылдайды.
Мақаланың құрылымы жайлы ұмытпаңыз — Кіріспе (негізгі ойға қысқаша тоқталу)
Негізгі бөлім
Қорытынды(негізгі ойларыңызды қорытындылаңыз)
5. Мәтіннен бос сөздерді алып тастаңыз. Сөйлемдер бастауыш пен баяндауыштан басталғаны дұрыс. Түсінксіз сөйлемдерді ауыстырыңыз. Бір сөйлем 6-7 сөзден тұруы керек.

6. Мақаланы дауыстап оқып шығыңыз. Стилистикалық қателер мен теріп жатқан кезде кеткен қателерді жөндеңіз. Қайталанатын сөздерді алып тастап, орнын синоним сөздермен толықтырыңыз!

Міне енді мақалаңыз дайын. Басты ережені ұмытпаңыз, мақала жазудың шебері болу үшін — күнделікті мақала жазып жүрген абзал.
Әрі қарай

Ақша табудың қысқаша жолдары

Блог - madinarebrova: Ақша табудың қысқаша жолдарыҚұрметті, оқырман! Бүгін сіздерге ақша табу жолдарын ұсынамын. Қаншама адам айлықтан айлыққа өмір сүріп, абыр-сабыр боп жүреді, студенттердің де күні мәз емес. Декретке шыққан келіншектер де, зейнетке шыққан кісілер де бұл кеңестерді пайдаланса болады. Сондықтан мақалада қаражат табудың 5 жолын қарастырамын. Әрбір әдістің өз құндылығы бар. Мұқият болыңыз. Сонымен, бастадық.
Шетелдік тауарларды сату. Бүгінгі таңда Aliexpress, Ebay, Таобао т. б. сайттардан кез-келген затты сатып алу мүмкіндігі бар. Ол парақшаларда бүкіл тауарлар арзан бағада сатылады. Жоғарыда көрсетілген сайттардан сатып алып, өз қалаңыздағы желілерде сатуға болады. Немесе бутиктерде сатушы таныстарыңыз болса, тауарлардың алуан түрлерін ұсынсаңыз болады.
Өз қызметіңізді ұсыну. Барлық адамның қолынан әйтеуір бір іс келеді. Мәселен, шет тілдерін жақсы білсеңіз, адамдарды оқытатын курс ашыңыз. Егер қолыңыздан техника жөндеу, антивирус орнату, әктеп-сырлау т.б. қызметтер келсе хабарлама тақталарына жазып, осы қасиеттеріңізді қосымша кіріс ретінде пайдалансаңыз болады.
Қосымша табыс. Жұмыскер немесе студент болсаңыз, жұмыстан не сабақтан бос уақытта қосымша табыс табуға мүмкіндік көп. Бала күтуші, көлігіңіз болса қызметкерлерді тасымалдаушы, курьер, хабарламаларды ілуші, т.б. қызметтерде істесеңіз болады. Бірнеше сағат істеп, бір күндік табысыңызды аласыз.
Блог немесе сайттан қаражат табу. Бұл өте қызықты жұмыстардың бірі. Пайдалы тақырыптарда блог жүргізіңіз. Бұл әдісте парақшаңызда рейтинг көтерілген сайын сізге пайда келеді. Қалай? –Оңай. Жарнама берушілерден, партнерлік бағдарламалардан, ақылы сілтеме мен мақала жариялап отырып, қаржы табуға болады.
Хэнд мэйд. Бұл өз қолыңызбен жасай алатын ерекше сувенирлер, білезіктер, т.б. заттар. Көп адам сыйлыққа ерекше зат іздейді. Егер ерекше дүниелер жасай алатын шебер болсаңыз, бұл пункт сіз үшін. Инстаграм, фейсбук, вконтакте, одноклассники, твиттер т.б. желілерге фотоға түсіріп, астына түсі, бағасын жазу арқылы жүзеге асырасыз.
Осымен тәмәм. Таңдау өзіңізде! Бір орында отырмаңыз, өмір өтіп жатыр! Күніңізді қызықты әрі пайдалы өткізіңіз. Қолыңыздан келгенше өзіңіз үшін жұмыс істеп, табыс табудың жолдарын қарастырып отырыңыз. Сәттілік!
Әрі қарай

Өмір селфимен шектелмейді

Блог - madinarebrova: Өмір селфимен шектелмейді
Бір сәтке айналадағы адамдарға көз жүгіртейік… БІіз білген заман өзгерді. Қоғам не боп барады? Технология дамығаны дұрыс-ау. Дегенмен жас және орта буын ұялы телефонға толықтай тәуелді болып бара жатқанын көріп, көкейде болашаққа деген уайым орнығуда. Көз жанарын тауыстып, қайта оралмас уақытын сарп етуден тайынбайтын жастарымызды түсіну қиын.

Қолданыс жағынан рейтингі жоғары: «ВКонтакте», «Whats app», «Instagram», «Facebook», «Twitter», т. б. әлеуметтік желілер мен байланыс бағдарламалары бүгінгі қоғамға ауадан да артық қажет болып кеткен сынды. Негізгі мақсаты жаңадан фотосурет енгізу, ұнамды публикацияларға пікір жазу(комментарий), хат алмасу, ақысыз байланысты пайдалану. Әрине бұл ыңғайлы құрал. Бос уақытта пайдаланып тұруға болады, алыстағы жақындарыңмен хабарласу жағынан да тиімді, әрі адамдардың бір бірімен тығыз араласуына септігін тигізеді. Бәстесу қиын, пайдасы сол жағы болмаса, зияны да жетіп артады. Бұқара күндіз түні сымтетік пен компьютерді(ноутбук) пайдалану арқылы өз уақытына ғана қиянат жасамай, денсаулығына да кері әсерін тигізіп жатқанынан хабардар ма?

Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефоннан шығатын, көзге көрінбейтін электромагнитті толқындарды «канцерогенді» деп сипаттайды. Адам телефон қолданғанда миы өзгеше жұмыс істейді деген фактімен ғалымдардың зерттеулерінен таныс болдық. Сондай-ақ бас аймағындағы ісіктерге шалдыққандардың саны өскенін, дәрігерлер ұялы сымтетікпен байланыстырып отыр. Әлем ғалымдарының зерттеуі әлі күнге дейін жалғасуда. Әзірше телефонға нақты «айып» тағылған жоқ. «Денсаулық – зор байлық» демекші, біреу келіп саусағымен нұсқап көрсеткенін тосқанша, өз денсаулықтарыңызды күткен дұрысрақ. Себебі ертең кеш болуы мүмкін.

Ұялы сымтетіксіз өмір сүру мүмкін емес. Тіпті бір күн үйде қалып қойса күнімен жүйкесі тозып, қолымызды қалтаға жүгіртіп іздейтін әдетке де толықтық. Ауыр зардап шекпеу үшін кішігірім кеңесті құлаққа түріңіз:

-қоңыраурды тек құлаққаппен қабылдаңыз, барынша аз сөйлесуге тырысыңыз;

-электромагнитті толқын тасушы құралды жастық астына, бел айналасында, қалтада алып жүрмеңіз;

-телефон құшақтап ұйықтамаңыз;

-қоңырау соғудан гөрі хабарлама жазуға әдеттеніңіз, барынша миыңыздан, құлағыңыздан аулақ ұстаңыз;

-қиын болса да, күштеп болса да өзіңізді ұялы сымтетіктен арылтуға тырысыңыз.

Болашақ — адамдардан тұрады. Дендері сау, естері дұрыс, эстетикаға құмар, еңбекке бейім жандардан құралады. Келер ұрпақтың амандығы қазіргі қоғам қолында. Зиянын біліп тұрып, өзіне тосқауыл қоя алмайтын тәуелді адамдар саны сансыз. Дегенмен бұл заттың орнын басар құралдар мен әдістер көптігін жадта тұту ләзым. Мысалы, электронды кітапты, газетті оқып отыруды – баспадан шыққан қолмен ұстап, парақтап отыратын газет пен кітапқа айырбастау. Қоңырау соғып, әуре етіп, өзіңе де өзгеге де зиян тигізгенше – жолға аттанып, шынайы кездесу. Арнайы адамдарды сауатсыздандыру үшін шығарылып жатқан ойындарды ойнау орнына – есік алдына шығып достарыңмен доп тебу, серуендеу. Кундіз-түні хабарлама «атысып» отқанша –таза парақ алып қалам тербеп, сағындырып, анда-санда хат жазғаның әдемірек. Міне романтика, нәзік сезімдер қайда жатыр… Көрінгенмен суретке түсіп, селфи жасап жеке парақшаға жариялап, «лайк» жинаумен әуре болғанша – фотоальбомға клеймен жабыстырып, немесе қабырғаға іліп қойған абзалырақ.

Адам — жақындары, дос-жарандары, туған-туыстарымен телефонмен хабар алмасуы арқылы тек өзіне ғана емес, сол танысына да қауіп тигізетінін есте сақтасын. Қолмен ұстап, йісін сезбейтін «ғалам» ешқашан кереметтей, ғажабы мен қуанышы мол әлемге «тор» бола алмайды. Ендеше, бәріміз бірге атсалысайық.

Мадина Реброва
Әрі қарай