Жарияланымдар

Еркебұлан Әлімханұлы. Түрік діни ағымдары туралы не білеміз?

Қазақстанда араб діни ағымы уахабшылар туралы көп айтылып та жазылып та жүр. Бірақ олардың ислам әлеміндегі басты бәсекелесі түрік тарикаттары мен жамағаттары туралы мәліметтер өте аз. Сондықтан Түркиядан келген діни ағымдарға тоқтала кетуді жөн көрдік.

1923 жылы Мұстафа Кемал Ататүрік Түркия Республикасын жариялады. Ататүрік, Осман империясының дамымай қалу себебін шығысытық дәстүрмен және дінмен байланыстырды. Сондықтан жаңа құрылған мемлекеттің зайырлы болуын және дамыған Батыс мемлекеттерінен үлгі алып олармен тығыз байланыс құруын қалады. Дін мемлекеттен бөлініп, діндарлардың мемлекет істеріне араласуын шектеді. Ататүріктен кейін мемлекет басшылығына келген Исмет Инөнү, бұл реформаны одан ары қарай тереңдетті. Осы кезеңде дінге қатысты төменднгідей үлкен шешімдер қабылданды:

— Құранды оқытуға тиым салынды;

— Мемлекет астанасы Анкараға орамал таққан қыз-келіншектердің кіруі шектелді;

— Азан-түрікше айтылатын болды тб.

Жоғарыдағы үкімге бағынғысы келмеген дін қайраткерлері қудаланды. Мұндай саясаттан кейін бірнеше ғасыр бойы ең үлкен тарикаттар болып келген діни ағымдардың көбі жойылды немесе жойылуға шақ қалды.

Мемлекеттің бұл саясатына қарамай жасырын жүріп немесе астыртын халыққа дінді түсіндірумен, оқытумен айналысқан тұлғалар болды. Осы тұлғалардың соңынан ерушілер Түркияда жаңа жамағаттардың негізін қалады.

Бүгінгі күні Түркияда ең кең таралған жамағат Сайд Нұр Сейттің жолын ұстаушылар. Жамағаттың негізін қалаған Сайд Нұр Сейт (1878-1960) «Рисале-и Нұр» (Нұрдан хаттар) кітаптар жинағының авторы. Осы жинақты негізге ала отырып жұмыс жасайтын бұл жамағат былайғы қауымға «Нұршылар» атымен танымал. Бұл жамағатты ұстаушылар қазіргі таңда әлемнің көптеген елдеріне жайылып үлгерді. Дегенмен жамағат өз ішінде бірнеше тармақтарға айырылған. Бұл тармақтардың саны оншақты болып табылады. Бұл тармақтардың ішінде ең танымалы және кең ауқымда жұмыс жасап жатқаны Мұхаммед Фетхуллах Гүлен жетекшілігіндегі топ. Мұсылман әлемінің артта қалу себебі білім мен ғылымда кенжелеп қалуында деп түсінетін Гүлен тобы білім саласында жүргізген жұмыстарымен танымал. Өздерінің қызметі жүрген барлық елде білім ордаларын ашуда, жамағаттың жұмысын солар арқылы жүргізуде. Қазақстандағы қазақ-түрік лицейлері де осы жамағаттың білім ошақтары болып табылады. Әлемнің жүзден астам елдерінде мектептер ашқан бұл жамағат жылда Түркияда дәстүрлі «түрік тілі олимпиадаларын» өткізеді.

Пантүркизмді және панисламизмді уағыздайды деп Нұр жамағаты Ресей Федерациясында тиым салынған. Сондай-ақ Өзбекстан билігі де бұл жамағатқа қырын қарайды.

Қызметі мен таралу ауқымы жағынан Нұршылармен бәсекелесе алатын жамағат Сүлейман Хилми Тунахан (1888-1959) жолын ұстанушы «Сүлейманшылар» болып табылады. Жамағат ғасырлар тоғысында екіге айырылған болатын. Оның себебі ағайынды Ариф Ахмет пен Мехмет Теңізұлдарының жамағат лидерлігіне таласуында болса керек. Осылайша екі қолы қалыптасқаныменен бір тармағы әлсіз, жұмысын тек Түркия деңгейінде жүргізіп келеді. Ал екінші тармағы болса қызметін қарышты дамытуда. Медресе жүйесі негізінде жұмыс жасайтын бұл жамағаттың да қызметі әлемнің жүзге жуық елдеріне жайылған.

Жоғарыдағы екі жамағаттан басқа Түркияда Накши жолын ұстауды жалғастырушылар бар, сонымен бірге негізін Махмұт Ұстаосманұлы қалаған «Махмұтшылар», соңғы жылдары көпшілікке Харун Яхия деген атпен танылған Аднан Октардың соңынан ерушілермен тағы басқа жамағаттар бар. Бірақ бұл жамағаттар жоғарыдағы жамағаттар сияқты кең тарамаған.

Жоғарыдағы жамағаттардың барлығының дерлік бүгін Түркияда билікте отырған АК партиямен (Әділет және Даму партиясы) арақатынасы жақсы. Тіпті түрік солшылдарының арасында бұл партияны билікке алып келген Нұршылар жамағаты деген пікірлер де бар. Бірақ Сүлейманшылар жамағатының кең тараған тармағы мен партияның арасында қайшылық шыққан болатын, керісінше екінші тармағы партиямен тығыз байланысты және жетекшісі АК партияның парламенттегі фракциясының мүшесі.

Жоғарыда атап өткен тиымдардың көбі 1950-ші жылдары алып тасталғанымен олардың орнын кейбір жұмсағырақ тиымдар алмастырған. Сондықтан Түркия жамағаттары өздерін еркін сезіне алмайды. 1990 жылдары Тұрғыт Өзалдың либералдық реформаларынан кейін жамағаттарға қысым азайған болатын, бірақ артынан жасалған әскери төңкерістен кейін қысым қайта күшейді. Тек билікке исламшыл делінетін АК партия келгеннен кейін ғана жамағаттар өздерін қайтадан еркін сезіне бастады, бірақ заңда жасалынған тиымдар әлі алынбағандықтан (ол үшін ата заң өзгеруі керек) олар жұмыстарын әлі де ашық жүргізе алмай келеді.

Түрік жамағаттары Сауд Арабиялық уахабшылар сияқты бай емес. Олардың қаржылық мүмкіндігі шектеулі. Негізгі қаржыландырушылары қарапайым жұмысшыдан үлкен кәсіпкерлерге дейінгі аралықтағы адамдар болып табылады. Олардың барлығы табыстарының белгілі бөлігін зекет, қайырымдылық, құрбан ретінде өздері байланған жамағаттарға аударып отырады. Сонымен бірге жамағаттар жағдайы төмен жастарға жатын орын, стипендия тағы басқамен қаржылай көмек беріп оларға дінді үйретеді әрі оқуын бітіруге көмектеседі. Оқу бітіріп табыс таба бастаған жас одан кейін өмір бойы жамағатына көмектесіп отырады. Бұл жүйе түрік жамағаттарында жақсы жолға қойылған.

Қазақстанда жоғарыда аты аталған жамағаттардың көбінің тіпті олардың тармақтарының да орталықтары бар. Олар Қазақстанның барлық аймағында дерлік жайылған деуге болады. Түрік жамағаттарына байланған адамдардың саны уахабшылардан мен яссауишылардан кем болмауы мүмкін. Бірақ Түркиядағы тиымдардан сабақ алған олар тыныш жұмыс жүргізеді және өздерін қоғам өкілдерінен бөле-жарып ұстамайды. Егер интеллигенция өкілдерінің арасында таралуын салыстырсақ онда олардың саны тіпті уахабшылармен яссауишілерден де көп болуы мүмкін. Себебі түрік жамағаттарының білім саласында көбірек жұмыс істейтінін жоғарыда атап өттік. Қазірдің өзінде бақылап қараған адамға түрік жамағаттарына жұмыс жасайтын медиа мен баспаханаларды, ірі БАҚ құралдарының журналистерін ажырату қиын емес.

Ал енді бұл араб, түрік, парсы, пәкістандық жамағаттардың арасындағы басты айырмашылық не деген сұраққа келсек. Түрік жамағаттарының уахабшылардан басты діни айырмашылығы бұларда да әруақты құрметтеу бар. Бұл, ислам дінін орта ғасырда қабылдаған түркі халықтарының жаңа дінді өздерінің дәстүріне сәйкестендіруімен байланысты болса керек. Яғни халықтардың арасындағы салт-дәстүр ерекшелігі әр халықтың исламды өздеріне тән етіп алуына себеп болған сияқты. Бұлардың арасындағы негізгі діни айырмашылықтарды теологтарымыз ажыратып берер, біз саяси астарын ақтарып көрдік. Басты саяси айырмашылық, ол, болашақ халифтта кім гегемон болады деген талас сияқты. Ислам әлемінде уахабшылар Сауд әулетінің үстем болғанын қалайды, түрік жамағаттары Осман империясы тұсындағы гегемондықты, парсы ағымдары бұрынғы Парсы империясының өктемдігін, Пәкістаннан келгендер өздерінің идеологиясына негізделген халифат құрылуын көздейді.

«Абай-ақпарат»
Әрі қарай

60 жылдық есеп-қисап

Таңерең ұйқыдан тұру, жуыну, сабаққа бару. Тамақ ішу, ұйықтау. Күнделікті біздің орындайтын іс-әрекетіміз осы. Болмашы ғана көңіл бөлетін нәрселер жиынтығы да біраз уақытымызды алады екен. Мысалға, таң ертеңгі жуынуға – 15 минут, түсте – 5 минут, кешке – 10 минут уақыт кетсе, күнде жарты сағат уақытымыз жуынумен кетеді. Айына 900 минут (15 сағат), жылына 10950 минут (182,5 сағат). Демек, жылына жуынуға 7,6 күніміз кетеді. Егер адам орта есеппен 60 жыл өмір сүреді десек, 456,25 күніміз жуынумен кетеді. Ғалымдардың дәлелі бойынша адамның жеткілікті тынығуы үшін күнделікті 6-8 сағат ұйқы керек екен. Күнделікті сегіз сағат ұйықтар болсақ, бір күннің үштен бірін ұйқымен өткіземіз. 60 жыл өмір сүретін болсақ, 20 жылымыз тәтті түстің құшағында өтеді. Сексен жылдық өміріңіз болса 27 жыл ұйықтайсыз. Ал, Шоқан Уәлиханов 24 жасында «Қашқария» сапарын аяқтаған. Мектепте – 11 жыл, ЖОО-да 4 жыл оқимыз. Ал, шынында біз қанша уақыт білім аламыз. Кәдімгі мектептерде күнделікті алты сағат сабақ болады. Әр сабақ 45 минут. Бір күнде 45x6=270 минут. Күніне 4,5 сағат болатын болса, жылына 33,75 күн мектепке барамыз. 11 жылда 375,25 күн болады. Жоғары оқу орнында 90 минуттан төрт пар болады (90x4=360). Орта есеппен жылына бір білімгер оқуға 210 күн барады десек, бір жылда 52,5 күн, төрт жылда 210 күн болады. Мектеп пен университетті қосқанда – 585,25 күн. Сонда бір адам 15 жылда небәрі бір жыл, жеті ай ғана білім алады.
Қазіргі кезде жастардың арасында «агент» көп тараған. Күніне кемінде бір сағат агентке кірер болса, жылына 365 сағат (15 күн) алтын уақыты агенттің құрбанына айналады. Алпыс жылдық өмірі бар адам 900 күн агентте отырады. Яғни, екі жыл, бес ай, жиырма күн. Өмірімізде бір жыл, жеті ай ғана білім аламыз, агентте екі жыл, бес ай, жиырма күн отырамыз.

Таңғы асқа жарты сағат, түскі асқа жарты сағат және кешкі асқа бір сағат (қазақтар тамақты кешке жегенді ұнатады ғой) уақыт кетеді. Екі сағат ас ішіп, аяқ босатамыз. Жылына отыз күн, он сағат тамақ ішеміз. Жасымыз алпысқа жеткенде бес жыл бойы тамақ ішкендей болады екенбіз. Сол бес жылда 45 тонна тамақ, 35 мың литр су ішеміз. (Не деген мешкейміз?!) Соншама тамақтың 19 мың литрін тер арқылы, 45 мың литрін түкірік арқылы шығарамыз. Шашты айына, тырнақты аптасына алса, ер адамдар сақалын күнде қырады. Егер ешқайсысын қырықпай, өсіретін болсақ тырнақ 5 метр 10 см, сақал 12 метр 50 см, шаш 11 метр 50 см-ге дейін жетеді екен.
Одан басқа адам баласы:
• Адам 17 жыл аяғынан тік тұрады.
• 2200 ат күшіндей энергия жұмсайды (Үлкен бір ұшақ моторының күшіндей).
• 300 мың метр жоғарыға шығады.
• 125 мың шақырым жол жүреді (Жер жүзін үш рет айналғандай).
• 101 күн суда болады.
• 80 миллион сөз сөйлейді.
• 288 тонна нәрсе көтереді.
• Темекі шегетіндер 116 мың дана темекі тартады. Егер бұл темекіні бір-біріне жалғар болса, 11 шақырымға дейін жетеді. Міне, ептеп-септеп есептеп үлгергеніміз осы. Біз үшін күнделікті байқалмайтын уақыт сынаптай сырғып жатыр. Жоғарыда келтірілген – 60 жылдық өмірі бар адамға арналған қарапайым мысалдар.
Оқыңыз, ойланыңыз, есептеңіз. Сіз қанша уақыт ұйықтап, қанша уақыт тамақ ішесіз? Келтірілген мысалдардың рас-өтірігіне көз жеткізіңіз!

Мақала «Нұр Астана» газетінде жарық көрген.

Пы.Сы. Сатып Алдының өтініші бойынша әжетханаға кеткен уақытты да есептеп тастайық. Сонымен,әжетханаға адам күнде қанша уақыт барады екен. Жарты сағатты бөлер болсақ, 60 жылда 456 күндей барады екен. Енді қалып кеткендері болса өздерің есептерсіңдер.
Әрі қарай

Билл Гейтстің құпиясы немесе Windows-дің біз байқамаған сыры!!!

Компьютер күнделікті пайдаланатын құралға айналғаны соншалық, онсыз өмірді елестету қиын секілді. Әлемге танымал тұлға Билл Гейтс, осынау бір керемет құрылғыны жұмыс істететін программа ойлап шығарды. «Windows» есімін иеленген системаның біз білмейтін құпиялары бар. Мысалға, ешқашан «CON» деген атпен ешнәрсе сақталынбайды. Түрлі амал қарастырсаңыз да еш нәтиже шығара алмайсыз. Осы аттас папка ғайыптан сақталына қалса, онда система өзінің тұрақты жұмыс істеуін тоқтатады. Төманде сақталынбайтын аттарды көре аласыз:

PRN
AUX
NUL
LPT1 (кез келген сан)
COM1 (кез келген сан)
Кейбір бейресми дерек көздері «CON», яғни Ағылшын тілінен аударғанда «жүлік» деген мағына беретін сөз Билл Гейтстің жас кезіндегі лақап аты екен деп сандарын шапалақтап жүр. Олардың сөзіне сенсек, Билл бұл сөзді ұнатпапты-мыс. Сол себепті бұндай атпен ешнәрсе сақтай алмайды екенсіз.

Тағы бір кереметті өздеріңіз жасап көріңіздер. Ол үшін жаңа текст документіне «bush hid the facts» деп жазып, оны сақтап қойыңыз. Келесі кезекте сақталынған файлды қайта ашыңыз. Кереметке куә боласыз!

Жаңа Microsoft Word ашыңыз. Ағылшын тілінде жаңа жолға «=rand(200, 99)» деп жазып «enter» пернесін басыңыз. Кереметтің көкесі.
Әрі қарай

Көмек керек!!!!!!!!!!!!!!!

Құрметті керекинфошылар!
Маған Совет: «Out of sight, out of mind» немесе из глаз долой, из сердце вон деген мақалға қазақша балама тауып беріңдерші.
Әрі қарай

Қызық сұрақ

Маған бір қыз агент арқылы төмендегідей нәрсе жолдап еді. Жауабын таба алмадым. Көмек беріңдерші.

Жiгiт кыздын уйiне келсе, оны корiп калган кыздын шешесi бiр зат лактырады. Ол кандай зат? Жауабы бес арiптен турады. Онга, солга карай окыганда бiрдей соз. Мысалы «КАЗАК»
2-шi сурак.
Лактырган зат жiгiттiн бiр жерiне тиедi. Ол кай жер? Жауабы 5 арiптен турады. Баганагыдай онга, солга окыганда бiрдей соз болу керек
З-шi сурак.
Жiгiт кашып бiр жерге тыгылады. Ол кандай жер? Жауабы баганагыдай 5 арип
4-шi сурак.
Жiгiт кашып тыгылган жерде бiр мал турады. Ол кандай мал? Жауабы баганагыдай 5 арип
5-шi сурак.
Малдын ауызында бiр нарсе бар? Ол не нарсе? Жауабы баганагыдай 5 арип.
Әрі қарай