Жарияланымдар

Ақша тапқың келсе – жүгір!

Ямайкада «кедейшіліктен құтылғың келсе жүгір» деген аталы сөз бар екен. Мұның мағынасы – спортпен айналысқанда ғана қиыншылықтан құтыласың дегенді білдіреді. Ал спорттың ақша табу көзіне айналғалы қаша-а-ан! Ендігі жерде Қазақстан спортшылары Тайгер Вудсдай болмаса да, әлемдік аренада жеткен жетістіктері үшін қаржылай сыйақымен марапатталатын болды.

Бұған дейін «тоғызыншы территорияның» ұландарына Олимпиададағы жүлдесіне қосымша қомақты ақшалай сыйлық беріліп келді. Биылдан бастап әлем, Азия чемпионаттарында топ жарған дүлділдерге қаржылай көмек көрсетілмек. ҚР үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы №53 қаулысы бойынша халықаралық жарыстардың жүлдегерлеріне түрлі мөлшерде сыйақы тағайындалды. Жеке пікірім бойынша, бұл – бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың ел спортын өркендетудегі маңызды қадамының бірі.
Бұрын Сурдолимипиадалық спорт түрлерінің жүлдегерлері назардан тыс қалып жүрсе, жаңа қаулыға сәйкес алтын медальға – 50 000 доллар, күміске – 35 000 доллар, қолаға – 25 000 доллар беріледі. Тіпті, үздік алтылыққа енгендерге де ақшалай сыйлық табыс етіледі. Сондай-ақ, спортшылардың да бапкерлері назардан тыс қалған жоқ. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдолимпиада бойынша үздік алтылыққа кірген спортшылардың жаттықтырушылары түрлі көлемдегі бір реттік сыйақымен марапатталады.

Журналист Руслан Меделбек спортшыларға қаржылай көмек көрсетудің пайдасы мол екенін айтады:
– Қазақстан спортшыларына қаржылай қолдау қажет. Бұл оларға үлкен стимул болмақ. Біз бір олимпиадаға барып, елу алтын алатын АҚШ не Қытай емеспіз. Қазақстанға алтынның да, қоланың да бағасы бір. Сондықтан, әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында орын алған спортшыларға қаржы беру саясатын қолдаймын. Оларды ерте жастан зейнетке шығару саясаты заңға еңгізілсе тіпті керемет болар еді. Жүлдегерлер мен чемпиондарға жасалып жатқан құрметтің құны жақсы. Мемлекеттен бөлек жергілікті әкімдіктер мен демеушілер мараппаттайды. Демек, жеткілікті. Спорттағы жетістік шынайы PR. Сондықтан нағыз жарнамаға кеткен қаржының өтеуі болары анық. Мемлекеттің жеңімпаздарды мараппаттауы, оларға ерекше құрмет көрсетуі дұрыс шешім деп есептеймін.

Халықаралық жарыстарда топ жарған басқа спортшылар қаржылай қанша сыйақы алатынын төмендегі графикадан көре аласыз.
Блог - konvict: Ақша тапқың келсе – жүгір!

Блог - konvict: Ақша тапқың келсе – жүгір!

Блог - konvict: Ақша тапқың келсе – жүгір!
Әрі қарай

Расул – Азия чемпионы!

Астанада күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Аталған жарысқа сары құрлықтан келген 18 елдің балуандары бақ сынап жатыр. Турнирдің бірінші күні, яғни 23 сәуірде ашылу салтанаты өтіп, алғашқы медальдар жиынтығы сарапқа салынды.
Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!
Күндізгі сағат 10-да басталған бәсекенің үздіктері ашылу салтанатынан кейін жүлдеге таласқан. Бірінші күн біздің балуандарымыз үшін сәтті болды. Екі спортшымыз финалға шықса, екеуі қола жүлде үшін сайысу мүмкіндігін иеленді.
Мерекелік ашылуда әуелі оркестр маған таныс емес музыканы ойнады.

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Командалар ашылу салтанатына беттеп келеді.
Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Содан кейін жарыстың құрметті қонақтары балуандарға сәттілік тіледі. Атап айтар болсақ, Қазақстан республикасы спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы – Тастанбек Есентаев турнирге қатысушылар мен қонақтарға лебізін білдірді.

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

«Дәулет» спорт кешеніне жиналған көрермендер.
Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Ресми сөйлеу аяқталған соң, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалды.
Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Астананың әйдік би тобы түсініксіз би биледі. Бір жағынан "қара жорғаға" ұқсағанымен, тіпті басқаша. Очм, дым ұнаған жоқ.
Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Ән де айтылды…
Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Бапкерлер алда-жалда төрешінің пікіріне наразы болса, осы кубикті кілемге лақтырады.
Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Қапталдағы қазының орны
Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Ашылу салтанатынан кейін қола жүлде үшін талас басталып кетті. Боз кілемге әуелі 58 келі салмақта сайысатын балуандар шықты. Өкінішке қарай, күндізгі сессияда Айжан Исмағұлова жеңіліп қалғандықтан, кілем иелері жүлдеге таласқан жоқ.

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Алтын дауысты Мұхаммедәли Болатұлы мен Ағәділ деген амиго.
Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Әйелдер күресінде қарайтын ештеңе жоқ деп кім айтты?!
Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Бас жүлде Рисако Кавайға бұйырды, моңғолиялық балуан Шоовдор Баатаржав күміс медаль иегері атанды. Солтүстік кореялық Ок Хан Кум мен үндістандық Дханда Пуджа қола жүлдеге қол жеткізді.

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Келесі кезекте боз кілемге 57 келіде сынға түскен ерлер көтерілді. Самат Надупбекуулы мен жапон Фумитака Моришита Азияның үшінші нөмірлі балуаны атанды.

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Алтын медальға таласты «Дәулет» спорт кешеніне жиналған қауым асыға күтті. Енді ше, өзінің мықтылығын дәлелдеу үшін біздің балуан Расул Қалиев барын салмақ.

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Финалдық ойында Расул моңғолиялық Дамдинбазар Цогтбахтрмен күш сынасты. Бастапқыда Қалиев босаңдау көрінген. Белсенді қимылдаса да, бірнеше рет қарсыласына есе жіберіп қойды.

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Белдесудің екінші жартысында Расул барын салып, моңғолиялық балуанды қалаған жағына лақтырды. Жарысқа дайындық кезінде Аслан АйнаLine сайтына берген сұхбатында мақсаты финалға шығу екенін айтқан-ды. Расул сөзінде тұрып, Азия чемпионы атанды.

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Медаль тапсыру рәсімі аяқталған соң Расулмен суретке түскісі келгендер өте көп болды. Әсіресе, чемпионның қасынан жас балалар шықпады. Телефонмен құттықтағандарда есеп жоқ.
Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

«Мынау кімнің телефоны?»
Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

65 келіде Дәурен Жұмағазиев белдескен. Өкінішке қарай, қолаға таласта Дәурен қарымдылық көрсете алған жоқ.

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Нағыз жанкүйер — Назерке Сұлтанбек.
Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Аталған салмақта Иран балуаны Мұхаммед Ахмад алтын, солтүстік кореялық Джин Хиок Канг күміс, өзбек Фурхат Фарманов, моңғол Батчулун Батмангнай қола медаль иеленді.

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Боз кілемге келесі балуандар жұбы шыққанда көрермендер бір желпініп қалды. Біздің балуан Аслан Кахидзе алтын медальға таласты. Өкінішке қарай, Асланның әлі ирандық Мейсам Жоукарға жетпеді. Қола медаль өзбек Рашид Курбанов пен моңғол Оргадой Уитуменге бұйырды. Мамандардың айтуынша Асланның финалға жетуінің өзі зор жетістік. Сондықтан, оның ақтық сында әлсіздік танытқаны үшін айыптауға негіз жоқ.

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Соңғы болып кілемге 125 келіде сайысатын балуандар көтерілді. Қола медальға таласта Дәулет Шабанбай қырғыз Аяйал Лазаровты жеңіп кетті. Бас жүлдені Гасеми Камил иеленсе, моңғол Натсогсуерн Золбоо күміс жүлдегер атанды. Қытайлық Хай Чанг тағы бір қола медальды қоржынына басты.

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

«Тістемеееее!»
Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

Жарыстың бірінші күні аяқталған соң қайтуға бет алған едім. Жолда Олимпаиада чемпионы (1980 жыл), даңқты балуан Жақсылық аға Үшкемпіровты көріп қалдым. Әлбетте, мұндай жағдайда суретке түсу уәжіп болар?!

Блог - konvict: Расул – Азия чемпионы!

P.S. Жарыстың екінші күні Татьяна Аманжолова Азия чемпионы атанды, 61 келіде сынға түскен Дәулет Ниязбеков қола жүлде иеленді.
Әрі қарай

Сүтсіздік

Кезекті турға «сүт» тақырыбы берілгенде Абзалдың «бәріңе сүттілік» деп жазғаны бар еді. Бірақ, сол «сүттілік» мені айналып өткен секілді.

Блог - konvict: Сүтсіздік

Апта сә(ү)тті басталғандай көрінген. Ойда бірнеше жоспар бар. Алда-жалда соларды орындай қалсам, маған тең келетін ешкім болмайтыны анық-тұғын. Кешелі бері сә(ү)тсіздікке тап келдім. Жалпы сүтсіздікке ұшырағаныма көп уақыт өтіпті…

Сәби кезім. Анашым күнде бірнеше рет сүтімен қоректендіреді. Ештеңе ойламаймын, уайым-қайғы жоқ (Қиындық болса да оған ой жіберіп, алаңдамайтыным анық сол кезде). Уақыт өте келе мен де есейдім. Ана сүті азайып, оның орнын басқа тағамдар ала бастады. Бір жасқа келген соң тіпті тоқтап қалды. Сүтсіздік.

Кейінірек үй жануарларының сүтін іштік. Күнде таңертең сиырды патаға қосып келген соң, піскеніне көп болмаған ыстық сүттен сіміріп саламын. Алда-жалда нағашыларымның үйіне бара қалсам, қымыз бен шұбат дайын тұр. Нағашы атам керден кесеге толтырып қымыз құйып береді. Дем алмастан соңына дейін тауысуым керек. Әйтпесе, қолындағы таяғы жамбасқа келіп сарт етеді. Шұбаттың жөні бөлек. Ыстық күлшемен қосып ішкен қандай керемет еді, шіркін! Алайда, уақыт өте келе нағашы атам қартайды. Ешкім қымыз құйып бермейді енді. Мен қалаға ілім іздеп кеттім. Күнде таңертең анам пісіретін сүт те жоқ. Шұбатты анда-санда ішемін. Тағы да сүтсіздік.

Соңғысы сүтсіздікпен қатар сәтсіздікке де қатысы бар. Апта басында бәрі керемет еді. «Сүт» тақырыбына дайындап қойған жоспар да бар. Тек бейсенбі күні соны іске асыру керек. Өкінішке қарай, мен келіскен адам телефонын көтермеді. Сол күйі жоғалып кетті. Мұның бәрі ештеңе емес еді-ау, алайда сол аз ғана уақыттың ішінде ол менің жүрегімді жаулап алды…

P.S. Мұны оқыған қазылардың реакциясы мен қоятын бағасын жобалап отырмын. Өзім де сондай жағдайдамын.
Әрі қарай

Көктемді көңілді өткізудің 5 әдісі

Астананың қысы ұзақ болғанымен, күнтізбе бойынша келіп жеткен көктемді көңілді етудің бірнеше жолы бар. Сүйгеніңіз тастап, махаббатыңыз қарамай қойса да мен айтқан әдісті орындаңыз, сонда өміріңіз шаттыққа толы болады. Ал, кеттік!

1) «Алау»
Блог - konvict: Көктемді көңілді өткізудің 5 әдісі
Әрі қарай

Жайдарманнан аздаған есеп

Бейсенбінің кешінде астаналық керекшілер Домбыра Патиге асықса, мен Конгресс Холлға қарай беттедім. «Жайдарманнан» бөлек, онда баруға тұрарлық себеп болған. (Ол — оқырмандар үшін маңызды емес).

Қазақпыз ғой, 19:00-де басталады деген Жайдарман жарты сағаттай кешікті. Ұйымдастырушыларды түсінуге болады. Түсірім болғасын залдың толып отырғаны керек. Көрермен жастардың жайбарақаттығына қынжылдым. Орнымызға жайғасып алған соң, әзіл-қалжың басталып кетті.

Ұнады


— Бұрын Шымкент қазақша квн-нің отаны еді. «Сөз тимесін», «Көз тимесін» және т.б. командалар болатын. Кейінірек сол жақтың жайдарманшыларының әзіліне жарытып күліп көрмеппін. Есесіне кешегі Астана қаласы әкімінің кубогына келгендердің арасынан шымкенттіктер суырылып шықты. Атап айтатын болсам, Қуатжанның кафеге барған сәті кубокті Оңтүстіктің қолына ұстатты. Очм, Қуатжан — кешегі күннің «жұлдызы».
Әрі қарай

Фанаттың сатқындығы

Футболдағы фанат ұғымы қалай өзі? Белгілі бір клубқа жан-тәнімен жанкүйерлік етуі ме? Жалпы футболға Отан ұғымы керек пе? Басқа елге, клубқа жанкүйерлік етудің несі айып? Гаста адамдардың неліктен бір жаққа фанат болатынын ашып түсіндіре алатын шығар, бәлкім. Мені мазалап отырған сұрақ — өз елінің клубына жанкүйер болмағанды сатқын деу лайықты ма?
Футбол, тек қана футбол!: Фанаттың сатқындығы
Әрі қарай

Бұл маусым – бұрынғы маусымнан өзгерек!

«Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек» деген Шәкәрімнің әнін мақала, мақаласымақ жазғыштар қалағанынша зорлап кетіп жүр ғой. Алайда, дәл осы тіркесті Еуропадағы футбол маусымы туралы айтпасақ, обал болады. Яғни, бұл маусым – бұрынғы маусымнан өзгерек!
Футбол, тек қана футбол!: Бұл маусым – бұрынғы маусымнан өзгерек!
  • Әуелі маусым аралық өзгеріс кезінде футбол клубтарының нарықта белсенді қимылдағанын айтуға болады. ФИФА өкілі Кимберли Морристің айтуынша, биылдың өзінде клубтар трансферге 929 миллион доллар жұмсаған. Бұл дегеніңіз өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға көп. Ең қызығы, қаңтардан бастап команда ауыстырған футболшылардың 12 пайызына ғана ақша төленген. Қалғаны клуб жейдесін тегін ауыстырыпты.
Әрі қарай