Жарияланымдар

Ұяттан ұялған сезім

— Сәкен, сәлем!-деген әдеттегідей құлаққа жағымды дауыс естігенде жалт қарадым. Өзіне жарасатын қызғылт түсті көйлегімен еркелей басып, күлімсірей келе жатқан Кәусәрді көріп, бойыма тоқ жүгіріп өткендей болды. Үнемі осы — осынау бойжеткенді көрсем, жүрегім кеудемді тепкілеп, тұла бойыма бір қуаныш ұялағандай болады. Шамасы ғашықтық деген пәлекет мені де шыр айналдырып жүрген сықылды. Құдды бір есімнен айырылғандай күй кешемін. Қашаннан бері екенін білмедім дәл осылай күйге түскенімді. Дел сал күйде жүремінде қоямын…
Әрі қарай

КВН-шілердің құлқы қандай? (Алдекең жазбасындағы пікірден кейін)

Жаңа Алдекеңнің жазбасын, соңындағы пікірлерді оқи отырып, ойға қалдым. Мынау төскейде малымыз, төсекте басымыз қосылған орекеңдерден импортталған ойынды қазіргі таңда жастардың қызыға тамашалайтыны белгілі (әрине, кейбірі ұнатпас, бәлкім). Алайда, не күнкөрістің қамымен тоңып секірген, не қарынның тоқтығынан тойып секірген жасөспірімдерді мәдениетке қарай, өнерге қарай икемдейтін қасиеті КВН-ге деген құрметті арттырып тұр. Мектепте көрінгенмен төбелесіп, болмаса темекі шегіп, арақ ішуді жөн санаған жандардан, ел аралап, халыққа күлкі сыйлаған жастардың бағасы қашанда биік екені даусыз. Ендеше, бұл да бір өнердің түрі деп түйіп қойыңыз.
Әрі қарай

Қазіргі жігіттер қандай болуы керек?

Жалпы қазіргі таңда нағыз жігіт жоқ, жігіт дегендер азып, сонау Баукеңдермен бірге келмеске кетті деп пессимистік ойға беріліп жүргендер көбейіп кетті (әсіресе нәзік жандылар тарапынан). Ал енді біреулер саусақпен санарлық жігіттер бар екенін айтып көңілді орнына түсірсе, бағзы біреулер «Ой, ондай жігіттер, мыннан, пішен, тек қыздар көре алмайды» деп желпіндіріп қояды. Шындығында қалай өзі, нағыз марқасқалар ортамыз да ма, әлде…
Әрі қарай

Педагог болғым келмейді

Қызық. Жұрт мұндай пікірден шақырым аулақ жүретін еді. Өйтпей қайтсін? «Ұстаздық еткен жалықпас..., төрдегі орын мұғалімдікі» деген ұлылардың ұлағатына қарсы шығу мүмкін бе? Алайда бір танысым осылай деген кезде, таң тамаша болдым. Өзі мынау деген мектептің мынау деген педагогы. Шәкірттері қаздың балапанындай соңынан еріп жүреді. Солай бола тұра жаңағыдай айтқанына таң қалмай көр. Сөйтсем…
Әрі қарай

Өсек деген жақсы ма?

Меніңше жақсы. Иә, осы өсек деген пәлені жақсы ма деп қалам, кей кезде. Бұған өзгелердің өре түре келетінін де жақсы білем. Алайда асықпай тұра тұрыңыздар. Сөзім аузымда. Мен өсек айтқым келіп, ішім тесіліп бара жатқан жоқ. Тек осы бір бәленің жақсы жағының да болатынын айтып отырмын.
Жалғасы бар

Қазақты сынаймыз деп жүріп...

Бұрын қазақ намысын қамшылау үшін «қазақ емеспісің, шыда» дейтін еді. Қазір жаманатты бола қалсақ, «е, қазақпыз ғой» деп, тоқмейілсіп тұра беретін болдық. Бұндай жағдайға қалай жеттік?
(жалғасы бар)