Жарияланымдар

Астанада "Астана дауысы" байқауы өтіп жатқанын білесіз бе?

Блог - kaztube: Астанада Астана дауысы байқауы өтіп жатқанын білесіз бе?Жүздеген жас әнші, жалт-жұлт жарық ойнаған караоке сахнасы, елімізге танымал өнерпаздар, қатаң қабақты қазылар алқасы… Бұлардың бәрін «Астана дауысы» байқауынан көре аласыздар! Мақсаты биік, арманы асқақ жоба. Авторы және жетекшісі — Нариман Думанұлы деген белсенді жас азамат. Бұл істің басы қасында өзі шапқылап жүріп, жұмысын өрістетіп келеді. Келесі жылы халықаралық деңгейге шығуды жоспарлап отырған жоба жетекшілері биыл көптеген жас әншілердің талантын шыңдап, дарынын ұштады.
Блог - kaztube: Астанада Астана дауысы байқауы өтіп жатқанын білесіз бе?Бұл жобада ең әуелі жүздеген жасқа есігін ашты. Содан соң солардың ішінен небір күміс көмей, алтын дауыстарын таңдап алып сайысты бастаған болатын. Оларға вокалдан дәріс беріп, дауысын қояды. Содан соң олардың ішінен іріктеліп, іріктеліп келіп, финалға шыққандарға авторлық ән сыйлап, студияда жазып та береді. Бұл өнерге келген жас әншіге үлкен қолдау екені рас.
Сайыстың ерекшелігі — әр сайыс қаладағы түрлі караоке барда өтетін болады. Еркін, заманауи стильде жүргізіліп, жастардың барынша өздерін жайлы ұстайтындай атмосфера қалыптасқан.
Алайда бір әттеген-айы — насихат жағы ақсап тұр. Бұндай жобаның ең басты атқарар шаруасы сол насихат емес пе?! Бірақ ұйымдастырушылар ол жағына жете мән бермеген секілді. Бірақ біздің порталымыз осындай еңбекқор, патриот жастарға деген көмегін көрсеткісі келіп, жобаға ақпараттық демеуші болды. Дәл қазір қорымызда «Астана дауысының» бірнеше сайысының бейнежазбалары бар.
Айтпақшы сайыстың ерекшеліктерінің бірі әр сайыс әр түрлі тақырыптарға арналады. Мысалы мына сілтемедегі сайыс kaztube.kz/video/191603 Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған. Сілтеме арқылы өтіп, Астана жастарының әндерін тамашалап көріңіздер!!!
Әрі қарай

Kaztube жобасы: "Дәрігер кеңесі"

  • Kaztube
Kaztube жобасы: Дәрігер кеңесіҚазіргі кезде көп жағдайда көбіміздің дәрігерге барғымыз келмейтіні бар екені жасырын емес. Біріміз инеден түршігеміз, біріміз ауруымызды жасырамыз, кейбіріміздің тіпті аурухананың дәлізінен де қорқатынымыз да бар. Алайда «Ауруын жасырған өледі» демекші, түбінде ақ халатты абзал жандардың алдынан бір-ақ шығамыз.

Осындай жағдай болмас үшін, бізге аурудың алдын алып, қандай жағдайда не істеу керектігін біліп, қандай аурудың қандай әсерлері мен белгілері барын білудің артықтығы жоқ. Десе де, қазір ондай кеңестерді қазақ тілінде табу қиын. Ал біздің портал сол олқылықтың орнын, аз да болса, толтыру ниетімен «Дәрігер кеңесі» айдарын ашып отыр.

Аталған айдарда еліміздегі білікті дәрігерлерден видеосұхбат түрінде кеңестер беріліп, ауру түрлері бойынша нақты мәлімет алуға болады. Оның ерекшелігі, әр видеода ауру түрлерінің бірсыпырасын айтып, қалқып өтпей, жеке жеке тоқталады. Яғни бір сұхбатта бір ауру түрі туралы әңгімелейтін болады.

Қазірге дейін "Қант диабеті", "Скрининг" секілді аурулар туралы айтылды. Алдағы уақытта тағы да басқа тақырыптарда қамтылатын болады.
Әрі қарай

Байқау, байқау, байқау!!! KVNet әзіл-ысқақ бейне конкурсына қатысыңыз!

  • Kaztube
Kaztube: Байқау, байқау, байқау!!! KVNet әзіл-ысқақ бейне конкурсына қатысыңыз!
Құрметті, блогерлер, Казтюб порталы жаңадан «KVNet-KazVisionNetwork» әзіл-ысқақ бейне байқауын жариялаған болатын. Осыған дейін әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр. Конкурсқа жас мөлшеріне, ұлтына, тұрғылықты мекен-жайына қарамастан, кез келген топ қатыса алады. Демек сіздердің де қатысуға мүмкіндіктеріңіз бар. Ол үшін бар болғаны мамырдың 31-не дейін info@kaztube.kz электронды поштасына бекітілген нұсқадағы өтінішті және 8 минуттен аспайтын СКЕТЧ форматында бір бейнеролик жіберу қажет. Бейнеролик еркін тақырыпта және команданы таныстыру элементтерімен болуы міндетті.

Негізгі талаптар:

  1. Команданың құрамы 7 (жеті) адамнан аспауы;
  2. бейнеролик мемлекеттік тілде болуы;
  3. әзіл-ысқақ түрінде болуы;
  4. әзілдің өзекті (актуалды) болуы;
  5. берілген тақырыбына сай болуы;
  6. қойылым барысында мәдениеттілікті сақтау;
  7. бейнеролик форматы MPEG-4;
  8. бейнероликтің бастапқы өлшемі HD720 (1280x720) кем болмауы тиіс.

Айналаңызға әзілсүйер жастарды топтастырып, шағын ғана видеоролик түсіріңіз де, порталымыз тағайындаған арнайы кубокпен және ақшалай жүлдені (150 000 теңге) алуға ұмтылыңыз.

Конкурс туралы толығырақ білгіңіз келсе, мұнда ережелер жазылған.

Пы.сы. интернеттегі, телеарналардағы, журналдар мен газеттердегі, КВН немесе Жайдарманның әзілдері және т.б. қолдануға рұқсат жоқ :)
Әрі қарай

Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалованың жаңа әні - "Сен мені түсінбедің"

Кез келген концертіне мыңдаған көрерменді жинап алатын Қайрат Нұртас пен Еліміздің көк байрағын биікте желбіреткен сұлу әншіміз Жанар Дұғалова дуэт болып ән айтыпты. Әні керемет! Ол — бұрын Қайраттың өзі жалғыз орындап жүрген «Сен мені түсінбедің» әні. Әннің мәнді-мағыналылығын оған түсірген бейнебаяны одан сайын әсерлі қылып тұр.
Дайындық кезінде бір-біріне ғашық боп қалған екі әнші сахнада бірге ән орындайды да, соңында екі бөлек кетеді…

Әрі қарай

#GGG Тайсонның рекордын қайталады. Головкин мен Мюррей төбелесінің толық нұсқасы

Біз бұл жеңіс туралы айтудан жалықпаймыз. Қазақстандық боксер Геннадий Головкин Бүкіләлемдің бокс қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша әлем чемпионы және Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) нұсқасы бойынша «уақытша» чемпион титулына 72,6 кг дейінгі салмақ категориясындағы айқаста британдық Мартин Мюррейді жеңді.
Головкин қарсыласына қатарынан 19 нокаутын жіберіп, рингтегі мерзімінен бұрын тоқтатылған төбелестер бойынша Тайсонның рекордын қайталады.


Мюрреймен төбелесінен кейін 32 жасар қазақстандық былғары қолғап шеберінің кәсіби рингтегі 32 жекпе-жегінің 32 жеңісі. Оның ішіндегі 29 жекпе-жегі нокаутпен ерте аяқталған.

Әрі қарай

"Болашақ" өнер мектебінде өнерге құштар жастар білім алуда

Жақында ғана Астана қаласында «Болашақ» өнер мектебі ашылды. Мектептің директоры — радиожурналист Әсел Ергешқызы.
Мектепте оқушыларды, жастарды өнерге оқытады, дауыс қою, вокал сабақтары, қолөнер бұйымдарын жасау, ақындыққа үйрету, тағы да басқа сабақтар беріледі.
Мектепті жақыныраө, тереңірек білгіңіз келсе, мына видеоны көріңіз.

Әрі қарай

Дәмді десерт мәзірі

Елбасшымыз халықты отандық өнімдер пайдалануға шақыруды тапсырғаннан бері елімізде өндірілетін тауарларға назар сала бастадық. Байқасақ, олар шынында да өте сапалы. Әрі химиялық қоспалары жоқтығына, тіпті, аздығына сенімді боламыз.
Мысалы, сүт өнімдерін алайық. Сүт өнімдерінің сақтау мерзімі ұзарған сайын құрамында қоспалардың көп екенін аңғара беріңіз. Өзімізде шығатын сүт өнімдері ары кетсе, он күн ғана сақтауға жарамды. Ал, шет елдерден импортталатын сүт өнімдері айлап тұрса да, мыңқ етпейді. Демек… Демек, ой түйетін сәт жетті-ау :)

Оны қояйықшы, жалпы сүт өнімдерінен жеңіл әлі тез жасалатын десерттің мәзірін ұсынамыз ;)

Әрі қарай

Визажист Айдана Әлімжаннан бет әрлеу сабақтары

Қыз баланың әдемі киініп, таза жүргені жеткіліксіз. Сұлулықты нақтылай түсетін әдемі макияж да керек. Мұны бүгінгі заманның арулары өте жақсы біледі. Сондықтан бет күтімі, бетті әдемілеп бояп жүру сәнге айналып отыр.
Барлық қыздар бетіне бояуды ұқыппен, орынды жағуды біле бермейді. Сондықтан кейде бояудың сұлуландырып емес, сұрықсыз қылып жіберетіні бар. Мұны білген нәзік жандар кәсіби визажистердің көмегіне жүгініп, түрлі сабақ алуда.
Кей қыздардың мұндай сабақтарға ақшасы жете бермейді.
Сол үшін біз визажист Айдана Әлімжаннан бояну сабақтарын беруді дұрыс деп шештік.
Ең алғашқы сабақ — бетті әрлеу.

Әрі қарай

Геннадий Головкиннің жеңісі құтты болсын!

Геннадий Головкин британдық Мартин Мюррейді жеңіп, бізді бір марқайтып қойды! 32 жасында өзінде тең келетін мықтының жоғын тағы бір рет мойындатқан Генаға алғыстан басқа айтарымыз жоқ!


Міне, нокдаун мен нокаут кезін тағы бір көрелік!

Әрі қарай

Өнер адамдары Қазақ Хандығының 550 жылдығына дайындалуда

Қазақ Хандығының 550 жылдығын тойлауға дайындық басталып кетті. Еліміздің, ұлтымыздың мерейін асқақ ететін дүбірлі мерекеге өзін патриот санайтын азаматтар қолынан келгенше ат салысуда. Мысалы, интернет желілерінде танымал болған суретші Аңсаған Мұстафа әзірден-ақ атаулы мерекенің жақсы өтуіне ықпал етуді бастап кетті.
Сондай-ақ, басқа да қолынан іс келетін азаматтар өз үлестерін қосып жатыр.

Айтар болсақ, жақында ғана Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл кітапта сонау тарихтың қойнауынан шыққан талай ақпараттар бар.


Өнер адамдарының біразы дүбірлі мерекеге дайындығын бастағаны жайлы хабарлауда. Суретші Қалиолла Ахметжан да Қазақ Хандығының 550 жылдығына қандай дайындықты бастағаны туралы ақпарат айтты. Тарих тақырыбында әдемі картиналардың дүниеге келетініне сеніміміз мол!

Әрі қарай