Жарияланымдар

2 жұлдызға шолу

Қазақстан теле каналынан шығатын екі жұлдызды көп көрмеуші едім. Бірақ маған программаға қатысқан барлық жұлдыздардың ішінде екі ғана жұлдыз жақсы ұнады. Басында оларды тіпті танымайтындамын. Осы шалмен кемпірге не керек екен, пенсияларын алып үйлерінде жатпайма деп ойлайтынмын (Ордабаевтар отбасы).

Қателесіппін менің шалмен кемпір деп жақтырмай жүргенім нағыз жұлдыздар екен. Оны олар финалға жақындағанда программадан шығып қалған соң Ордабаевтар отбасы Жантемір Баймұхамедов және Нұргүл Нұғманова деп таныстырғанда бірақ білдім. Таң қалдым жап жас жігітпен қыз. Міне нағыз өнер, нағыз дарын. Сосын интернетке Жакенмен, Нүкеңнің аттарын толық жазып Гүглге сілтеме жасадым. Мыналарды таптым.
Нұргүл Нұғманова



Жантемір Баймұханов актер, әнші, шоумен. Сайты — http://jantik.kz/

p.s. Бұл екеуінің өнерлеріне шыныменде тәнті болдым.
Әрі қарай

Қар прикол

Бүгін ютубте адасып жүріп мынадай бір видеоға тап болдым. Ішек сілем қатқанша күлем деп (әр нәрсеге жалоба жасай беретін кемпірлер болады ғой, сондай кемпірлер біздеде бар) кемпірлерден ұрыс естідім. Мүмкін сіз көрген шығарсыз, әйткенменде өзіме ұнаған соң керекке іле салғанды жөн көрдім.



Әрі қарай

Казахские имена немесе современный аттар...

Көбіміз жеке куәлігімізді қарап отырсақ аты жөнімізден ең аз дегенде бір қате табатынымыз шындыққой, мұны ауылда өскендер немесе қазақша білім алған, жанымен тәні қазақтар қате екенін байқаймыз. Ал өздерін сөвременнимыз деп атайтындар, өз аттарындағы сөвременни болып жазылып кеткен қателерді байқамақ түгілі содан кайф алатындары бар екен, әсіресе қыздарымызға қатты ұнаса керек мысалы: бұрын Алмагүл, Айшагүл, Айнагүл деп аталып келген қыздарымыздың аттары Алмакул, Айшакуль, Айнакул болып кеткен, қазақта "гүл болғың келмесе күл бол"-дейтін мақал осыдан шығуы мүмкін. Олардан сұрасаңыз біразы өздерін осылай атаған ұнайтындықтарын немесе дөкументтерінде алғашында орыстар солай жазып жібергенін айтады.
Ия айтпақша орыстар демекші, орыстар солай жазса оны қате деп есептемейді екенбізғой. Олар Жамбыл атамыздың атын — Джамбул деп өзгерткенде оған да үйреніп қалғанбыз. Ал орыстардың атасы Иван Грозный аттас Ивандарды — Диван деп атап көріңіз, олар сізді қайтер екен, "безграмотный баран" атансаңыз жеңіл құтылғаныңыз.

Ал дөкументтерінде дұрыс жазылсада, аттарын бұрып айтатын қарындастарымызда жеткілікті. Аттарына Италия, Германия, Франция деген сияқты «Я»-сы бар аттардыда біздің қыздарымыздан естуге болады екен , Әсел деген қызға таныса қалсаңыз — Аселья, Қамар деген қыздан аты жөнін сұрасаңыз — Камарья. Осыған қарап-ақ аттарымыздың заманауйланып бара жатқанын білуге болатын сияқты.
Әрі қарай