Жасай берем сенсіз ақ кешір жаным!
Мен өтпеген көшелерің мәні ме,
Мен жүрген сол жол да саған бөтен ғой
Мен білмейтін сырларыңның бәрі де
Мен таңдаған қырсық мінез екен ғой
Әрине, «caspionet» деген қазақ арнасы бар екендігі рас. Алайда, ондағы көрсетілімдерге қарасаң, анда санда Аллаһқа шүкірлігімізді айттырып қоятын қазақша көрсетілімдер болмаса, ол қазақ арнасы екендігін мойындаудың өзі қиынырақ.
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» — деген еді Ғабит Мүсірепов.
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.
Бір кезде махаббат достықтан сұрапты: “Мен тұрғанда сенің адамдарға керегін не?” — деген, сонда достық: ”Сен жылатып кеткен жерге, күлкі сыйлау үшін...” – деп жауап қайтарыпты. Махаббат пен достық екеуі әрқашан бірге жүреді, бірін-бірі толықтырады.
"Өзге тілдің бәрін, өз тіліңді құрметте",- деп ақын жырлағандай, біз үшін өзге тілді білу-қажет, ал өз ана тілімізді одан да артық білу біздің -парыз. Біз тіліміз арқылы дінімізді, мәдениетімізді, танамымызды дәріптейміз,өнеге тұтамыз. Қазақ халқы арасында «мәнгірттік» деген таным бар.
Адамзаттың өткен ұзақ өміріне көз салсақ, оның өнері мен поэзиясында махаббаттан,ғашықтықтан асқан тақырып болмапты. Махаббатты көне заманда әр халық өздерінің ұғымына, дініне, дәуіріне сәйкес әр түрлі түсінген сияқты. Мәселен, ертедегі грек, рим қолжазбаларында Махаббат құдайлар кейпінде көрсетіліп, дуниенің бар кілті солардың қолында деп дәлелденді. Соның нәтижесінде құдайдың өзі махаббат мағынасында ұғынылған.