Жарияланымдар

guliskhan
Шеркешбай аға, армысыз, аман-саумысыз? Жауабымды кешіктіріп жазып отырғаныма кешірім сұраймын сізден. Сізбен кездесіп, әңгімелескім келеді. Сізді бүкіл қазақ білуі тиіс. Сіздің біліміңізді, өнеріңізді, затыңызды, мүшеңізді Қазақия білуі тиіс. Сізден әлде де сұхбаттар алынуы керек, аға. Сізге жауап жазайын десем, мына Мая деген қарындасыңыз сізге ұрысқан ба, түсіне алмадым. Осы қарындасыңызға мен мына нәрсені айтайын деп едім.
Наймандар, Керейлер, Қияттар мен Мер­кіттер моңғол емес, түркі тайпаларына жатады. Олардың ұрпақтары қазіргі Қы­тай жерінде өмір сүріп жатыр, тілдері қа­зақ­ша. Шыңғыс хан өмір сүрген тұста оның империясында қазаққа жақын ұй­ғыр тілі мемлекеттік болған. Темуджиннің әке­сі (қазақша Теміршін болып айты­лады) Есүгей қияттардың ханы болған. Шешесі Оян Меркіт руынан. Шыңғыс хан­ның әйелі — Бөрте қазақтың Қоңырат руынан шыққан. Оның барлық ұлдары түркі есімдерімен аталды. Шыңғыс хан­ның өзі қазақ тілінде «Шұғылалы хан» де­ген мағынаны білдіреді. Моңғолдарда ол кезде де, қазірде де ондай есімдер бол­ған жоқ. «Хан» деген сөздің өзі моңғол емес, түркілердікі. Моңғолдар өздерінің бас­шы­ларын "қонтайшы" деп атаған. Шың­ғыс ханды әдеттегі қазақтың құрыл­тайын­да хан көтерген. Ал моңғолдарда мұндай сөз жоқ. Тәңірге табынатын тек қа­зақтар ғана қайтыс болғандарды аз адам білетін, құпия жерге апарып жер­леген. Бұл дәстүр туралы Алтын Ордадағы еуропалық елші Плано Карпини жазған. Ол кезде моңғолдар өлген адамдарды молаға апарып ашық аспан астында қалдыратын болған.
Орыс тари­хы­ның бұл фактілерді бүркемелеуінің сыры — кейіннен орыс империясына кіріп, орыс патшаларының қоластында болған қа­зақтардың бір кезде сол орыстарды ба­­ғындырғанын мойындағылары келме­гендігінде. Сондықтан әлемді жаулаушы­лардың бүкіл даңқын алыстағы моңғол­дарға таңып берген.
guliskhan
Мен сізге қалай айтсам екен, мен сіз секілді білімді емеспін. Әйел болғандықтан ер адамға білгішсініп алдын кесіп, артын тосып сөйлегенді жақтырмаймын. Одан да былай жазайын, сіздің де пікіріңіз мен үшін маңызды, жаным аға!
Қазақ халқының тарихы жөнінде біршама көп жазылды, алайда олардың ішінен Вельяминов-Зернов пен Левшиннің зерттеулерін ғана ең тыңғылықты деп есептеген жөн. Қалған авторлар әдетте олардан пайдаланғаны болмаса, өздері ешқандай жаңалық қоспайды. Олардың арасында қазақтар мен басқа да түркі халықтарының ру құрамын тиянақты да қызықты зерттеген Аристов қана ерекше көзге түседі. Авторлар әртүрлі деректерден қазақтар жөнінде, оны әрқилы кездерде әртүрлі түркі-моңғол тайпалары келіп қосылған негізгі тайпа деп ұғынып, тек "қазақ" деген сөзді ғана іздестірді. Бірақ сол орайда ешкім де қазіргі қазақ руларының қайсысы бұрынғы "қазақтардың" үрім-бұтағы болып табылады деген мәселені анықтау керектігін білмеді және ешкім айналысқан да жоқ. Аристов қазақтардың қазіргі ру құрамын талдай отырып және рулардың өткені туралы тиіп-қашып қана айтады. Алайда қазақ халқының тарихи тағдырының жалпы бітімін елестету мүмкін емес.
Қазақтар үш жүзден: Ұлы, Орта және Кіші жүзден тұрады. Ұлы жүзге Үйсін (Дулат, Албан, Суан, Сарыүйсін, Шапырашты, Ошақты, Ысты, Сіргелі), Жалайыр, Қаңлы, Шанышқылы жатады. Орта жүзді Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Керей, Уақ құрайды.
Кіші жүзді үш топтан тұратын Алшындар құрайды: Байұлы (Беріш, Алтын, Жаппас, Есентемір, Таз, Байбақты, Тана, Алаша, Қызылқұрт, Ысық), Әлімұлы (Әлім, Шөмекей және Кете), Жетіру (Табын, Тама, Жағалбайлы, Телеу, Кердері, Керейт және Рамадан).
Әбубәкір Күлбабаның заманында «Отыз екі баулы Өзбек» атанған деседі. Өзбектің үш баласы болған: Мың, Жүз, Қырық. «Адам Атадан бұ заманға шейін пәленнің баласы пәлен, түгеннің баласы түген» деп сөйлеуші өтірікші, жалғаншы болса керек. Қай тұқымнан, қай нәсілден шыққандығын айырып, дәлелімен айтып отырса, оның өзі де — толық білім.
Әуел басы «Тоқсан екі баулы Қыпшақ» атанған Еділ, Жайық, Ертіс, Сыр — төрт өзеннің аралығында, сондықтан Дешті Қыпшақ атанған. Онан соң «Отыз екі баулы Өзбек» атанған.
Өзбек заманында отырықшы халық болған. Өзбектің үш баласы болған. Заманындағы бір ханға біреуі мың ділдә берген, біреуі жүз ділдә берген, біреуі қырық ділдә берген. Сол себепті Мың, Жүз, Қырық атанған. Мыңнан өрбігендер отырықшы халық болған. Сол жүздің ұрпағынан Қазақ шыққан.
«Жүз» деген де аталарының аты болған. "Қазақ" деген де аталарының аты болған, «Алаш» деген аталарының аты болған. Сонымен келіп Алаш Алаш болғанда, Алаша хан болған заманда руының атын "Қазақ" қойып, ұранының атын «Алаш» қойып, Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деп үшке бөліп, Үш жүз атанған.
guliskhan
Дұрыс айтасыз, аға. Бұл жазған сөздеріңізді дәптерге көшіріп жазып алдым. Айтпақшы, аға, Мұхамбеткәрім Қожырбайұлының кітаптарын қайдан табуға болады? Сізбен қалай байланысқа шыға аламын?
Аға, пікіріңізді әрі қарай жалғастырғым келеді. Сізбен әңгімелесіп рухани дүниетанымымды кеңейттім, рахатқа баттым, аға. Рахмет сізге!
Әміршіл-әкімшіл жүйенің күйреуі, жаңа қоғамдық қатынастарға бетбұрыс, демократиялық өзгерістер қазақтардың өзінің өткенін, руы мен тегін, тарихын, елінің игі жақсыларын, батырлары мен билерін, олардың халық алдындағы еңбегін зерделеуге кең мүмкіндік туғызды. Осыған орай бұрын аты аталмай, беймәлім болып келген небір батырлар мен билер, қиын күндері қуғынға ұшырап, кейін мүлде ұмыт бола бастаған арыстар мен боздақтар туралы жариял ам алар, қазақ тарихына байланысты еңбектер, шежірелер жарық көруде. Қалың қауым өз елінің өткенін жаңа түсінік тұрғысынан пайымдап, тарихтың жаңа беттерін ашуда. Мұның өзі — рухани өміріміздің өзегі, экономикадағы күрделі өзгерістермен қоса қабат жүріп жатыр.
Қазір қазақ жеріне де нарықтық қатынастар ендеп ене бастады. Соның әсерімен республика тұрғындарының, қазақ қауымының жіктелісі жүріп жатқанына, бұл жіктелістің барған сайын халықтың қалың топтарын кеңінен қамтып бара жатқанына куә болып отырмыз. Осы процестің арқауы, негізі — әрине, рулық қарым-қатынас емес, кәсіпкерлік іскерлік, неғұрлым мол пайда табуға ұмтылушылық. Соның нәтижесінде ауқатты, қалтасы қалың кәсіпкерлер, шағын дәулеті бар орташалар, күшін жалдап күнелтіп жүргендер болып жіктелу байқалады.
Нарықтық қарым-қатынас таяу жылдарда өмірдің барлық саласын қамтитыны сөзсіз. Ол қоғамның қозғаушы күшіне айналуы, барлық игіліктің жекешеленуі, бәсекелестік рулық қарым-қатынас қалдықтарын жойып қана қоймай, тіпті халқымыздың тарихында ру болғанын біртіндеп ұмыттыра беруі әбден мүмкін. Өйткені кәсіпкерлік адам психологиясын өзгертеді. Адамды іскерлікке, икемділікке үйретеді. Тіршілік талпынысын. барлық күш жігерін баюға, дәулетін неғұрлым молайта түсуге жұмылдырады. Осындай психология жұртты жаппай жайлап келе жатқанда ескіліктің салтын тірілтем деп кейбір рулардың өз жиындарын өткізуін далбасалық десе де болар еді. Бірақ соның өзінде ойлана қарайтын жайлар баршылық. Мәселен: әр қазақ руын білу керек, бірақ руға бөлінбеуі керек деген қағидаға қайсымыз қарсымыз?
guliskhan
Дұрыс айтасыз, аға. Сіздің жазған әрбір пікіріңізді оқыдым. Менің көзімді аштыңыз. Қазіргі жастар білім дегеннің не екенін білмейді. Бәрі «маймылдан жаратылдық» деп өскен нақұрыстар ғой. Үйіндегі ата-анасы да тәрбие бермеген. Осыларға қарап отырып еліміздің болашағына қатты алаңдаймын. Айтыңызшы, аға, бұларға не істеуге болады? Сіз білім нәрімен сусындаған данышпансыз ғой. Сіздің ақыл-кеңесіңіз, біліміңіз маған да керек, аға.
Рушылдық, жүзшілдік — дамудың феодалдық сатысына тән құбылыс. Қазақ халқы ол сатының барлық кезеңдерін бастан кешірді. Сөйтіп жаңа қоғ амдық сатыға өтіп, ұлт болып қалыптасты. Сондықтан да қазір республикамыздың бірде-бір облысында іргесі сөгілмеген, табаны тұтас ел болып отырған ру жоқтың қасы. Қазақтың ертеден келе жатқан үлкен тайпаларының бірі Үйсінді алайық. Оның Қара-Үйсін, Сары-Үйсін деп аталатын руларының өкілдерін Астрахан, Волгоград, Саратов, Батыс Қазақстан облыстарынан көптеп кездестіруге болады. Ертеде аталары Орынбор, Ақтөбе, Жайық бойын жайлаған Жағалбайлы руының адамдары қазір Семей облысында да көп. Сондай-ақ Арғындар Кіші жүзде де аз емес, Он екі ата Байұлына жататын Жаппастар Қостанай, Торғай жерінде баршылық. Қостанай облысындағы Достияровка селосы Жаппастың бір атасы Достиярдың атымен аталған. Орыс отаршылдарының Орта Азияға өтуіне елеулі тосқауыл болды деп Маркс пен Энгельс жоғары бағалаған Адайларды Алматы, Орталық Қазақстан, Түркіменстан, Қарақалпақ республикасы, Түркия, Иран, Ауған жерінен кездестіруге болады. Кеңес өкіметі жылдарында қазақ руларының бір-бірімен араласуы, кірігуі күшейді. Кейбір рулар жойылып кетті, аталмайтын болды. Бұл процестің тереңдеуіне индустриялық орталықтардың пайда болуы, қатынастың жеделдеуі, оқу бітірген мамандардың туған жерден басқа аудандарға аттануы, әртүрлі руға жататын балалардың оқу орындарында, кәсіпорындарда табысып, шаңырақ көтеруі, отасып, отау тігуі себеп болды. Оның үстіне бір еңбекші егісін салып, жеті бастық жемісін алып, жауырды жаба тоқып отыратын әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі тұсында тайпаны, руды, туыстықты сөз етуге тыйым салынып, қазақтардың көпшілігі өзінің руын, тіпті ең жақын аталарын білмейтін болды. Өз тарихына деген халықтың селқостығы күшейді.