Жарияланымдар

Үш тұғырлы тіл XXI ғасыр талабы



Қазақ тілі үш тұғырлы тілдің
біреуі болып қалмайды.
Үш тілдің біріншісі, негізгісі,
маңыздысы бола береді.
(Н.Ә.Назарбаев)

Әрбір тіл өзінің халқы үшін – ұлы. Тіл-халықтың тарихы. Тіл- ұлттың дәстүрі. Тіл- әр перзентің махаббаты. Мен де сөзімнің басын тіліме деген махаббатымнан туған мына өлең жолдарыммен бастағым келіп отыр:

Туған тілім тарихымның бастауы
Туған тілім болашағым аспаны
Туған тілім таза болған жүрегім
Туған тілім мәдинетім тілегім.

Тілім менің ешқашанда өшпейді
Заман маған латынға көш дейді
Назарбаев атамыз үш тілмен
Алға қарай қадам басып өс дейді

Ана тілім абыройым тірегім
Аямаспын ештеңемді ар үшін
Үш тілдікті қолдағанмен жүрегім
Латынға жібермей тұр намысым

Ол таңбамен мен алғаш жазғанмын
Алғаш рет анамның айтқан арманын
Әке деп айтып қуантқан менің әкемді
Сол тілімді құртпаса екен арманым

Үш тілділік заманымның талабы
Латын деп заман қайда барады
Ренішті бұл ұрпақтың бір ойын
Қабылдаса жасаған сол амалы.

Қай кезде болмасын көп тілді меңгерген мемлекеттер алдыңғы қатарда болып көш бастап тұрған болатын. Мысалы, ежелгі Мысырда көп тілді еркін меңгерген мамандар иеархиялық сатымен жоғарлап, салық төлеуден босатылып отырған. Қазіргі Қазақстан саясаты секілді. Бәсекеге қабілеттісіңба, заман ағымымен жүр да, керегіңді ал. Қазіргі таңда алпауыт мемілекеттер көп тілді, әсіресе халқаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санап отыр. Осы орайда бәсекеге қабілетті ел болу мақсатында сол бағытқа көшіп отырған біздің мемлекетті асыра сөгудің осы орайда қажеттілігі жоқ. Себебі, үш тілді білу заман талабынан туып отырған қажеттілік.
Бүгінде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Бұл, өте дұрыс нәрсе. Себебі, бала жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады. Сонымен қатар, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылғаны құптарлық дүние. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген бітірушілер шет елдерде білімін дамытып, тәжірибесін молайтуда. Осы тұста түсініспеушілік орын алуда.Бала санасын жастайынан улау, немесе қазақ жастарының шет ел асып кетуі, ұлтын сатуы деген секілді.
Үш тілді білу дегенді ұлттық тілімізді өшіру деп түсініп жүргендер саясатты толық түсіне алмай жүргендер немесе қалған тілдерді меңгеруге ерініп жүргендер деп түсінсем қате пікір болмас. Себебі, сіздер айналаңыздағы адамдармен танысу, ортаңызды қалыптастыру арқылы, көзіңізді аша салып көрген ата-анаңызды ұмытып куетпейтініңіз секілді, қосымша тіл білуіңіз анаңыздың сүтімен берілген ана тіліңізді артқа ысырып тастай алмасы анық. Осы тұста барлық адамның қабылдауы бірди емес деп пікір білдіретіндерге айтарым барлық адам өз санасын өзі басқарады. Түсінгенге.
«Үш тұғырлы тілдің», шын мәнінде, мемлекеттік тілге мүлде зияны жоқ. Бұл жерде мәселе сол стратегияны, сол саясатты дұрыс жүргізуде, жарқын болашақта нәтижесінің оң болуын қамтамасыз етуде болып отыр. Мәселен, Орыс тілі мен ағылшын тілін оқытатын мұғалімдер міндетті түрде қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді өте жақсы білуі тиіс. Жоғары оқу орнында да ағылшын мен орыс тілін қазақ тілімен біріктіріліп ғана оқытылуы керек. «Үш тұғырлы тілді» тек мәдениетаралық қатынас негізінде қарап, ақпарат алмасу, білім үйрену, тәжірибе жинау үшін үйретіледі. «Үш тұғырлы тіл» саясатын дамыту үшін қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді мемлекет тарапынан ең бірінші орынға қойылып жатқаны да көзі ашық адамдарға шындық. Соңғы санақ бойынша, Қазақстан халқының 93,5 пайызы өз ұлтының тілін — ана тілі деп санайды. Ал, 74 пайызы қазақ тілінде ауызша сөйлей алады, түсінеді. Сонымен қатар 94,5 пайызы орыс тілді болса, 15,4 пайызы ағылшын тілін толық меңгергендер. Демек, 130-дан астам ұлт пен ұлысқа қызмет етіп отырған еліміздегі орыс тілінің қазығы әлі де мықты. Саны бойынша 3/2 құрайды, бұл бізді бір жағынан үлес салмағы жағынан құтқарып та отыр. Бұл статистикаға қарап, «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүргізудің нақты уақыты екенін, яғни темірді қызған кезінде басатын кез екенін атап өту керек. Егер, «Үш тұғырлы тіл» саясатын кейінге қалдырсақ, онда дамудан тоқтап қаламыз.
Кейде есіңе мектептегі ұстаздар сөзі еріксіз оралады. « Тіл білмесең даклада қаласың». Расыменде қазір орыс, ағылшын тілін білмесеңіз ана тіліңізді білгеніңіздің бес тиындық құны жоқ. Көрдіңіз бе, сіздің сауатсыздығыңыз ана тіліңіздің құнын түсірді. Өзге тілдің бәрін біліп тұрсаңыз, өз тіліңізді өзіңіздің қастерлегеніңізбен қоймай, өзгеге де қадірін арттырарыңыз анық.
Ұлым тіліңді жаман сөзден, көзіңді жамандық бағудан сақта. Ұлым, сөзіңді жүрегіңмен тербеп, содан соң айт, бұлай етсең баршаға сүйкімді боларсың. Ұлым, біреуден жаман сөз естісең, оны жүрегіңнің жеті қарыс түкпіріне тұт, оған жаман болар, саған жақсылыққа қайтар», — деп дана Хикар ұрпағына осы бір даналық сөзді жадымызда мәңгі ұстап өзге тілдерді еркін меңгере отырып, өз ана тілімізді сақтап, айтар сөзімізді өз орнымен пайдалана білейік!

Тар заман

Тар заман — 12 бөлімнен тұратын кинотуынды. Қоюшы-режиссері –Мұрат Бидосов, сценарий авторы – Сержан Зәкірұлы.
Оқиға желісі Алашорда үкіметін құру жолында ортақ мұратқа топтасқан алаш зиялыларының өміріне құрылған. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Смағұл Сәдуақас, Мұстафа Шоқай, Жүсіпбек Аймауытов сынды тұлғалардың көркем образдары бір туындыда көрініс табады. Басты кейіпкерлердің бірі – Әлихан Бөкейхановтың тартысқа толы драмалық кезеңі суреттеліп, оның ел үшін күрескен еңбегі, айналасына топталған тарихы тұлғалармен байланысы, көзқарасы мен ұстанымы көркемдік шешімдермен өріледі.
Алашорданың 100 жылдығына орай түсірілген телесериалға театр артистері: Дулыға Ақмолда, Жалғас Толғанбай, Үсіпхан Сейтімбет және белгілі театр және кино артистері: Медғат Өмірәлиев, Кенен Ақүрпеков, Балтабай Сейтмамыт, Тұрсын Құралиев, Мәмбет Қожағалиев, Олжас Абай, Ұлан Болатбек, Жұлдызбек Жұманбай, Дархан Сүлейменов және т.б. түскен.
Кино желісін тамашалап отырып көзіңе еріксіз жас үйіріледі. Қандай текті ұлылар ұрпағы екенімізді тағы бір мәрте есімізге салғандай. Өздерінің құстың қанатындай қысқа ғұмырларында артына қалдырып үлгерген мұралары бүгінімізге дейін азығымыз болып келе жатыр десек асыра айтқанымыз емес. Кейде ойлайды екенсің сол кісілер пайғамбар жасына дейін өмір сүретін болса басқа халыққа жазар дүние қалмас еді-ау деп.
Бірақ, толық ашылмай тарихтың көлеңкелі тұсының толықтыруы болып тұрған жерлері де қаншама. Толық ашылмайды да ау сол жылдар.

1-бөлім: www.youtube.com/watch?v=fyu_OFXcFFc
2-бөлім: www.youtube.com/watch?v=7mYzAq_EG6M
3-бөлім: www.youtube.com/watch?v=n7ZNF7wPQWU
4-бөлім: www.youtube.com/watch?v=xvtEuN8LEzI
5-бөлім: www.youtube.com/watch?v=z_aggxm1b0M
6-бөлім: www.youtube.com/watch?v=tMXA21PMlg4
7-бөлім: www.youtube.com/watch?v=xHEAi27IeEU
8-бөлім: www.youtube.com/watch?v=qguUglAvwQc
9-бөлім: www.youtube.com/watch?v=RAfRJB7JT_E
10-бөлім: www.youtube.com/watch?v=sRxv7TDiPck
11-бөлім: www.youtube.com/watch?v=J8yc1kTZbns
12-бөлім: www.youtube.com/watch?v=mV1vYgtD46w

Еркекпін мен...

Бұрында бір əзіл əңгіме естуім бар еді. Екі дос өз ара əзілдесіп отырып бірі екіншісіне сұрақ қойыпты. Осы өмірде адамның қанша түрі бар, адам қаншаға бөлінеді деп. Сонда досы: адал адам, арам адам, ақылды адам, ақымақ адам, жақсы адам, жаман адам деп тізе бергенде досы сөзін бөліп. Жоға ер адам жəне əйел адам деп екіге ғана бөлінеді деген екен. Қазіргі таңда мен төртке бөлетін едім немесе тек біреуі ғана қалды дер едім. Төртке бөлінеді деу себебім қазір қатын сынды еркектер мен, еркекшора қыздар қосылды дегенім, біреуі ғана қалды дегенім бұрындары да ер мінезді қыздар болған ал қызтеке ұлдар немесе қатын сияқты ұлдар деген болмаған сондықтан тек əйел деген нұсқасы ғана қалды дегенім еді.
Кей жігіттеріміздің бұл сөзім намысына тиері анық дегенмен сіздің бір түкпіріңіздегі намысыңызды ояту маған өте үлкен қуаныш, қазіргі заман тілімен айтқанда челендж секілді сізде осы нəрсені жалғаңыз басқа жігіттердің намысын оятыңыз.
Қазіргі таңда қай əлеуметтік желіні ашпа, қай вайнердің вайндарын қарама, қай əзілді көрме бəрі қыздан қорқу, қыздың айтқанынан шыға алмау, əйелінің айтқанынан шықпайтын еркек, сұранып жүретін азамат туралы. Одан зорғысы қыздың киімін киіп түсу, орамал тағу, тіпті қыз баланың жеке заттарын да қолдану, кию өршіп тұр. Кімнің кінəсі, ойына не келсе соны түсіріп жүрген ең аз дегенде 200 мың оқырманы бар вайнерлер ма əлде соларды бетімен жіберген, қадағаламаған заң ба? Жоқ əлде айналдырып əкеліп тағы өз санасына берсін деген дүниеге тірейміз бе?
Айтсаң мода дейді.
Арзан сөз күлмекке жақсы деп, сол басы төбеден төменге құлдилап бара жатқан еркектеріміздің үстінен күлеміз тағы.
Бірақ өздерін ақтауы жақсы біз қоғамдағы проблеманы көрсетіп жатырмыз дейді-мыс. Жақсы қоғам сондай болсын, ез еркек көп болсын бірақ оны жарнамалағаннан не ұттың керсінше вайндарыңмен ой таста. Нағыз еркек қандай болуы керек екенін көрсет. Насихат жасау деген дүние болатындығында. Қашаннан бері біздің актуалды проблемамыз құдай өзі сақтасын адам ішінен шығатын жел мен қатынынан қорқатын еркек болған. Түсінбеймін. Санамыз қандай, сондай нəрселерді көреміз жасаймыз. Демек сол «атақтылардың» сана сезімі сол дүние айналасында ғана болып тұрғаны ма? Арзан атақ пұлмен тең деген осы екен-ау!

Гүлбаршын Нұрғали
Тұран университеті
3 курс

Кішілігім бар,кісілігіңіз қайда?

Мен қазақпын үлкенді сыйлап, алдына шықпаған, сөз қайтармай сыйлаған, құрметтеген. Бірақ, кейде сол норманы бұзуға тура келетін тұстары да болады екен. Жақында басымнан өткен оқиғамен бөліскім келіп отыр. Кімдікі дұрыс оқып өздеріңіз саралаңыздар.
Күнделікті дағдым бойынша сабақтан кейін қоғамдық көлікпен үйге бет алдым.Барар жолым алыс болғандықтан артқы жағындағы бос орынның біріне барып жайғастым. Адам өте көп емес, бірен-саран ғана түсіп — мініп жатқан адамдар. Бес-алты аялдама өткеннен кейін жасы шамамен қырықтан асқан, толықтау келген, аласа бойлы, қара торы тәте кірді. Арт жақтаң ең соңғы терезе тұсындағы орын ғана бос болатын. Отырғысы келмеді ме, әлде көрмеді ме әйтеуір бері қарай жақындамады. Артқы орынның алдындағы қатарда отырған тәте артқы жақа екі рет қарап алды да сөзін бастады. Сондағы нысанға іліккен бос орынның дәл қасында отырған мен. Тұрған тәтеге қарап:
-Барсаңызшы, анау бедірейіп отырған қыз жылжыйтын шығар, шешесі бар шығар оның да. Жоқ асппаннан солайынан салбырап түсіпті ма? Қайдам бірақ бедірейіп шешесіндей адам тұрып тұрғанына мыңқ деми отырғанына қарағанда шешесі тәрбие бермеген ау! Жастарда ұят жоқ,-деді. Анама тіл тигізгеніне шыдай алмағаныммен жай дауыспен:
-Бос орын бар ғой бері жақындаса жылжитын едім ғой тәте, келіңіз отырыңыз,-деп жылжып тұрған тәтеге қарадым. Ол кісі де соны күткендей келіп орынға жайғасты. Ал алдыңғы қатарда отырған тәте сонда да қояр емес.
-Осылай айтып орын алып алмасаңыз бұларда ұят жоқ, отыра береді наушниктерімен құлақтарын бітеп алып. Не әкеден, не шешеден тәрбие көрмеген тәрбиесіздер ғой,-деді маған қарап. Мен наушникпен отырғаным болмаса бәрін естіп отырғанмын. Естісін деп әтейі айтқанда шығар. Құлағымнан наушнигімді алып:
-Тәте, артық кетпеңіз, бос орын болғасын тұрмадым деп айттым ғой. Әке-шешемде неңіз бар, тәрбие көргем шүкір. Олай ол кісілер туралы жаман айтуға хақыңыз жоқ. Мәдинет сақтайық,-дедім.
-Бесіктен белің шықпай жатып маған мәдениетті сен үйретпе, мәдениетті болсаң маған солай сөз қайтарасың ба? Үй тексіз, отырып алып маған мінезін көрсетеді ғой. Сендилерді қандай ана табади,- деп ашуланып айхайлай жөнелді. Ең намысыма тиетіні ата-анам мен тегіме тисіп тексіз дитіндер еді, бағанағы сабырлықты сақтай алмадым:
-Сізге мен нестедім, үндемеген сайын аузыңызға келгеніңізді айттыңыз ғой. Сіз-ақ тәрбиелі болып балаңызды жақсы тәрбиелеп алыңыз.Менде шаруаңыз қанша?,-дедім да тұрып есік жақа жақындадым. Түсетін аялдамам болмаса да түсіп қалайыншы сөз таластырмай-ақ құрсын деп.
Өз баласына тискенім шамына тиді ма, тәтең автобуста айхай шығарды.
-Менің балаларым тәрбиелі шүкір. Қарашы мұны үндеми қоя салса болады ғой. Жоқ, жауап беріп беттен алуы керек...- тағысын тағы сөздер. Менің орныма алдында отырған үлкен апа жауап берді. Маған қарап:
— Қызым қайтесің жүйкесі жұқарған қатынды. Ей қой болды. Өзің ғана отырған жоқсын ғой. Басты ауыртып жібердің ғой тіпті. Байқұс қызды өзің түртпектедің ғой. Нең бар ода,-деді. Мен үндеми түсіп қалдым.
Түскен жерімнен үйге дейін жаяу бардым. Ойымда бір ой кімдікті дұрыс, бетінен алғаным қателік болды ма екен, үндемеуім керек пе еді, алде кешірім сұрай салуым керек пе еді. Жоқ менікі дұрыс па? Білерім бір нәрсе ашулымын. Неге көбі «жастар тәрбие көрмеген» деп жар салады да, өздері аузына келгенін айтып отырады. Жастар сол кісілерден үлгі алады емес па? Қоғамдық көлікте «ей орын берш» деп келетін кісілер сыймен келсе сыйлаған адам береді емес пе? Жассың деп басынатын адамдар менмендікпен емес кісілікпен жоғары тұрса кішілік танытатын едім. Кішілігім бар, кісілігіңіз қайда?

Студент жыры

Өмірдің ұмытылмас ең қызық шағы студенттік өмірге алғаш қадам басып, студент атанып «студенттер үйіне» жайғасқаннан кейінгі əкеме жолдаған өлең жолдарым.

Уайымдама əке,
Қарным тоқ, жақсы бəрі.
Ұйқым қанған тек сабақ мас қылады,
Оқуданда озатпын бірақ əке
Озаттылық ортаңа қас қылады.

Уайымдама əке,
Көңіл күйім тым керемет.
Өз дауысың бір тылсым күш берермет,
Сағындымғой қызым деген сөзіңнің
əрқашанда мен үшін орны бөлек.

Уайымдама əке,
Апайлар мақтап жүрет.
Достарымда ерекше жақсы көрет.
Торда қалған тоңып торғай емес
Қызың бүгін қыран боп самғай білет.

Уайымдама əке,
Сен берген ақша жетет.
Киіміме, тамағыма тура кетет.
Артық ақша сұрасам кешір мені
Қызыңның қыдырғысы келіп кетет.

Уайымдама əке,
Уайымға салсам егер.
Студентқой қызыңды демеп жібер.
əкесіне ұқсаған деген сөзді
Қызың əке керемет сөз деп білер.

Уайымдама əке,
Бəрі үшін алғыс сөзім,
Не айтсамда құшағыңды жайған өзің,
Сенди əке тек менде бұл əлемде
Солай болат таусылғанша соңғы демім!

Әттеген-ай...

Қазіргі таңда ең көп естейтін сөзіміз "Қазіргінің жастары кітап оқымайды, мына интернет дегендері бәле болды" деген алдыңғы толқынның артқы толқынға өкпесі. Онысы да распа дейсің кейде, ұлы Абай мен Мұхтарларды танымайтын жастарды көргенде.Бірақ қозғайын деп отырған тақырыбым ол емес кітап оқу жайлы болмақ.
Кітап оқу дегенді зырылдатып басымен аяғына жеткізе салу деп түсіну үлкен қателік. Кітапты оқып бастағаннан кейін оқиғаның ішіне кіріп кейіпкермен бірге күліп, бірге жылап толықтай сезіну керек. Бір кітаптар бірнеше оқиғаға құралған шытырман дүниеге толы болады, ал кей кітаптар жаныңыздың шеткі пернесін түртіп нәзік сезімге жетелейді, жаныңыз нәзік болмаса да жылатады, жастардың қызығушылығына айналған доромасынан артық әсер сыйлайды сеніңіз.
Осы орайда өзім жақында ғана оқып бітірген бірнеше күн уайымнан шыға алмауыма, әр оқиғасын оқыған сайын көзіме жас үйіруіме себеп болған Мұхтар Әуезовтың "Қорғансыздың күні" әңгімесі жайлы қысқаша айтқым келіп отыр. Әр қайсысыңыздың өмірде өз тарапыңызға жасалған әділетсіздік куәсі болып, ішіңіз ашып қалған сәттеріңіз болған шығар. Міне, бұл кітаптың ішіндегі әр оқиғада да әділеттілік жеңіліске ұшырап, қорғансыз адамдар жапа шегіп, опасыз адамдар еш жазасыз жеңісіне масаттана кете барады. Кино мен ертегілердегідей соңы бақытты болып аяқталмайды, дәл өмірдегідей әттеген-айы басым. Бұл кітапқа әлі үңілмеген болсаңыз оқуға кеңес беремін. Жасыған жігеріңізге талпыныс беріп, адал мен арамды ажыратып өмірдің басқа бетін ашасыз. Келесіде әділетсіздік құрбаны болып, қорғансыздың күнін кешпейтініңіз анық.