Жарияланымдар

erkekiz
Осы «Керек инфоға» сирек кіріп, кейде пайдалы дүниелерді оқып демалып қаламын. Соңғы кездері байқаймын тек өсек жазатын алаңға айналып бара жатқан секілді. Сол қысыр әңгімені жазатындар осы сайтқа «активный» жазатын 4-5 адам ғана. Қазір ер адамдар өсек айтудың жаңа әрі «сыпайы» түрін ойлап тапқан ба деп ойлап қаламын. «Блоггер» деген атты жамылып алып, ойына келгендерін жазады. Жыл сайын блогшылардың құрылтайын өткізеді. Қызық, сол жиында не талқылайды екен? (Көпке топырақ шашқым келмейді, еңбегі сіңіп жүргендер де бар.)Егер қазақтың жігіті деген атқа лайық болсаңыздар, біреуді ғайбаттап, кекетуді доғарыңдар!!! АҚЫРЕТТЕ жауап беретіндеріңді ұмытпаңдар. Судың да сұрауы бар ғой. Осы жерге жаман «зайып ал», «епті баймайды», «на...» деген сөздерді жазып, кімге үлгі болып жүрсіңдер??? Ойланыңдар!
Соңғы түзету:
erkekiz
Сүйінші!!! Бүркіт Нұрасыл кеше әке атанды! жұбайы Жұлдыз дүниеге торсықтай ұл әкелді.
erkekiz
Астанаға келгелі менің өмірім №28 автобуспен тікелей байланысты.Қазір кондукторларды да танып қалдым, тіпті кейбірімен бас изесіп, сыбырлап болса да амандасып қоямын...
erkekiz
Сол сериалды көрсем нервым ауырады. Ойлап отырған шығарсыздар «жап-жас болып алып, жүйкесі ауырады» деп… Бірақ, шынымен түрік сериалдарынан моральный шаршаймын. Түрік тілін еркін меңгергенмін,әлгі «Денизді» көре салайын деп түрік сайттарына кіргенмін, содан соңына жете алмай қоя салдым. Өткенде қарасам әлі болып жатыр екен ғой)))) маған "Қазақстан" арнасынан беріліп жүрген «Келін» ұнады
erkekiz
Қырғыз бауырларымыздың Лондонда киетін киімдерімен таныс бола отырыңыздар — www.alaman.kz/?p=35862
erkekiz
Мен су ішемін, тіршілік нәрі ғой)))Нан жесең де артынан су ішу керек…
erkekiz
Біздің формадан да сапасы төмен тігілген киіммен келетіндер бар. Менің ойымша, мына форма алдыңғы қатысқан 4 олимпиаданың киімінен тәуір. Сыртынан киетін куртка кожаный, бұл Тұманды Альбионның ауа райына лайықталып тігілген. Ал, спортшылар киім туралы мнение айтып, «жұлдыз» болып, өздеріне пиар жасағанша жарысты ойласыншы. Уақыт өтеее аз қалды. Уәдені үйіп төкті ғой Ақордаға барғанда… Сәттілік тілеймін Қазақстан құрамасына!
erkekiz
Оның үстіне мына форма тек парадныйға арналған. Ал, спортшылардың жарысқа киетін киімдері бөлек.
erkekiz
Мен осында келіп жүргеніме өкініп жүрмін. Үйрене алмай қойдым, әлі...((((Алматыма кетемііііннн!)))
erkekiz
Бірінші рет пікір жазып отырмын. Керекинфоға ешқашан жазған емеспін, тек оқығаным болмаса.Суреттегі екі адамды әбден жамандап, күнәларын өздеріңізге алдыңыздар ғой. Суреттегі қыз Ғазиза Райымбек, ал ер кісі Ұлан Тәліпбай. Екеуі де журналист, осы форма туралы сюжет әзірлеген.Сол кезде суретке түскен. Олар ешқандай модельер немесе өздеріңіз айтқандай «Агроном, әрі кетсе ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары» емес… Мән жайды біліп, талқыға салайық. Спортшыларға бастысы киім емес, нәтиже!