Жарияланымдар

Көңілдің кейбір кездері..

Әлі күнге дейін мені біреу көзімді бақырайтып қойып мақтап тұрса, ең алдымен «бұл неге мақтап тұр екен?» деп қылп ете қалатын әдетім бар. Енді біреу, жерден алып, жерге салып сынаса «бұл неге сынап тұр?» деп ойланамын. Әрине екі жағдайда да бірдей реакция жасайтыным ешкімге қызық емес. Бірақ, маған дәл осы маңызды. Өйткені, өміріміздегі әлсіздіктеріміз бен кемшіліктеріміздің бәрі қарабайыр деп санайтын болмашы нәрселерден бастау алып жатыр. Өз басым ешқандай мақтауға сенбейтін адаммын. Себебі, қазір көп адам фактімен мақтамайды, жалпылама мақтайды. Жалпылама мақтау, сөздің шыны керек, ол — таза «драма». Ал, мен нәтижеге ғана сенгім келеді. Адамды мақтау үшін де еңбектену керек. Фактімен мақтау үшін. Егер, осылай істесек, әлгі мақтап тұрған адамымыз шынымен риза болар еді-ау!
Әрі қарай

Ой...

Анадан төртеуміз. Әкеден де төртеуміз. Мінезіміз төрт түрлі, бірақ татумыз! Тәрбие біреу! Ал, түсініп көр!..
Әрі қарай

Домбыра үйренейік!

Бір шал домбыраны үйренбек болып, сабалап жатыр жатыр екен. Кемпіріне мақтанып қояды,
-Кемпір, қалай, жақсы тартып жатырмын ба?-деп.
-Қайдам, шал-ау, домбыра тартқандардың саусағы ары-бері жорғалаушы еді, сенің саусақтарың бір орнынан қозғалмайды ғой,-депті. Сонда шалы,
-Оларың саусақтары ары-бері қозғалса қай жерін басатынын таппай жүреді екен, ал, мен таптым,-деген екен…
Әрі қарай