Жарияланымдар

Мен сіздерге нағыз музыканы сыйлаймын.


Соңғы жылдары жұлдыз болуды армандайтын жас әншілерді жарыққа шығару қолға алынуда. Болашағы бар, бойында табиғи дарыны бар, өз ерекшелігі де жетерлік жанға қолдау көрсету керек.
ADAM – Қазақстанда классикалық ритм-н-блюз жанры бойынша алғашқы орындаушы.
Продюсерлердің ADAM-ды жарыққа шығарудағы басты мақсаты – жауыр болған бірсарынды музыка мен Қазақстан шоу-бизнесіне бұрын соңды болмаған, жаңа үлгідегі жаңалық әкелу. Орындаушының басты ерекшелігі – әнді таза, шынайы орындаумен қатар драматургия мен жан тебірентер, өмір тақырыбындағы әндерді тыңдармандардың жүрегіне жеткізу.

«Сіздің санаңызға шынайылық, жүрегіңізге мейірімділік дәнін егіп, жаныңызды нағыз музыкамен сусындатамын. Мен сол үшін келдім. Қарсы алыңыздар!» -дейді ADAM.
Muzzone EMA 2012 марапаттау рәсімінің шымылдығын ADAM «Жол» әнімен ашты. Әннің сөзін Перизат Жұмажан жазса, әнін Elgato дүниеге әкелді. Әннің мағынасына көз жүгіртсек – өмірде өз маңдайына жазылған жолды адаспай табу.
2-ақпан күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шоу бизнес пен отандық музыка үшін жылдың ең басты «Еуразиялық MUZZONE EMA 2012» атты марапаттау кешінде жас орындаушының тұсауы кесілді. ADAM көрермендер мен кеш қонақтарын ерекше ән орындау шеберлігімен тәнті етсе, арнайы әнге сай ұйымдастырылған қойылым көшілікті таңғалдырмай қоймады. Танымал өнер адамдарының батасын алып, үлкен сахнаға қадам басқан ADAM-ға сәттілік тілейміз.
Әрі қарай

Көріпкел Бақыт Жұматова «Жаужүрек мың балаға» қарсы

«Елім менің» думанының төрінде талай танымал тұлғалар өз білімдерін ортаға салуда.
Кезекті ойында «Талап» пен «Алтын» тобы болып бөлінген қатысушылар бір-бірін аямады. Мұрат Қожаның тобында көріпкелдер сайысының 7-ші маусымының жеңімпазы Бақыт Жұматова, ақиық ақын Исраил Сапарбай, «Алматы аруы — 2010» байқауының жеңімпазы Салтанат Байжігітова, ал Қаракөз Тілеубекованың тобына журналист, дизайнер Азамат Сандыбай, әнші Шәкизада және «Жаужүрек мың бала» фильмінде Таймас-тың рөлін сомдаған жас актер Аян Өтепберген келді.
Ойын барысында Исраил ағамыз көп жерде көрегендік танытып, жастарға жол берсе, ал Шәкизада әндерді табуда көрермендерге өз ісінің маманы екендігін дәлелдеді.
Азамат журналист ретінде екінші айналымда тілге деген біліктілігін көрсетуге тырысты. Бірақ, бүгінде елге жүргізушілік қырынан танылып жүрген Салтанат та фразеологиялық тіркестерді айтуда әріптесінен қалыспады.
Бақыт Жұматова көріпкелдік қасиеттерін қарсы командаға қалай пайдаланғанын, Аян Өтепберген өз патриоттық білімін «Таймас» ретінде қалай көрсеткенін білгіңіз келсе, «Қазақстан» Ұлттық арнасында «Елім менің» думанын көруге асығыңыз. Біз сіздерді қыркүйектің 30-шы жұлдызы, сағат 21:30-да эфирде күтеміз.
Әрі қарай