Жарияланымдар

"Октябрьское небо" фильмі

Адам қандай істі қолға алса да, алдына қойған мақсаты болса, оны ештеңе де тоқтата алмайды. Сол сияқты «Октябрьское небо» фильміндегі басты кейіпкерді, кішкене ғана шахтерлер қаласында өскен он жеті жасар Хомерді ештеңе де жолынан тайдыра алмайды. Әкесі ұлының орындалмас армандарының жетегінде кетпей, өзіндей жақсы шахтер болуын қалайды. Өйткені бұл қалашықтың тауып жатқан наны осы шахтадан. Сол себепті тұрғылықты жастардың мамандық таңдайтындай жағдайы да жоқ. Алайда, жас жігіттің бар ойын ракета құру идеясы басқан. Және бұл идеясының жүзеге асуына мұғалімі мен жақын достары ықпалын тигізеді. Әрине мұндай арманның орындалуы оңайға соқпады, себебі Совет Үкіметінің алғаш жіберген спутнигінің кіп-кішкентай жарығын аспаннан бір-ақ рет көргеннен бойын ракета құру арманы шырмаған балаға кім сенсін. Бірақ соңында әкесі де ұлына қол ұшын созады. Фильмде әкесі мен ұлының арасындағы қатынас жақсы жеткізіліп түсірілген.
«Октябрьское небо» — мақсатыңа талпыныспен, еңбек етіп, сабырлылықпен жете білу жайында үйреттетін, жігерлендіретін фильм. Шын өмірден алынып, түсірілгендіктен де қатты ұнады. Көруге кеңес беремін.
Киностан: Октябрьское небо фильмі
Әрі қарай

Шопоголик

«Шопоголик» фильмін көрген шығарсыздар. Шопинг десе ішкен асын жерге қоятын, қымбат киімдерге жаны құмар, тапқан табысының бәрін және қарызданып тұрып алатын Ребекка есімді жас журналист қыз жайында түсірілген фильм. Шын мәнінде де, Софи Кинселла айтқандай, Ребекка — ол мен немесе менің әпкем немесе кез келген үйінен дүкенге бір минутқа кофе аламын деп шығып, жаңа туфлимен қайтатын адам. Ребекка — дүкенге жаңа ғана көрген пальто таңдандырарлықтай және оны сатып алмай кетуге болмайды деген сенімділікпен кіретін кез келген адам.
Менің де жолдасым ендігәрі далаға банк карточкасымен жібермейтін халде отыр.
Ал Нью-Йорк штатындағы Ямайканың Сауда палатасында үнемшіл тұтынушыларға арналған даңқ бөлмесі бар екен. Мұнда болашақ ұрпаққа үлгі болсын деген мақсатпен ең үнемшіл тұтынушылардың тізімі ілінеді. Жыл сайын Сауда палатасы "Үнемшіл тұтынушы" деген атаққа лайықты кандидаттарды іріктейді.
Сондай жеңімпаздардың бірі Патриция Гейзар бағасы 10 доллардан жоғары тұратын заттарды сатып алмайтын көрінеді. Бұл үнемшіл келіншектің тек арзан-парзан, сапасыз дүниелерді ғана қолданатыны емес, былғары аяқкиім мен жоғары деңгейдегі дизайнерлердің киімдерін киетін ел қатарында. Оның құпиясының сыры, ол тек жаппай сатылымдарда ғана тауармен қамтамасыз етіледі. Яғни өзім сияқты қызыл этикеткасы бар заттарды аңдитын тұтынушылардың бірі болғаны ғой.
Блог - dindar: Шопоголик
Әрі қарай

Жапония аралындағы мысықтар жұмағы

Ит, мысығын жазатындар еріккендер демекші, мен де сол еріккендердің бірімін. Біз көшпелі қазақ пәтер ауыстырып, басқа жерге қоныс аударғандықтан ба, күн тәртібіміз бұзылып, түні бойы жүріп алуды шығардық. Ұйқысыз жүрген кішкентай шуламасыншы, «мяу, мяу» деп мяулап мысыққа дейін айналдық. Пайғамбарымыздың (с.а.с) ең сүйікті үй жануары болғанымен, мен ұнатпайтын (қорыққанымнан шығар) мысықтардың суреттерін көрумен болдық. Жапонияда мысықтардың отанына айналған Фукуока деген арал бар екен. Бұл жердің мысықтары балықшылардың қолынан тамақтанып, үйді-үйге емін-еркін кіріп-шығып, көшелерінде рахаттанып жүрсе керек. Саны жағынан сол даладағы мысықтардан да аз тұрғылықты халқы оларды қатты жақсы көреді екен. Бұл махаббатты жапондық фотографтарының түсірген суреттерінен де аңғаруға болады. Fubirai деген фотограф бес жыл бойы осы аралдың жартылай жабайы мысықтарын суретке түсірумен айналысқан екен.
Блог - dindar: Жапония аралындағы мысықтар жұмағы
Блог - dindar: Жапония аралындағы мысықтар жұмағы
Блог - dindar: Жапония аралындағы мысықтар жұмағы
Блог - dindar: Жапония аралындағы мысықтар жұмағы
Блог - dindar: Жапония аралындағы мысықтар жұмағы
Блог - dindar: Жапония аралындағы мысықтар жұмағы
Әрі қарай

Өмір деген тамаша!

«Жизнь прекрасна» (1997 г.) фильмінің сюжеті ешкімді бейжай қалдырмас. Бұл фильмді алғаш мектепте оқығанымда көрген болатынмын. Кішкентай шағымда бүкіл киноны тек суреті мен басты оқиғасына ғана мән беріп қарағандықтан, қайталап қарап шығу — бір ғанибет.
Фильмнің басты кейіпкері Гуидодан барлығымыз үлгі алсақ деген ойдамын. Әкесі баласын психологиялық стресстан сақтап, аман алып қалу үшін, өмірдің қатаң тауқыметін көрсетпей, концлагерьде қара жұмыстан шаршап, сүрлігіп келсе де, айналаны ойынға айналдырады. Ұлын сұм соғыста көтеріңкі көңілмен жүргізіп, жарқын болашаққа сендіреді. Гуидо — талантты, мейірімді, қолайсыз жағдайларда ақылымен шыға алатын, пысық адам.
Кедей, бірақ өте тапқыр еврей жігіт пен италяндық әулетті отбасынан шыққан қыздың бүлдіршінді болып, бақытты жанұя құрғаны, фашистік Италияның қысылтаяң шағы жайында түсірілген — өте әсерлі фильм. Мың мәрте жалықпай қайталап көруге дайынмын.
Шынымен де, өмір деген тамаша! Қолда барға қанағат етіп, баларымызды күнде құшақтап, сүйейік.
Киностан: Өмір деген тамаша!
Әрі қарай

Ақшаңыздың бәрі айыппұлға кетпесін десеңіз

— Поехали быстро домой, мне плюнуть хочется. Я честно не плевал.
— а жвачку глотал что ли?
— я все жвачки глотал
— а в туалет ходил?
— в (туалет) тоже глотал…
«Орел и Решка» телебағдарламасын тамашалаудамын. Өте қызық жоба.
Сингапур — ертегі (фэншуй арқылы салынған) қала, cонымен қатар арал, және мемлекет. Баршамызға белгілі, Сингапур — өте қатал мемлекет. Мұнда бізге зиянсыз болып көрінетін істерге айыппұл салынады. Қоғамдық орындарында темекі шегуге (1000$), тамақ жеуге (500$), боқтық сөз айтуға (3000$), дәретханаларда суды ағызбай кетуге (150$), дуриан атты жемісті жеуге болмайды. Әуежайына қонғаннан бастап айналаң толған тыйым мен камера. Сондықтан болар дүниедегі ең таза қала болып саналады. Экваторға жақын орналасқандықтан Сингапурға өте ыстық тропикалық климат тән. Ғимараты болсын, даласы болсын, барлық жерде кондиционер бар. Метроларында тіпті күртемен жүру керек. Бұл жәй қала емес, сызғышпен жеті рет өлшеніп, бір рет кесіліп салынған қала. Осындай кішкене ғана аралда бәрі бар. Тамаша.
Блог - dindar: Ақшаңыздың бәрі айыппұлға кетпесін десеңіз
Әрі қарай

Интернетсіз күндерім не болмақ

Заман талабынан қалыспай, интернет желісінің қолданушысы ретінде өзімді тұрақты «онлайнсыз» елестете алмайды екенмін. Поштамды тексеру, әлеуметтік желілерде пост, жаңалық оқып, сурет, кино қарау деген сияқты іс-әрекеттермен күндерім өтіп жатады. Интернеттің берері мол, бірақ оған деген тәуелділік тез қалыптасады.
Он шақты күн белгілі бір себептермен интернет пен теледидардың алдында отыра алмағанымнан, ақпараттық ресурстарға, желіге деген құштарлығым арта түсіп, сағына бастадым. Қолайлы уақыттарда бірнеше минуттарға болса да, таңертең ерте тұрып кіріп отырдым. Бірақ мұның өзі де жетпеді. Әбден күн тәртібіме сіңісіп кеткен болар.
Бірінші күндері уйімді тап-тұйнақтай етіп жинап, істелмеген майда-шүйде жұмыстарымды аяқтадым, қалған күнім ас үйде өтті. Дегенмен тағыда бос уақытым қалып, ішім пысты. Есіме арзанға көшіп бара жатқан бір кісілерден сатып алынған кітаптарым түсіп, ендігі бос уақытымды оқып бастай алмай жүрген кітаптармен алмастырдым. Бір романды оқып бітіріп, екіншісін бастадым. Демек осы он күнім өнімді өткен секілді.
Блог - dindar: Интернетсіз күндерім не болмақ
Әрі қарай

Күлкі терапиясы

«Целитель Адамс» (1998 ж.) фильмінің басты кейіпкері — жәй дәрігер қызметін атқарушы ғана емес, нағыз емші. Экрандағы көрініс арбайды, көңіл шерін қозғайды, ойландырады, күлдіреді, тебірентеді, кей тұстарында жылатады, дегенмен өте мейірімді кино.
Біз үшін дәрігер — мамандық. Ол адам баласының денсаулығын қарайды, ем қойып, дәрі белгілейді. Бұдан артық ықылас бөлінбейді. Кей кездері дәрігерлердің дөрекі мінезін де аңғарасың, сондықтан да болар, соңғы уақытта көп адам шаманың келгенінше ақылы емханаларға барады.
Бұл ғибратты фильмдегі оқиға өмірден алынған. Осы дүниеде еш өзінің пайдасы үшін емес, шын ниетімен жақсылық жасайтын адамдар бар екеніне көзің жетеді. Соның бірі — кинодағы Пэтч. Оның жақсы бір сөзі есімде қалды. «Дәрігер болу үшін ауруды ғана емес, ауырған адамды емдеуге үйрену керек».
Ол жанның емі көңілдің көтеріңкі болуында деп табады. Қатерлі ісікке шалдыққан адамдарға күлкі сыйлайды. Тапқырлығымен езуіңе еріксіз күлкі үйіртіп, жаныңды жадыратады. Әпенділік қылықтарымен, іс-әрекетімен жұрттың күлкісін тудырып, күлкімен көңілдерін жасартып, hәм өмірін ұзартады. Шынымен де күлкі бар жерде өмір бар. Күлкі — күллі жаманшылық атаулыға, әртүрлі дертке қарсы қолданатын қуатты қару.
Демалыста отбасыңмен отырып көретін фильм. Сөнбеуге, бір орында қалмауға, тоқтамауға, алға қойған мақсаттарға жетуге үйретеді.
Киностан: Күлкі терапиясы
Әрі қарай

Сегіз қырлы, бір сырлы декреттегі әйел

Декреттегі әйел жан-жақты болуға үйренеді. Өзіне хобби табады, бұрында қолы тимей, ойластырған істерді қолына алып, сурет салады, тоқып, тігінмен айналысады, тіпті би билеп үйреніп, дауысы шығып, сыңғырлап ән айтады. Көршілермен араласып, жаңа мамашалармен танысады. Шабыттанады, қиялданады, эксперимент жасайды. Бұдан артық қандай бақыт керек!
Ең бастысы қорықпай, уақыттың жеткеніне байланысты қызығушылық тудыратын барлық істі бастап, осындай қолайлы кезеңде үйреніп алған жөн деп ойлаймын.
Кей әйелдердің үйде баламен отырып шаршадым, миым ашып, жынданып кететін болдым дегені бар. Мүмкін оларды түсінуім үшін декреттен шықпай жатып қайта декретке бірнеше мәрте шығуым керек шығар.)))
Төменде менің қызыма арналып жасалған дүниелердің бірі.

Блог - dindar: Сегіз қырлы, бір сырлы декреттегі әйел
Әрі қарай

Сұлы ботқасын таңғы асымызға айналдырайық

Таңертең міндетті түрде тамақтануды асқазаным ауырғалы күн тәртібіне айналдырғанмын. Қызымның да ботқаларды сүйіп жейтініне қуанамын. Бүгін сұлы жайында жақсы бір бейнені көріп, қызық мәліметтерді оқыдым.
Түсінгенім бойынша, сұлы ботқасы (овсяная каша) басқа ботқалармен салыстырғанда ең пайдалысы. Сұлы ботқасы шотландықтардың ұлттық тамағына айналып, голливуд жұлдыздарында әйгілі, кеңінен тараған ас болып табылады екен.
Сұлы — астық тұқымдас дәнді дақылдарға жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Дәнінің құрамында ақуыз, май, крахмал, жасұнық, В1, В2, РР, Е дәрумендері, марганец, кремний, кальций, фосфор бар. Сұлы ішектерді артық шлактардан тазартып, іш ауырып, кебінгенде қолданылады. Ішек-қарын жолын ынталандырып, гастрит, асқазан жарасы, қатерлі ісіктің дамуын тежейді. Сұлы биотин дәруменіне бай болғандықтан теріге пайдалы, дерматит ауруына шалдықтыртпайды. Беттің барқыт тәрізді жұмсақ болуы үшін жағатын маскалар да дайындауға болады.
Сұлыдан буланған дәні бүтін және жаншылған жарма дайындайды. Сондай-ақ геркулес үлпегі мен талқан жасалады. Буланып, уатылмаған сұлы жармасын түктеу арқылы дайындайды. Жаншылған сұлы жармасы жеңіл сіңеді, әрі тез піседі. Геркулес үлпегін буланып, жаншылған және кептірілген жоғары сортты түктелген сұлы жармасынан алады. Ол оңай әрі тез піседі. Талқан — сұлы дәнін арнайы өңдеуден өткізіп алынатын жоғары сапалы нәрлі тағам. Талқаннан диеталық және балалар тағамдарын дайындауға болады.
1) Сұйық және жабысқақ ботқаларды көбіне жармалардан суға, сүтке пісіреді. Жабысқақ ботқаларды сонымен бірге жарма котлет, биточки, запеканка жасау үшін пайдаланады.
2) Сусымалы ботқаларды суға немесе сорпаға қайнатып пісіреді, оны уатылмаған жармалардан пісірген тиімді. Сусымалы ботқаны өз алдына тамақ ретінде жеуге де, сондай-ақ еттен жасалған тағамдарға гарнир ретінде қосып беруге де болады.
Ботқа дәмді әрі балалар үшін жеуге қызықты болуы үшін жеміс-жидек, даршын (корица) қосып пісіруге болады.
Бірақ дүкен сөрелерінде тізіліп тұрған тез арада дайындалатын сұлы ботқасының пайдасынан зияны көп екен. Себебі оның құрамына дәм бергіштер мен хош иістендіргіш қосылып өңделіп, пайдалы қасиетін жоғалтады. Сонымен бірге сұлы ботқасын тым көп және күнде жеуге болмайды. Оның құрамында фитин қышқылы болғандықтан, кальцийдің сіңуіне тосқауыл болады.
Блог - dindar: Сұлы ботқасын таңғы асымызға айналдырайық
Әрі қарай

Любка

«Любка» атты фильмді аяқ астынан тауып, көріп шықтым. Фильм өмір шындығын көрсеткен. Операторлық жұмыстар жоғары деңгейде, елуінші жылдардың ақ-қара түсін, кейіпкерлердің киімін, шаш үлгісін, әуенін жақсы әшкерелеген.
Фильмнің басты кейіпкерлері ретінде екі қыздың өмірі алынған. Бірі еврейдің зиялы отбасынан шыққан жас дәрігер Ирина енді туылған қызы мен анасы үшеуі Мәскеуден кішкентай қалашыққа жұмыспен жіберіледі. Көп ұзамай анасы көз жұмып, дәрігер қыз бүлдіршініне қарайтын адам іздейді. Бірақ металлургиялық қоныстың басты контингенті ерікті жалдамалы жұмысшылар мен түрмеге отырып шыққандар болғандықтан, тиісті бала бағушы табу қиынға соғады. Және екіншісі бала бағушы ретінде жұмысқа алынған — Любка. Ирина ата-анасының алақанында бағып-қағылған қыз болса, Любка — өмірдің қаталдығы мен тағдырдың тауқыметін көріп өскен, өте өжет, батыл, адамдарды ажырата білетін адам.
Қарап отырсақ, сол кездегідей қиын заман болмағанда, мұндай екі түрлі жан бір-бірімен осы өмірде өте сирек жолығу керек секілді. Алайда, жан-жақтағы ел түрмеден шыққан қыз деп шулағанымен, Ирина Любкаға сеніп, екеуі бірге қиыншылықтарға төтеп берді. Шын мәнінде де, жанашыр жақын адамға деген ықыласқа, ыстық ұяға өмір бойы шөлдеп келген жетім көңілге Ирина бір үлкен тірек болып көрінді. Ал нәзік жанды дәрігер қызды еврейсің деп жұмыстан шығарып, елдің қысымын көріп, қайғы жұтып, сағы сынған кезде, Любка тіреуіші болып, бойына әжептәуір қуат қосып, еңсесін тіктеп алады. Сөйтіп екеуі біріне-бірі қамқор болады. Фильмнің соңында екі кейіпкердің жолдары бөлек кетеді. Тағы да осы өмірде кездеседі ме, белгісіз…
Актерлер өз рөлдерін тамаша сомдап шықты. Любканың рөлінде ойнаған Елена Лядова актриса ретінде қатты ұнады. Қоңыр, жуан дауысы өзіне сондай жарасымды. Бұл фильмнен кейін, осы актрисаның басқа да «Везучая» атты фильмін көрдім.

Киностан: Любка
Әрі қарай