Таңдаулы

Gastarbaiter
Жігіт қызды ұнатса, одан «тааак, қайда барамыз?» — деп сұрамайды. Сұраса да, жауап алған соң «а онда не бар?» демейді

Былайынша қараса, Мадленнің мына креативінде жеке басындағы мәселе ғана емес, көп жігіттерге жақсы подсказка берілген. Ұнатқан қыздарыңа әрқашан жағымды сюрприз болыңдар.
Бірден ашылмаңдар. Жақсы қасиеттеріңді біртіндеп ашыңдар. Қыздан да бірден ашылуын талап етпеңдер.
"Қыздың бар айтқанын істедім, ол мені тастап кетті" -демеу үшін, ол қыздың бар ойлағанын айтқызбауға тырысыңдар. Ауызбен айтып қойған нәрсесін істемеңдер. Айтылып қойған нәрсені любой топас істей алады. Айтылмаған нәрсені сезе білу, міне жүрек қасиеті қайда.
Сен оған «не істейін енді (саған ұнау үшін)?»- дедің. Ол саған сол сұрағың үшін ақ жыны келіп. «Бриллиант алып бер!» -деуі мүмкін. Бірақ асыл тас алып берсең де, әлгі ақымақ сұрағың үшін, сені ұната қоюы екіталай.
«Та-а-ак, қайда барамыз» -деу арқылы, сен өзіңнің бос қауашақ екеніңді білдіресің. Іші мазмұнға толы адам болсаң, сен міндетті түрде баруға тұратын, өзіңе ұнайтын жерлерің болуы керек, мейлің ол сквердің көп адам біле бермейтін бір бұрышы болсын, немесе қалаға/табиғатқа/тауларға керемет көрініс ашылатын ескі үйлердің шатыры болсын. Кештің жоспарын алдын ала ұйымдастырмаңаның, сол кештің нәтижесіне немқұрайдылығыңды білдіреді.
e_zhalgas
Жігіт қызды ұнатса, одан «тааак, қайда барамыз?» — деп сұрамайды. Сұраса да, жауап алған соң «а онда не бар?» демейді
ӨзекТ!
Жігіт қызды ұнатса, сен таңдаған киноны көреді.
Мынау қиын емесқо
Жігіт ұнағысы келсе, сенің құрбыларыңа да көңіл бөліп, сенің ортаңды сол күйінде қабылдайды.
Осы қиындау енД

пы.сы. Бұл осындай болыңдар дегенің ба? Оны алдын-ала ескертіп алып, кейін адамдардың өзіңе сондай жасанды мінез көрсетуі мүмкін деген қорқытпайды ма?! яғни, өзің айтқан адамды қандай болса, солай қабылдау керек дегенің жігітке де қатысты деп ойламайсың ба? ой, шо-то сұрақ көбейіп кетті
Gastarbaiter
Меніңше бұл әрбір қыздың ұнатқан жігітіне тура айта алмайтын тілектері. Эх, неге соған өзінің ойы жетпейді екен?-деген сияқты. Талаптары емес.
Кейде қыз сені ұнатып қалады, ал сен бәрін бүлдіресің. Тым жиі звондау арқылы, ойыңды айт деп қысым жасау арқылы, ішпыстырарлық әңгімелер айту арқылы, мәмбеттік движениелеріңді қоймау арқылы қыздың алғашқы пайда болған керемет әсерін туалетке ағызып жібересің. Сол кезде, өыздың іші ашиды.
Біріншіден тым жақсы ұнап келе жатқан сені отшивать етуге мәжбүр болғаны үшін өзіне жыны келеді, екіншіден сен соны болдырмау үшін, қызды өзіңе құлату үшін түк істемегенің үшін, немесе мүлде қажет емес нәрселер істегенің үшін саған жыны келеді.

Мысалы, қыз сені ешқандай понтыңсыз ақ, сұмырай болсаң да, сөзшең болсаң да, кедей болсаң да ұнатып тұрады. Жай ерекше мінезің үшін, адам тартар сүйкімің үшін. Ақылың үшін в конце концов. Ал сен қай-қайдағы стереотиптердің әсерінен жасанды әрекет жасап, өзіңде жоқ нәрселерді дәлелдеуге тырысып жатасың. Бірақ бұл басқа тақырыптың әңгімесі.
estetika91
«Жігіт қызды ұнатса, қыздан лезде жауапты керек етпейді… Ол ұнаттым екен деп міндет етпей, шыдамдылық танытады».

«Жігіт ұнатса, артық сөздермен емес, жақсы көріп, сені дүниедегі ең керемет қыз екеніңді айтпаса да, білдіріп тұратын көздерімен ұнатады» дегендеріңізге қос қолымды көтеріп қолдаймын. Шыны керек, кейбір кісілер (көңілдеріне келмесін) осы төзімділік, қыз жауабын күте білу дегенді білмейді.
Шынымен де, адамның көздері оның жан дүниесінен сыр аңғартады.Ақылды жан ең әуелі қызды сылдыр сөзбен емес, көздерімен (жанарымен) баурап алуы керек деп ойлаймын.
Осы орайда Мадленге сұрақ қойғым келіп отыр, Мадлен өміріңізде осы келтіріп кеткендеріңіздің бәріне сай келетін жанды кездестірдіңіз бе?
Gastarbaiter
Сен Керекшіліктің түпкі мағынасын мүлде түсінбейсің. Керекинфошы болу деген ол ювижендықтардың “О казахи, зацените прикол на казахском нашел ха, хасы” емес. Керекинфо деген Іргетасақтың псевдоинтелектуалды талқылары, не Намыс.КЗ-тің ультракөтриоттық коменттері емес. Бұл саған arular.kz, вордпресс.ком не «мой мир» емес. Керекинфо адамдардың нағыз құбыжық кейіпін көрсететін орын, қатыгез, сезімсіз, немқұрайлы зымияндығын көрсетуіне болатын мекен.
Қыз күзгі балда жеңіліп қалды, біз күлеміз. Ғашық жігіт өзінің мұңын шағады, біз күлеміз. Кемпір төмен жылжыған эскалаторға міне алмай әлек, біз бұттан кетіп, тағы сұраймыз. Әділетсіздік, парақорлық, алкоголизм — біз күлеміз. Ұлтшылдық, түсініспеушілік, алалау, зорлық, балағат, себепсіз қақтығыстар — біздің ішегіміз қатады. Біз кез-келген жексұрынның тірлігіне бетіміз бүлк етпей қол қойып, қосыла кетуге дайынбыз. Біздің талғамдарымыз саналы қисынға негізделмеген, мақсатсыз даулар — біздің болмысымыз, біз — Қазнеттің бетпердесін шынайы кескініміз.