Жарияланымдар

«МММ» қайта шығыпты

Тоқсаныншы жылдары мыңдаған адамның жиған тергенін жоқ қылып, талай адамның көз жасын көл қылған Мавродийдің қаржы пирамидасы қайта пайда болды. «МММ-2011» деген атпен қайта түлеген жобаның жарнамасы ірі қалаларда, ғаламторда кеңінен таралып жатыр. Осыған байланысты Саяси Шешімдер Институтының мамандары елдің он алты облысында сауалнама жүргізіпті.
Тараздықтардың 47.5 пайызы «МММ»-ге сенеді
Сауалнама қорытындысы бойынша, Тараз қаласы тұрғындарының жартысына жуығы, яғни 47.5 пайызы «МММ» қаржы пирамидасынан көп ақша табуға болатындығына сенеді. Дегенмен, жалпы қазақстандықтардың 86.5 пайызы Сергей Мавродийдің жобасына сенбейді немесе немқұрайлылық танытқан. Алайда, отандастрымыздың 11.7 пайызы қарж пирамидасына оң көзқарас білдіріпті.
«Алаяқтық» айыбы бойынша сотталған Сергей Мавродийдің қаржы приамидасы жобасы тоғыз жылдай түрмеде отырып, бостандыққа шыққаннан кейін «МММ-2011» деген атаумен қайта шыға бастады. Бүгін де, белсенді жұмыс істеп тұрған сайтында «Біздің санымыз 35 млн-нан асып үлгерді!» –деп, жар салады. Онда, ақшаң жыл санап емес, ай санап та емес, тіпті секунд санап өседі, деп қызықтырған.
«МММ-нен тез байып шыға келесің» деген жарнамалар Алматы сияқты ірі қалалардың көшелерде де көптеп ілінген. Қала басшылығы жақында қаржы полициясына «МММ-2011»-дің жұмысын заңды жолмен тоқтатуды бұйырған. Себебі, қаржы пирамидасы сенгіш тұрғындарға қауіпті, деген. Десе де, Саяси Шешімдер Институтының сауалнамасына қарасақ, «МММ» жобасы Алмтылықтардың 13.5 пайызының сеніміне кіріп үлгерген екен.
Еске салсақ, 1989 жылы Мәскеуде кооператив болып құрылған «МММ» қаржы пирамидасы 2000 жылдардың басына дейін жұмыс істеді. Пирамидаға Ресей ғана емес Бұрынғы КСРО елдерінің барлығы кірді. Тоқсаныншы жылдардың басынан бастап екі мыңыншы жалдарғ дейін қаржы пирамидасының себебінен барынан айырылғандар саны 10-15 млн адам болды. Ал, елу адам өз өзіне қол жұмсап қайтыс болды.
Мавродий «салықтан жалтару», «алаяқтық» айыбы бойынша сотталып, бостандыққа шыққанан кейін 2011 жылы ол кәсібін қайта бастады. Қазір оның қаржы пирамидасы «МММ-2011» деген атаумен шығып жатыр.
Аузы күйген үрлеп ішсін!
Өткен жылы парламенте қаржы пирамидасына алданып жатқандардың көп екені сөз болған. Сол кезде еліміздің Қаржы министрі Болат Жәмішев қаржы пирамидасына кіріп алданып қалғандарға ақша оңайшылықпен келмейтінін ескерткен болатын.
Қайта құру кезінде бұрынғы Совет үкіметіне қарасты елдердің барлығы қаржылай да, рухани да абдырап қалған еді. Мавродийдің пирамидасы қарапайым жұртқа бастарына қонған бақтай көрінгені рас. Төрт терезесін тең ашқан елге жаңалық тым көп болды. Алаяқтық пен адалдықтың ара жігін ажыртып үлгермеген кез еді. Ал қазір тәуелсіздік алғанымызға жиырма жылдан асты. Алайда, халық сенуін жалғастырып келеді. Бірақ, адам бойынан сенімді өшіру мүмкін емес. Халық барда-үміт, сенім бар. Сеніммен ойнағандар заңның алдында жауап беруге тиісті.
Әрі қарай

Джинсыдан қамал соқпасақ та...

Институтта оқығанда курстас қыз екеуіміз стипендия алған сайын джинсы сатып ала беруші едік. Бүр күні досымның үйіне барсам, мамасы «Джинсыдан қамал соғасыңдарма?»-деп ұрысып жатыр екен. Расымен де, сол джинсылар қытай қамалы сияқты үлкен болып үйіліп-үйіліп қалды. Сосын оларды ауылға апарып тастағам(ұсақтар киіп алады ғой қаланың модасы деп). Сол джинсыларымды жақында үйге барғанда көрдім. Әпкем жастықтар тігіп қойыпты. Бұған қолөнермен айналысатын қыздар «осыған бола пост жазып...» деп, таң қалмайтын шығар. Бірақ, сатып алуды ғана білетін мен үшін бұл қызық дүние.
Әрі қарай

Бітпейтін бала бақша мәселесі.

«Ел болам десең бесігіңді түзе» деген бар емес пе. Соңғы кездері «біз қандай ел болады екенбіз»?- деп жамааааан қапаланып жүрмін. Обшым… Балаларымыз балабақшаға жарымай отырғаны былай тұрсын, балама жеке меншік қазақша балабақша таппай дал болдым. Үйдің маңайында бір қазақша балабақша ашыла қалып еді, онысы бір айдан кейін жабылып қалды. Үйден алыс жерде болса да «Көкіл» деген мектептің мектепке дейінгі балаларға арналған орталығы бар екен. Енді соған берсем бе деп отырмын. Балам жоқ дегенде домбыра деген не екенін біліп шығатын шығар ол жерден. Басында 40 мың деген қымбат,-деп отыр едім, қазір сол ақшаға балабақша табылса қуанамыз. Ееееехххх! Елім менің! Бала өсер… Өзің аман болшы әйтеуір.

сурет мына жердікіforum.azh.kz
Әрі қарай

Бүгін Шәмшінің туған күні.

Бүгін, яғни тамыздың 15-і белгілі сазгер, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Шәмші тірі болса 81 жасқа келер еді. Шәмші өмірінде «Сыған серинадасы», "Өмір өзен", «Тамды аруы», «Арыс жағасында», «Кешікпей келем деп ең» сияқты 300 ден астам ән жазды. Бүгін де, Шәмшінің әндері елге танымал, жұрттың жүрегінен орын алған. Жыл сайын түрлі Шәмші әндерінің кештері, фестивальдар өткізіліп тұрады. Қазіргі эстрада әншілерінің көбінің репертуарында Шәмшінің бір әні болса да бар.
Көзін көргендер Шәмші Қалдаяқовты өте қарапайым, әрі қалжыңбас адам болып еді деп еске алады. Ол тірісінде көп марапаттар мен атақтарға іліге бермеді дейді. Бірақ, оны халық шын ниетімен жақсы көрген екен.
Шәмші Қалдаяқов 1991 жылы дүниеден озды. Бірақ, оның әндері миллиондаған жүректерде өмір сүріп келеді.
Әрі қарай

Бөтелке жұтқан қарындаш, немесе қайран Мадиьяни!

Бөтелке жұтқан қарындаш, немесе қайран Мадиьяни!
Модильяни фильмі27 күні кешке теледидардан ұлы суретші Мадильянидің өмірбаяны туралы кино көрдім. Мадильянидің өмірбаянын бұрын оқығандықтан киносын көрмей жүрген болатынмын. Сөйтсем, кинодан алатын әсер ерекше болады екен. Киноны өте шебер түсіріпті. Кейіпкерлердің келбеті өмірде болған адамдарға өте ұқсас. Оның сүйген адамы Жанна Эбютерннің рөліне алған әйел Мадильянидің портреттеріндегі Жаннаның образына шынайы Жанна Эбютерннің өзінен де қаттырақ ұқсайтын секілді. Достары, шығармашылық әріптестері Пикассо, Гиья, Утилла және т.б бет бейнелері, болмыстары кинода жақсы ашылған. Әсіресе ол соңғы суретін салып бітіп, кинода қарындашын бөтелкенің ішіне тастай салғанда, жұтты-ау шеберді бөтелке, жұтты-ау!-деп ойлайсың.
Әрі қарай