«Три чашки чая». Жарнама емес. Бірақ Мелломаннан сатып алған кітаптарымның бірі маған соншалықты ұнайды деп ойламаппын. Мына кітаптың мұқабасына көзім түсті. Әдемі безендірілген. Алғашынды үш шыны аяқ шай деген несі? деп кітаптың атауына қызыққаным бар. Кітапты оқи отыра 3 шыны аяқ шай мен мына отырған 3 қыздың қандай байланысы барын түсіндім. Өте қызықты.
Қажылық парызын өтеу мұсылман армандарының бірі. Тәуелсіздігімізбен дініміз келгені белгілі. Қазір таңда ақшасы бар адам қажылық сапарын өтей алады. Тіпті орташа жалақысы бар адам да қажылыққа бара алады біздің елде. Себебі елімізге берілетін квота өзге елдерге қарағанда жеткілікті. Білуімше жыл сайын қазақстандықтардың қажылық сапарын өтеу үшін 5 мыңнан астам квота беріледі. Егер де малазиялықтар өмірінде бір рет болсын қажылыққа бару үшін біздің елдегідей бала-бақша тізіміне туа салысымен жазылғандай дүниеге келгеннен кезекке тұрса, қытайлық мұсылмандардың кейбірі өз кезегін 25 жыл күтеді екен. Біздің жұртшылық Алланың жазуымен Аллаға шүікр барамын десе, ақшасы болса баруына бар мүмкіндіктер қарастырылған. Қажылыққа барғандар жақсы біледі. Кей кездері қажылыққа барып тұрып, парызын өтей алмай елге қажы болмай келгендер бар. Ондай да көбінесе жұртшылық қажылық парызын өтеу тек Алланың қалауымен ғана таңдалған адамдар бара алады дейді. Десе де, бұл сапарды өтеген адамдардың өмірін екі кезеңге бөледі. Оның бірі қажылыққа дейінгі өмір де, қажылықтан кейінгі өмір. Қажылықтан кейінгі өмірдің жақсы жаққа бұрылуы ол парыздың қабыл болуының бірден бір дәлелі болса керек. Бірақ ол жайында кеңірек дін қызметкерлері айтып бере алады. Мен Қасиетті Рамазан айы мен Қадір түнінің қарсы алдында сіздерге қажылық сапарда түсірілген фотосуреттер көрсеткім келеді. Себебі Пайғамбарымыздың (с.а.с) табаны тиген, Қасиетті Қадірлі Мекке мен Медина қалаларында болған адамның сезімі мәңгілік есте қалады. Оны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл ретте суреттер сөйлесін. Керек инфоның жамағаты ұстаған оразаларыңыз бен Қадір түнінде тілеген тілектеріңіз қабыл болсын! Алла тағала сіздерге екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Әумин!
Үй маңы ақ қайың ағаштарымен көмкерілген. Терезеден тамаша көрініс. Таза ауа. Қаланың шеткі ауданы болғандықтан ба? әлде айнала қоршалған ақ қайың орманынан ба тура бір ауылда жүргендей күй кешесің. Тіпті қайыңнан қайыңға әрі бері секіріп жүрген тиындарды да көріп қалуың мүмкін. Бірақ көктемнен бүршік жарып, тамырына қан жүгірген ақ қайыңдардың біразын осыдан бірер жұма бұрын түбінен арамен дырылдатып отырып кесіп тыстады. Тура араның дырылдаған дауысын емес, қайыңның көз жасын естігендей болдым. Кесетін болып шешсе, неліктен алдын ала күзде кеспейді екен осы жұрт.
Ертең, ертең, ертең… Біз білген бұрындары таныс болған бір қатарласың сенен дәулеті мен білімімен қоғамдағы орнымен асып жатса, ішің күйіп тұз жалайтын жағдай әркімнің басынан өткен болар. Кезінде академияны, болмаса универді қызыл дипломға аяқтап, кеудеңе нан піскендей етіп оны ауылдағы ағайын туған көзге көрінетін жерге қойып, үйге көрші қолаң жинала қалса, көрдің бе? менің балам қызыл дипломға бітірді деп мақтанады ау кеп тұрып. Ойлап қарасам сол дипломның өмірде пайдасы түкке тұрғысыз. Сен қартайып, тісің түсіп, шашың ағарғанда сандықтың түбінде жататын құжат қой ол. Ал өмірде өз орның табу тек өзіңе байланысты. Пысықтығың, көрегендігің бұл орайда үлкн рөл ойнайды. Артымнан ерген егіз сіңлілерім бар. Екеуінің музыкалық дарыны мықты. Өнер колледжінде оқып жүргендерінде алғашқы курста ақ, ұстаздарының Бетховеннің бір туындысын ертеңіне сабақ арасындағы үзілістердің бірінде екеуі еш қиналмастан ойнап отырғандығын осы күнге дейін мұғалімдері таңданыспен айтып отырады. Бірі вокал, бірі оркестр дирижеріне оқыды. Алматыға арман қуып консерваториға түсеміз деген болатын. Бірақ бірінің бағы жанды да, бірі оқуға түсе алмай үйге басы салбырап үйге келді. Бұл рет емес, бірнеше мәрте қайталанды. Бүгіндері сіңлімнің біреуі Құрманғазы атындағы жоғары оқу орнында опера мамандығы бойынша 3 курста оқып жатса, біреуі міне 3-інші жыл қатарынан діттеген мақсатына қолын жеткізе алмай жүр. Бірақ сол үш жыл ішінде мектепте музыка пәнінен сабақ беріп, тіпті бір шәкірті республикалық байқаудан 2-інші орын алып келгені ол үшін мақтаныш боларлықтай. Бірақ сол әттеген-ай диплом жоқ. Міне Алматы поезынан кеше түсті. Ойы алыста, еңсесі түскен сіңліме дипломның қай түрі болмасын маңызды емес. Ең бастысы тәжіриби керек. Ал сен ұстазсың. Жас та болсаң қолыңнан іс келетінің көрсете алдың деп сан мәрте қайталап айтсам да, жүрегінде қайнап жатқан от сөнбеді. Ертең ақ бұл сіңлім үшін де жарқырап алдынан күн шығатынын мен білемін. Себебі өмір ақ қызыл жолақтардан тұрады емес пе? Ол үшін барынша ерінбеу керек. Еріншектік орға жығады. Өз — өзімді де ерінбе, ерінбе, ерінбе деп қамышалап келе жатсам да, көкжиектен ертең, ертең, ертең… деп қиқулаған қоңыр қаз көріне береді, көріне береді…