Жарияланымдар

bakotakhimbai
8,5 балл!
1. Тақырыбы өте сәтті таңдалған. «Білгенге маржанның» аллюзиясында мына кеңесті білген соң, сарайда не қой айдауға жарамайтын, не құрылысқа қаңқа болып жарытпайтын ағаштардан орындық жасап алу, әрине арзанға шығады. Тегінге, тіптен… Сондықтан, бұл постыңызға сегізден асыра баллдатып жіберсем, «Жақсы тақырып — жарты мақала» деген журналистік қағидаға адалдығымды тағы бір паш еткенім деп біліңіз)
2. Ауа жайылмаған. Арнайыландырылған, нақты, салалық посттардың арасында теңдессіз лидері. Қатаң есеп пен чертеж ғана. Басқа не керек? Ештеңе. Бастысы, он балл алсам деп сөзге сөз қосып, суға сабын салып дегендей жағымпаздану жоқ) Нақты, әкең!
3. Әттең деймін де, мына есеп пен сызбаңыз Асқар Базарбайдың «Дивани хикметі» стилінде нақты өмірде іске асырылғанда… Иә, бұл басқа жанр. Иә, сіз әйел затысыз. Бәрін түсінемін. Бірақ, ит таппағыр Асқар Базарбай осы салада сырықпен өте-өте биікке секірді. Сондықтан, еріксіз салыстырып тұрғаным ғой, әйтпесе бәрі тамаша!

Өркен Кенжебек
bakotakhimbai
кунге 100 өтеді деп айта алмаймын, ол бутигіннің орналасқан жеріне, халықтың орналасуына байланысты, сосын мысалы біздің Атырауда жер — жерде донердің бутигі, бәсеке бар адамдар өздерінің бұрын жеген дәмдісіне және үлкен болғанын қалайды. соны ескерсеңіз. Жақсы идея жалпы, бутикке жер тауып алуда қазір үлкен проблема.