Жарияланымдар

Білім саласының қызметкерлеріне Астанада жұмыс табуға көмектеседі

4 тамызда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін «Жастар» сарайында білім саласында бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

50 елордалық жұмыс беруші жәрмеңке алаңында 500-ден астам вакансия ұсынады. Шара Астана қ. әкімдігінің қолдауымен Жұмыспен қамту орталығымен ұйымдастырылып отыр.
Әрі қарай

70-ден астам елордалық кәсіпкер балабақша ашуға ниет танытуда

2017 жылдың 28 шілдеде Астана «Кәсіпкерлердің мектепке дейінгі ұйымды ашу бастамасына құқықтық және консультативтік қолдау» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.

Астана қаласының Білім басқармасы Қазақстандық мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шара аясында әлеуметтік маңызы мол жобамен айналысуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге тегін консультация берілді.

Оқушылар сарайында орын алған шара мүдделі тұлғалардың барлығын бір жерде жинады. Олар мектепке дейінгі мекемені ашуға ниет білдірген кәсіпкерлер, жекеменшік балабақшаны ашудың сәтті тәжірибесі бар білікті мекеме басшылары және осындай мекмені ашудың тәртібі, оған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы қажетті ақпарат ұсынуға дайын болған мемлекеттік құрылым өкілдері.

Қазір астаналық балабақшаға 47 мыңға жуық бала барады. Олардың 27 193-і мемлекеттік, 14 854-і жеке бақшаға барады. Шамамен 5 мың бүлдіршін шағын орталыққа және мектепке дейінгі мекемелерге (мектепке даярлық орталықтары) барады. Күн сайын жеке бақшаға жолдама алатын бүлдіршіндердің саны артуда.

Елордалық бүлдіршіндерді мектепке дейінгі дайындықпен 100% қамтамасыз ету мақсатында, жекеменшік сектормен тығыз жұмыс жүргізілуде. 2016 жылы мемлекеттік тапсырысы бар 4000 орында қамтитын 44 жеке балабақша ашылып, бүгінгі таңда қызмет жасауда. Осы жылы Білім басқармасына кәсіпкерлер тарапынан 5 мыңнан астам орынды қамтамасыз ететін жекеменшік балабақшаларға тапсырыс берілген. Бұл санды арту жоспарланып отыр.

2017 жылы 480 орынға 2 мемлекеттік балабақшаны және Ұлттық компаниялармен қол қойылған меморандум аясында 720 орынға үш балабақшаны тапсыру жоспарланған, сондай-ақ балабақшалар құрылысы бойынша жекеменшік серіктестерді анықтау конкурсы өткізілді. Қазіргі таңда мемлекеттік–жекеменшік әріптестік шеңберінде 2019 жылы 1680 орынды қамтитын 6 балабақшаның жобасы жүзеге асырылуда.

Жекеменшік балабақша ашу жөнінде сұрақтар бойынша (кеңес алу): 55 68 65, 8 701 940 71 00 хабарласуға болады.
Әрі қарай

Астанада "Лаңкестікке жол жоқ" акциясы басталды

Акция радикализм, экстремизм және терроризмнің барлық түрлеріне төзімділіктің «нөлдік» сезімін қоғам арасында қалыптастыруға бағытталған.

Радикалды жағдайларға қарсы әрекет етуде қазақстандықтарды идеологиялық фронтқа біріктіруге және ел ішінде тыныштықты сақтауға арналған бастамама.

Акция бастамасы алғашқы рет «Астана» командасының Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу раундында көтерілген болатын. «Астана Арена» стадионының үлкен экрандарында әлем қақтығысқан — лаңкестік пен экстремизм мәселелері жөнінде елордалық команда жұлдыздары айтқан ролик көрсетілген болатын.

Акцияға бокстан олимпиада чемпионы, 7 дүркін Қазақстан чемпионы Бахтияр Артаев, сондай-ақ Астана қ. дін істері жөніндегі басқарма басшысы Данияр Есин қолдау көрсетті. Олар «Астана» командасының ойыншыларымен кездесіп, жобаны талқылады.

Жоба #noextremism, #noterrorism хештегімен қосталады.
Әрі қарай

Астанада Жастар күнін мерекелеуге орай «Жасампаздық энергиясы» атты конференция өтеді

Астанада 7-13 тамыз аралығында жастармен жұмыстың тетігі жөнінде әлеуметті кеңінен ақпараттандыруды арттыру мақсатында «Жастармен жұмыс аптасы» жобасы өтеді.

Аталмыш шараны «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастыруда. Жоба аясында 7 тамызда сағат 15.00-де ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында «Жасампаздық энергиясы» конференциясы өтеді. Оған түрлі ұйымдар мен жастар ресурстік орталығының, жастар ұйымдарының өкілдері мен «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің еріктілері қатысып, жас адамдардың әлеуметтік және жеке дамуы бойынша жобаны таныстырады.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, конференция форматына сәйкес әр спикер 15 ішінде өзінің идеясымен таныстырады немесе жастармен жұмыс тәжірибесі жөнінде айтады.

Таныстырылым аяқталған соң, көрермендер 3 сұрақ қоя алады, онымен бірге өзінің пікірімен де бөлісе алады. Осылайша тәжірибе және білім алмасу жүреді, пікірталас өтеді. Арнайы қағазда «кері байланыста» ұсынылған қатысушылардың кеңестері жазылады. Конференция қорытындысы бойынша кеңестер жазылып, сарапталады, кейін ол ұйымдастырушылар мен спикерлерге жіберіледі.
Әрі қарай

Астаналық бозбалаларға жазда жұмыс тауып беруге көмектеседі

Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығында прокуратура, жергілікті полиция өкілдері мен жұмыс берушілердің қатысуымен оқушыларды жұмыспен қамту бойынша кездесу өтті.

Астана қаласы ІІДжергілікті полициясының ювеналдық полициясы жыл сайын құқық бұзушылық әрекет жасаған кәмелет жасқа толмағандарды оңалту аясында оларды жұмысқа орналастыру және жаз мезгілінде бос уақыттарын ұйымдастыру шараларын өткізеді. Бұл бағыттағы жұмыстарға Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік бағдарламалар, жастар мәселелері жөніндегі, білім басқармалары және елорда прокуратурасы тікелей және белсенді түрде қатысады.

Орталыққа жұмыс іздеп 16 мен 18 жас аралығындағы 10 бозбала келген.

«Скиф Трейд» ЖШС, «Magnumcash&carry», «Крепеж Маркет» ЖШС оларға бөлшектеуші, сатушы, жүк тиеуші, кассир және сауда өкілі жұмыстарын ұсынды.

— Біздің кездесуіміздің негізгі мақсаты –жұмысқа орналасуға көмектесу, өзге мемлекеттік органдармен қарым-қатынас орнату, балаларға қиын жағдайда көмек көрсету, — деді тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы директорының әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесшісі Арнұр Искаков.
Әрі қарай

Астанада 2018 жылға дейін аула клубтарының саны 30-ға жетеді

Клубтарға тұрақты түрде екі мыңнан астам балалар мен бозбалалар барады, деп хабарлайды астаналық әкімдіктің медиа орталығы.

-Бүгінгі таңда Астана әкімдігінің қолдауымен 18 аула клубтары жұмыс істейді. Секциялар мен үйірмелердің жалпы саны- 109. Аула клубтарына тұрақты 2089 бала мен бозбалалар барады. Келесі жылы Астана қаласы әкімі Әсет Исекешевтің бастамасымен аула клубтарының санын 30-ға дейін жеткізу көзделген, — деп хабарлады елорда әкімдігінің медиа орталық тілшісіне «Астана жастары» КММ жетекшісі Мұхамеджан Болысбек.

Оның сөзінше, өткен жылмен салыстырғанда биыл клубтарға баратындар саны екі есеге өскен. Аула клубтарының басым бөлігі «Алматы» ауданында орналасқан, мұнда 10 аула клубы бар. Ал, қалғандары Астананың өзге аудандарында.

Бүгінде аула клубтары елордалық жастардың бос уақытын өткізетін және жеке қабілеттерін дамытатын орталыққа айналды. Клубтарда каратэ, бокс, еркін күрес, қол күресі, дзюдо, стол теннисі, шахмат және шашки бойынша секциялардың кең түрі қарастырылған.

Бұдан бөлек, жастарға шығармашылық таланттарын шыңдауға мүмкіндік беретін әртүрлі үйірмелер ашылған. Ал, спорт, ұлттық, және қолданбалы өнер, хореография және музыка салауатты өмір салтына баулиды.

-Бүгінде аула клубтарына баратын балалар мен бозбалалар спортпен айналысып, техникалық шығармашылыққа үйрене алады, өздерінің көшбасшылық қабілеттерін дамытады. Сол себепті қаланың барлық тұрғындарына балаларын аула клубтарына әкеліп, тегін оқытуға шақырамыз, — дейді Мұхамеджан Болысбек.
Әрі қарай

Елорда əкімдігінде міндетті əлеуметтік медициналық сақтандырудың негізгі бағыттары түсіндірілді

Бүгін елорда әкімдігінде қала басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөнінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстары бойынша кеңейтілген жиналыс өтті.

Жиналыс жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, аудан әкімдері, қалалық ведомство басшылары, медициналық мекемелер мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

-Қазақстанда 1 шілдеден бастап ресми түрде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Алғаш болып әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлем жүргізе бастады. Тұрғындар медициналық көмекті 2018 жылдың қаңтарынын бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесі арқылы ала бастайды.

Бұл реформаның маңыздылығы – әр Қазақстан азаматының қызығушылығы қамтылады. Сол себепті біз осы жиналысқа елорданың бизнес өкілдерін шақырдық, — деді әкім шараға қатысушыларға.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыратын елдегі жүргізіліп жатқан бұл реформаның маңыздылығы туралы айтты.

— Егер бүгін қазақстандықтардың денсаулығын зерттейтін болсақ, біз жақсы динамиканы байқаймыз. Мысалы, ұзақ өмір сүру ұлғайған, ана мен бала өлімі азайған деген секілді негізгі көрсеткіштер қуантарлық. Бұған қоса, тұрғындардың қартаюына байланысты аурулар құрылымы өзгеруде. Бүгінде ақша эквивалентінде медициналық қызметті тұтыну артуда, — деп атап өтті министр.

Министр қазіргі қолданыстағы бюджеттік модельмен салыстырғанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тімді тұстары көп: тұрғындардың денсаулығын қадағалау саласында тең жауапкершілік сақталады – мемлекет – жұмыс беруші – азамат, қолжетімділік теңдігі, әлеуметтік бағыттаушылық және МӘМС сипаты.

Жүйені кезеңімен енгізу тұрғындарға жаңа реформаға көшуге мүмкіндік береді.

Нақтырақ айтар болсақ, 2017 жылдың шілдесінен бастап жұмыс берушілер 1 % бөліп отырады, 2018 жылдан әр қызметкердің еңбекақысынан 1,5%, 2020 жылдан – 2%, 2022 жылдан – 3% бөлінеді.

Жұмыскерлердің бөлуі 2019 жылдан — 1%, 2020 жылдан -2% құрайды. Өзін жұмыспен қамтығандар, оның ішінде жеке кәсіпкерлер, мамандандырылған медиаторлар, азаматтық-құқықтық келісімшарты негізінде қаржы алатын жеке тұлға 1 шілдеден 2 төменгі еңбекақыдан 5% бөледі (1% е.а.- 1414 теңге)

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқармасының төрайымыЕлена Бахмутова талқылау кезінде жиналғандарға жүйенің барлық кезеңі туралы жан-жақты түсіндірді. Қор жетекшісі МӘМС аясында медициналық көмектің қолжетімділігі туралы айтып берді. Бұдан бөлек сарапшы міндетті ерікті сақтандыру мен жеңілдік қарастырылған тұрғындар санаты туралы баяндады.

-Егер адам жеңілдік санатында болса, онда оған төлем жасаудың қажеті жоқ, жеке кәсіпкер де АҚК бойынша да төлем жүргізбейді. Мемлекет бұл міндетті өзіне алады, — деп мәлімдеді қор жетекшісі.

Жаңа жүйе «мүмкіндігінше төлеу — қажеттілік бойынша алу» принципі бойынша жұмыс істейді, деп аяқтады Бахмутова.

Жиналыс қортындысы бойынша қатысушылар қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.
Әрі қарай

Астанада алғашқы рет "Мамандық қаласы" кең ауқымды жобасы іске асырылады

«Мамандықтар қаласы» әлеуметтік жоба болып табылады, коммерциялық емес. Жобаны Астана қаласы әкімдігімен халықаралық Community журналымен бірлесе отырып іске асырады. Халықаралық Community журналы 4 жыл қатарынан Украина елінде аталмыш жобаны сәтті жүзеге асыруда.

Жоба бойынша балалар түрлі мамандықта өздерін байқап көре алады.

— Мен әр баланың бала күнінен өзінің қалауымен бағытын таңдап, болашаққа ұмтылса деймін. Бұл тұрғыда мен адам өз ісін сүйіп іске асыратын болса, кәсібінде ең үздік маман болады деген ойдамын. Соған орай жасаған жұмысының сапасы да жақсы болады. Біздің мақсатымыз өз кәсібін сүйетін, жұмысын сапалы жасайтын адамдардың санын көбейту. Сол арқылы біздің өміріміздің сапасы жақсарады деген сенімдемін, — дейді ұлттық «Мамандықтар қаласы» жобасы туралы өз ойымен бөлісті идеолог Татьяна Люлька.

Жобаның 3 негізгі бағыты бар. Біріншісі – болашақта таңдайтын кәсібі туралы, сол сала туралы ақпаратқа қанық болу үшін мамандыққа бейімделу. Екіншісі – балаларды еңбекке баулу, еңбегіннің жемісін көру, ақшаның құндылығын сезіну. Үшінші бағыт статистикаға байланысты, онда қазіргі кезде адамдардың көбісі алған мамандықтарымен жұмыс істемейтіндері туралы айтылады. Бұндай үрдіс ТМД мемлекеттері аумағында әлі күнге дейін сақталуда. 2016 жылы жобаға Украинаның 25 қаласында 326 675 бала қатысты. Бір күн ішінде елордалық балғындар ересектердің кейпіне еніп, мамандыққа бейімделіп, ақшаны «өздігінен» табуды үйренеді.

19 тамызда сағат 11.00-ден «Арай» саябағында интерактивті қалашық іске қосылады. Саябаққа кіруде әр бүлдіршін еңбек кітапшасы болып табылатын құжатқа ие болады, әрі қарай «жұмысқа орналасу» сюжет көрсетіледі. 2-18 жас аралығындағы әр бала ойын түрінде шеберлік сабақтарына қатысады.

100-ден астам мамандық ұсынылады, оның ішінде құтқарушы, өрт сөндіруші, кинолог, дәрігер, мұғалім, криминалшы, агроном, құрылысшы, шаштараз, банк қызметкері және т.б.

3-4 сағат аралығында әр бала әр салада өзінің қабілетін көре алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл баланың қабілетін анықтауға мүмкіндік беретін жақсы бастама.

Кішкентай «қызметкерлер» түрлі сувенирлер мен тәттілер дүкенінде өзінің қалағанын сатып ала алатын қаржы — «жалақы» алады. Ол дүкен «Мамандықтар қаласы» аумағында орналасқан. Бұл дүкеннен қалағанын сатып алу үшін әр бала 15-20 мамандықты «игеру» керек.
Әрі қарай

Астана әкімдігі азық-түлік өнімдерінің бағасын тексеруде

Астанада азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлеріне бағаны реттеу бойынша күн сайын тексеру жүргізілуде.

Атап айтқанда, қала билігі «Астықжан», «Магнум» және «Шапағат» базарлары сияқты қаланың сауда орталықтарында бағаны тұрақтандыру бойынша бақылау жүргізуде.

Статистикаға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімінің бағасы ай басынан 98,4 пайызды құрайды. Бағаны тұрақтандыру мақсатында мамыр айынан бастап 30-дан астам өңірлік ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті, 11660 т өнім іске асырылды. Салыстырып алғанда 2016 жылы 12 мың т өнім іске асырылды, олардың 3660 тоннасы тек көкөніс өнімдері, олардың ішінде: картоп шамамен — 800 т, орташа бағасы — 110 тг/кг (Астана қ. бойынша орташа баға 160 тг/кг), қырыққабат 900 тг/кг (орташа баға – 109 тг/кг), пияз – 120 тг/кг (орташа баға 154 тг/кг), сәбіз – 150 тг/кг (орташа баға 140 тг/кг). 5-6 тамызда Атырау және Қостанай облыстарының жәрмеңкесі өтеді.

Ірі отандық өндірушілермен жасалған келісімшарттар аясында сиыр етінің сатып алу бағасы бекітілді (1300 тг/кг), сатылымға сүйексіз жұмсақ еттің 1 келісі 1350 теңгеден шығарылады.

«Astana» ӘКК» ҰК» АҚ «Кеңмарт» СО және «Астықжан» СО-на жалпы көлемі 300 млн теңге (әрқайсысына 150 млн теңгеден) сомасында несие берді. Қазір бұл нысандар ағымдағы жылдың соңына дейін тауардың 10 санаты бойынша азық-түлік өнімінің 49 түріне өздерінің бағасын бекітті. Атап айтқанда: тауыр еті, сүт өнімдері, гастрономия, сусындар, жартылай фабрикаттар, сұйық май, нан және тоқаш өнімдері және т.б.

Қант бағасын тұрақтандыру мақсатында тексеру жүргізілуде. Қанттың бағасы 260 тг/кг болып бекітілген.

«Астықжан», «Кеңмарт», «Магнум», «Шапағат», «Апрель», «А2» желісі, «Встреча», «Алма» супермаркеті, «5 минут» сауда жүйесі секілді 33 сауда нысанында азық-түлік өнімдері іске асырылады.
Әрі қарай

Британдықтар "Астанадағы бақыт сыйлайтын жерлер" картасын құрады

2-3 тамыз аралығында Astana Music Hall-да британдық InvisibleFlock ұжымы еліміздің астанасы туралы «Бақытта адамдар Live» музыкалық қойылымын қояды.

Қойылым ең бақытты сәттерді сезінген қаладағы жерлер туралы Астана тұрғындары мен қонақтарының естеліктеріне негізделген. Шілде айында «Керуен» ОСО-да кез-келген тұрғын интерактивті тақтайшаға өзінің арман-мақсаттарын жазып, ұмытылмас естеліктермен бөлісе алу мүмкіндігіне ие болды.

-Астана біз үшін – әрдайым шабыттандыратын бірегей қала. ЭКСПО кең ауқымды шарасын сапалы өткізіп жатырсыздар. Керемет әсер алдық, — деді InvisibleFlock өкілдері.

Қойылым ЭКСПО-2017 үшін британдық FutureCreative мәдени бағдарламасы аясында өтеді.

Invisible Flock — интерактивті арт-студия, ол 2009 жылы Лидс қаласында Бен Итон, Виктория Пратт және Ричард Уорбертон есімді үш суретшімен құрылған.

«Бақытта адамдар Live» қойылымына билеттерді www.biletiastana.kz. сайтынан сатып алуға болады.

«Астанадағы бақыт сыйлайтын жерлер» картасы:

www.invisibleflock.com/bringthehappy/newMap.html

Толығырақ жоба туралы: www.britishcouncil.kz/ru/programmes/arts/bring-the-happy
Әрі қарай