Жарияланымдар

«Есіл» ауданында жарықдиодты шамдар орнатылуда

Астана қаласында жарықдиодтық шамдарды орнату жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі кезде «Есіл» ауданы әкімдігі электр энергиясын үнемдеу мақсатында, энергияны көп қажет ететін шамдарды жарықдиодтық шамдарға ауыстыру жұмыстарын жүргізуде. Сол мақсатта аудан әкімдігі «Нұр жол» желекжолында 250 жарықдиодты шам орнатқан.

«Бүгінгі таңда «Астана Калалык Жарық» ЖШС мердігерлік ұйымы «Нұр жол» желекжолында энергияны көп қажет ететін 250 прожекторды энергия сақтаушы жарықдиодты шамдарға ауыстырды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда», — деп мәлімдеді «Есіл» ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Астанада жастардың қатысуымен қайырымдылық Гранд-бал өтті

Жастар балының дебютанттары «Ардагерлерді ардайық», «Жүректен жүрекке», «Ақжарқын Астана» сияқты ірі қайырымдылық шараларға қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қоғамдық даму істері басқармасы өз алдына «Астананың Қайырымдылық Гранд-балын» — жылдың қорытынды іс-шарасы ретінде ұйымдастыру міндетін қойды. Бұл – жастар үшін ең жарқын шара.

Барлық қатысушыларға көйлектерді, костюмдерді, шаштараздар мен визжистердің қызметін ұйымдастырушылар ұсынды.

«Бірінші кезекте, бұл біздің астаналық белсенді жастардың бал кеші. Бал кешіне қатысушы дебютанттар тек қана балдың дайындығына ғана емес, қайырымды істерге де қатысты. Олар қарттар үйіне, балалар үйіне барып, концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Аталған қорытынды шара біздің жастарымызды қайырымды істерді жасауға, волонтерлік қызметке, қайырымдылық іс-шараларға белсене араласуға шақырады», — деді Астана қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин.

«The Ritz-Carlton Astana» отелінің банкет залында 150 дебютант бал кешін дәстүрлі полонез биімен салтанатты түрде ашты. Сондай-ақ, бағдарламада вена вальсі, неміс, фин полькасы, кадриль және қазақ вальсі де бар.

«Аталған жоба бір ай бұрын басталған болатын. Басты мақсат – талантты, шығармашыл жастарды қолдау. Жастар балы – шығармашылық әлеуетті дамытуға қоғамның назарын аударту, волонтерлік қозғалысты ілгерілету мақсатында біріккен түрлі санаттағы жастардың жұмысының көрсеткіші.

Елорданың жас азаматтары қайырымдылық шарасына бастама болып, Тәуелсіздік күні қарсаңында Астананың аз қамтылған 150 жанұясына сыйлық түрінде материалдық көмек көрсетті», — деп мәлімдеді қалалық қоғамдық даму істері басқармасы жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Бақытжан Жүнісбеков.

Бал кешіне дайындық тыңғылықты жүргізілді. 20 күн ішінде дебютанттар күрделі би қимылдарын меңгеріп шықты. Ұйымдастырушылар айтуынша, үміткерлердің саны көп болған. Алайда кастингтен елорда жастарының әлеуметтік тұрғыда белсенділік танытқан өкілдері өтті. Олардың қатарында студенттер, құлағы нашар еститін курсант жастар, стоматолог, фармацевт, дәнекерлеушілер сияқты түрлі мамандықтың иелері бар.

«Мен жастар балы болатынын Инстаграм арқылы білдім. Бұрын ешқашан балға қатысқан емеспін.Қызықтым да өзімді осында сынап көрмек болдым. Жұмыспен қатар алып жүре алар ма екенмін деп те ойладым. Бал кешіне дайындық өте қызықты өтті. Бастысы, мен 149 дебютантпен танысып, достастым», — деді Марат Әлібек.

Құрметті қонақтардың арасында эстрада жұлдыздары, спорт шеберлері, жастар ұйымының басшылары, жастар шығармашылығының өкілдері, сондай-ақ көптеген адамдардың өміріне араша болған донорлар да қатысты.

Астанада еліміздің бас шыршасы жағылды

Астанада жаңа жылдық бас шыршаның шамдарын жағу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордадағы ЭКСПО көрмесі төрінен орын алған еліміздің бас шыршасының биіктігі 25 метр. Оны безендіруге 1200 түрлі-түсті шар мен 4 мыңнан астам жылтырақ ойыншықтар жұмсалды.

Салтанатты шараға қала әкімі Б.Сұлтанов қатысып, шыршаның шамдарын жақты.

«Жаңа жыл — әлемдегі кең көлемде аталып өтетін мерекелердің бірі. Бүгін Сіздермен бірге жылдағы дәстүр бойынша бас шырша шамдарының жағылуына куә болудамыз. Жаңа жыл отбасылық мейрам болғандықтан Астанада оған дайындықты жоғары қарқынмен жүргізудеміз. Биылғы жыл еліміз үшін де, елорда үшін де табысты болды. Алдағы жылы атқарылатын игі істер өз жалғасын табады», — деді елорда әкімі.

Шара барысында жиналған қауым еліміздің өнер жұлдыздарының концертін тыңдап, сондай-ақ отшашу рәсімін тамашалады.

Сонымен қатар, мерекелік қызықтан кішкентай көрермендер де құр қалмады, олар үшін арнайы аниматорлар мен алып қуыршақтар түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырды.

Қала бойынша шырша шамдарын жағу рәсімі ЭКСПО-дан бөлек тағы 11 жерде өтті. Атап айтқанда «Қазақ елі» монументі, «Ханшатыр» СОСО, «Ботаникалық бақ», «Президенттік саябақ», Қалалық алаң, «Столичный» саябағы, «Алатау» СК, «Жастар сарайы», «Есіл жағалауы», «Ататүрік» саябағы және «Жастар» театры алаңында.

Айта кетсек, биыл қыста қала тұрғындары мен қонақтары үшін 12 тақырыптық алаң, 32 мұз айдыны, 36 мұз төбешік және түрлі 400-ден аса жаңа жылдық шара қарастырылған.

«Тілге қолдау» кеңесші жұмыс тобының мүшелері марапатталды

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жолында аянбай еңбек етіп жүрген қоғам қайраткерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы Тілдерді дамыту және арxив ісі басқармасы «Тілге қолдау» кеңесші жұмыс тобының жұмысын қорытындылады.

«Ұлы дала елінің ұлық мерекесі — Тәуелсіздік күні қарсаңында Астана қаласы Тілдерді дамыту және арxив ісі басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев басқарманың жанынан құрылған «Тілге қолдау» кеңесші жұмыс тобының мүшелерін мерекемен құттықтады», деп хабарлады басқарма.

Сонымен қатар, «Үздік мекеме» байқауының қорытындысы шығарылып, «Байқоңыр» ауданында орналасқан үздік деп танылған мейрамхана иелерін марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Мүгедектігі бар барлық астаналықтар үшін тегін спорт қолжетімді бола түспек

Бұл туралы меморандумды елорда әкімдігі пен Астананың паралимпиадалық жаттықтыру орталығының «Каспий» спортты дамыту қоры бекітті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Паралимпиадалық жаттықтыру орталығы елордада өз жұмысын осы жылы бастады. Ал 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол тек паралимпия спортшылары үшін ғана емес, дене шынықтырумен, спортпен айналысқысы келетін барлық мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де ашық болады.

Тиісті меморандумға мемлекет-жекеменшік әріптестік аясында «Каспий» спортты дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Қазбек Қапанов пен Астананың қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы Ғали Исқалиев қол қойды.

«Астана әкімдігінің қолдауының арқасында бұл орталықтың 2019 жылдың 1 қаңтарында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін паралимпиадалық жаттықтыру орталығы мен «Тарлан» мұз аренасының қызметін ұйымдастыру» жобасының шеңберінде қаланың барлық мүгедек жандарын қарсы алуға бүгін толықтай дайын екендігін ауыз толтырып айта аламыз», — деді ҚР Ұлттық паралимпия комитетінің атқарушы директоры Ерлан Сүлейменов.

«Анықтама үшін: Астанада 24 мыңға жуық мүгедек адам бар. Олардың жартысына жуығы – 1, 2 топтағы мүгедектер. Соның ішінде тек 300-ге жуық мүгедектігі бар спортшы «Жігер» орталығында жаттығады.

Бұл, әрине өте аз. Дегенмен бұдан былай аталмыш көрсеткіш арта түспек. 2019 жылдан бастап қаладағы барлық мүгедектер тәжірибелі және оқытылған жаттықтырушылардың жетекшілігімен спорттың оннан астам түрімен айналыса алатын болады», — деді ол.

Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, жоба ұйымдастырушылары спорттық жаттығулардың астаналық мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың жартысынан көбінің арасында сұранысқа ие болады деп күтеді. Паралимпиадалық жаттықтыру орталығының күніне 780 адамды қабылдайтын қауқары бар.

«Тарлан» мұз аренасы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін келесі жылдың шілдесіне қарай бейімдендіріледі деп жоспарланып отыр.

Елбасы кітапханасында сирек кездесетін экспонаттар ұсынылды

Елбасы кітапханасының музейі ғимаратында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Әлем халықтарының музыка аспаптары», «Қазақстанның спорттық даңқы» атты тұрақты тың экспозициялардың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Музыка аспаптарының жинағы Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа шет мемлекет пен үкімет басшыларының, халықаралық ұйымдар мен қорлардың, шетелдік делегациялардың, ел тұрғындарының тарту еткен сыйлықтарынан тұрады. Музей жинағындағы музыка аспаптарының коллекциясына қарапайым аспаптардан бастап, құрылымы мен музыкалық орындау мүмкіндіктері бойынша аса күрделі құралдар да кіреді. Олардың арасында үрмелі, шертпелі, ысқылы, ұрмалы және механикалық сынды музыка аспаптардың барлық түрлері кездеседі.

Олардың арасында дан бау – бір пернелі цитра — вьетнам ұлттық музыкалық аспабы (Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чыонг Тан Шангтың сыйы), 1940-1950 жылдардағы «Граммофон» артели өндірісінің патефоны және Күләш Байсейітованың, Федор Шаляпин, Петр Чайковскийдің орындауындағы орыс романстарының 1940-1960 жылдардағы сирек пластинка коллекциясы бар. Сирек құнды сый арасында — сондай-ақ, қолдан жасалған шарманка бар.

Экспозицияға жалпы есеппен 35 жәдігер қойылған.

«Қазақстанның спорттық даңқы» экспозициясында Мемлекет басшысына отандық, шетелдік спортшылардың тарту еткен сыйлықтары, Елбасының жеке архивіндегі құжаттар, ҚР Ұлттық олимпиада комитеті ұсынған материалдар мен спортшылардың жеке заттары ұсынылған. Жәдігерлердің қатарынан келушілер В.Жиров пен М.Мәзімбаевтың белбеуін, А.Винокуровтың велосипеді мен киімін, саяхатшы-байкер Д.И.Петрухиннің сыйлықтарын көре алады.

Мүмкіндігі шектеулі жандар IT мамандықтарын тегін меңгереді

Тыңдаушылар интернет-маркетинг, бағдарламалау және дизайн сияқты ІТ саласының үш бағыты бойынша білім алады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Интернет-технология» инновациялық мектебінің негізін салушы Әмір Сүлейменов мүгедектерді IT саласының 3 бағыты бойынша тегін оқытатынын хабарлады.

Оқу қашықтықтан жүргізіледі, сондықтан курсқа Қазақстанның кез келген өңірінің азаматы өтініш бере алады. Қазіргі таңда мектепке 50 адам жазылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарды үш негізгі бағыт бойынша оқытады: интернет-маркетинг, бағдарламалау және дизайн.

«Қазір сұранысқа ие мамандықтарға СММ-менеджмент, сайт жасау, интернет-магазин, андройд-қосымшалар әзірлеу, веб-дизайн жатады. Кезінде мен де халықаралық олимпиадаға барар жолда көлік апатына ұшырап қалдым. Арбаға таңылған соң, мен қиындықтарға соқтықтым. Біздің білім беретін орындарда лифтілер, пандустар жоқ. Менің алдымда осылай жатып қалу, не тіршілік жасау таңдауы тұрды. Мен программист мамандығын таңдадым. Себебі ол әлемнің кез келген нүктесінен қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді», — дейді Ә.Сүлейменов.

Бүгін «Интернет-технология» мектебінен Астана, Қарағанды, Петропавл қаларынан мүмкіндігі шектеулі 40 жуық адам оқудан өткен.

Әмір Сүлейменов адамдарды оқытуды оңалту орталықтарынан бастаған, онда білімі жоғары, тәжірибесі бар адамдар тек зейнетақымен жүргенін көрген. Қазіргі күнде Әмірдің курсынан өткен көптеген адам өз ісін бастаған немесе ірі корпорацияларда жұмыс істейді.

«Курстан өткендердің 80 % жұмысқа тұрды. Біз оларды СММ менеджментке оқыттық: әлеуметтік желілерде мақсатты аудиторияны қалай табуға және инстаграмда тауарды және қызмет көрсетуді қалай көрсету керектігін үйреттік» — дейді ол.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды тегін оқыту туралы толық ақпаратты isit.kz сайтынан біле аласыз.

Полиция тек сертификатталған пиротехникалық өнімдерді алуға кеңес береді

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астана қаласы полициясы қала тұрғындарын пиротехникаларды қолдан, автокөліктен немесе белгіленбеген орындардан алмауға шақырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Полиция пиротехникалық бұйымдарды тиісті рұқсатсыз сату Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынғанын ескертеді.

«Пиротехникаларды қолдан, автокөліктен немесе белгіленбеген орындардан алушы болмаңыздар. Полиция пиротехникалық бұйымдарды тиісті рұқсатсыз сату Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынғанын ескертеді. Айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігі сіздерге байланысты екендігін есіңізде сақтаңыз», — делінген ПД-нің хабарламасында.

Астана қаласының Полиция департаментінің «Шұғыл желі» телефондары: 8(7172)-71-61-70; 71-63-66, «Алматы» ауданы 71-67-37; «Сарыарқа» ауданы 71-66-46; «Есіл» ауданы 71-65-61; «Байқоңыр» ауданы — 32-26-14 немесе 102.

Астанада дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжауынша ертең елордада боран соғады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты «Қазгидрметке» сілтеме жасап.

«19 желтоқсанда жаяу бұрқасын жүріп, солтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз 15-20 м/с жетеді. Дауылдың ықтималдығы 95-100 % құрайды», — делінген хабарламада. Ал Ақмола облысының кей жерлерінде 19 желтоқсанда тұман түсіп, боран соғады деп күтілуде. Солтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші15-20 м/с жететін болады.

Аяз атаның резиденциясы, «Ғарыштық әбігер» және жалынды зумба

Елорда әкімдігі ресми сайтының тілшісі Астанадағы жаңажылдық ертеңгілік қойылымдардың қайда өтетінін анықтады. Аяз Атаның резиденциясы:

19-30 желтоқсан аралығында сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін. «Аяз атаның қонақ бөлмесі» және «Жаңажылдық шырша маңындағы интерактив» шарасы – 22,23,29,30 желтоқсанда демалыс күндері 12:00-ден 18:00-ге дейін.

Елорда тұрғындары мен қонақтары амфитеатр алаңында 19 желтоқсанда ашылатын Аяз Ата резиденциясына хат жолдау, оны қарсы алу, жасыл шырша жанында көңіл көтеру сынды шараларға қатыса алады.

Кіру: «Аяз Ата поштасы» – 1000 теңге;

«Аяз атаның қонақ бөлмесі» — бір адамға 1500 теңге; 4-7 адамнан тұратын жанұя үшін 5000 теңге;

«Жаңа жылдық шырша маңындағы интерактив» – 2000 теңге;

Орналасқан жері: Атырау көпірінің жанындағы амфитеатр.

Анықтама телефоны: +7 (717) 232 67 81.

«Ғарыштық әбігер» жаңажылдық қойылымы

10-30 желтоқсанда сағат 11:00-де, 13:30-да.

Жаңа форматтағы шоуды Rixos қонақ үйіндегі жаңажылдық таңертеңгілік ұсынады.
Жер планетасына қауіп төніп тұр. Жауыз әрі қу Дарт Вейдер өз көмекшілерімен Аяз атаның асатаяғын қолды қылып, белгісіз ғаламшарға ұшып кетіпті. Енді Жаңа жыл келмеуі мүмкін.

Қаһармандар Аяз атаның асатаяғын табу мақсатында түрлі ғаламшарларға қызықты әрі шытырман саяхат жасайды.

«Ғарыштық әбігер» – интерактивті ертегi! Супер қаһармандардың өздері де көмекке мұқтаж, сондықтан ертегі соңы балалардың белсенділігіне байланысты.

Кіру: 10 000 теңге (бір ересек + бір бала). Билет құнына жаңажылдық қойылым мен әр балаға арналған тәтті сыйлық кіреді.

Орналасқан жері: Rixos President Астана қаласы, Қонаев көшесі, 7.

Анықтама телефоны: +7 702 553 33 71.

Vienna New Year’s Ball:

18 желтоқсанда 18:00-ден 23:00-ге дейін.

Астанада Жаңа жыл қарсаңында алғаш рет балалар мен жасөспірімдерге арналған Вена балы өтеді. Кештің қонақтарын қызықты шоу-бағдарлама, банкет үстелдері, жұлдыздардың өнер көрсетуі, Аяз ата мен ақшақар, сыйлықтар мен әзілдер, мерекелік отшашу күтуде.

Кіру: ересектерге – 22 000 теңге, балаларға – 15 000 теңге, балалар мен ересектерге – 35 000 теңге.

Орналасқан жері: Wyndham Garden Астана, Рысқұлов, 6/1.

Анықтама телефоны: +7 747 493 53 33.

«Рождество тарихы» қуыршақтар театры:

26-27 желтоқсанда сағат 19:00-де

Қуыршақтар театры балалар мен олардың ата-аналарын сиқырлы қойылымға қатысуға шақырады. Кеш қонақтары Чарльз Диккенстің «Рождество тарихы» туындысына негізделген «Рождестволық жыр» қойылымын тамашалайды.

Сондай-ақ, жас қонақтарды Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен өтетін жаңажылдық би кеші күтеді.

Кіру: 1500 теңгеден бастап. Өтетін орны: Астана қаласы қуыршақтар театры, Республика даңғылы, 3.

Анықтама телефоны: +7 (7172) 22 26 46.

Балалардға арналған жаңажылдық таңертегіліктегі зумбадан шеберлік сағаты:

23 желтоқсанда сағат 13:00-де.

Ерекше жаңажылдық таңертеңгілікте балалар тек таңғажайып және фантастикалық кейіпкерлермен ғана емес, ең үздік хореографтармен зумба билей алады. Сондай-ақ, қонақтар үшін швед үстелі, кәсіби жаңажылдық фотосессия, трансформерлердің қойылымы, тірі қуыршақтар, сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен, ертегілерімен кездесу, Аяз Ата мен Ақшақардың құттықтауы және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады. Әр балаға эксклюзивті сыйлық дайындалады.

Кіру: 1000 теңгеден бастап.

Орны: «Tarantino», «Москва» БО, Достық, 18