Жарияланымдар

Астанада «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы өтуде

9-нан 13 қазанға дейін Астанада «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шараның мақсаты – қоғамдық көліктердің қатысуымен болатын ЖКО алдын алу. Жергілікті полиция қызметкерлерінен, әкімшілік полиция қызметкерлерінен және «Астана LRT» ЖШС алдын ала жұмылдырылған 10 топ қоғамдық көліктегі жүргізушілердің жұмысын бақылайды.

ІІД қызметкерлерінің айтуынша, мұндай шаралар жол қозғалысы ережесін бұзудың алдын алу мақсатында тұрақты түрде өткізіліп тұрады және жолдардағы қоғамдық көліктердің жүргізушілерінің тәртібін қадағалайды.

2019 жылы Белградта Астана күндері өтеді

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов пен Белград мэрі Зоран Радойичич 2019 жылы Белградта Астана күндерін өткізуге келісті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Қос ел астаналарының басшылары екіжақты қарым-қатынасты кең көлемде дамытуда және бекітуге келісіп, Қазақстан және Сербия елдері астаналарының арасында комюникеге қол қойып, достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға келісті.


Бұдан бөлек, қала басшылары сауда-экономика саласын, гуманитарлық және ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамытуға келісті. Сондай-ақ, сауда, инвестиция, инновация, туризм, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт салаларында тәжірибе алмасуға келісті.


Астана мен Белград қаласының басшылары екі астананың атқарушы органдары арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру мақсатында бірлескен жұмыс тобын құру және оның тұрақты, тиімді қызметін қамтамасыз етуді шешті. 


Астаналық мектеп медбикелері шұғыл көмек көрсету мастер-класынан өтті

№ 9 қалалық емхананың базасында автоматты дефибрилляторды қолданып жүректің кенеттен тоқтауы кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша 84 мектептің медициналық қызметкері үшін шеберлік-сыныбы өткізілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Оқу кезінде және дене шынықтыру сабақтарында оқушылар кенеттен қайтыс болған бірнеше қайғылы оқиғалардан соң, Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қоғамдық орындарда алғашқы көмек көрсетудің халықаралық стандарттарына сәйкес, «Ақ Жүрек» қоғамдық қорының ұсынысымен әрбір мектептің медициналық пунктіне автоматты дефибриллятор орнатып жатыр.


«Жалпы мектеп медбикесі, мұғалім оқушы есінен танған және тыныс алуы тоқтаған сәттегі 2 минут ішінде келіп көмек көрсететін болса, жүректі қайта соқтыра алады және біз осыған жағдай жасауымыз керек», — деді «Ақ Жүрек» қоғамдық қорының директоры Руслан Масхутов.


Мастер-классқа қатысушылар зардап шегушіге алғашқы көмектің қаншалықты уақтылы және дұрыс көрсетілуін практикалық тұрғыда көрді.


«Жалпыға қолжетімді ZOLL AED Plus автоматты дефибрилляторының жанама жүрек массажының сапасын бақылау сездіргісінің көмегімен мектептің медициналық қызметкері, ұстаз немесе басқа да адамдар жүрегі тоқтап қалған зардап шегушінің тіршілік функцияларын медициналық қызметкерлер келгенге дейін үзбей сақтап тұра алады. Басты жауапкершілікті басқаға артпай шұғыл алғашқы көмекті өзі көрсетуі керек. Әр адам өзіне «Шұғыл жағдайда мен біреудің өмірін сақтап қала аламын ба?» деген сұрақты қоюы керек. Себебі, сіздің қолыңызда ол адамның өмірі», — деді Р. Масхутов.


Енді бізде «Қауіпсіз мектеп, қауіпсіз ЖОО» жобасының арқасында адамдарды құтқару мүмкіндігі бар, шараға қатысушылар дәрігерлер мен медбикелер осындай курстардан өтіп, қолдарында сертификат болуы керек деген ойға тоқтады, Ал ұстаздар мен оқушылар курстардан өтіп алғашқы көмекті өздері көрсете алулары керек.  


 


«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау басталды

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар тіркеуіндегі кезектілер үшін құжаттарды қабылдауды жариялайды.


Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен  «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілген. Осы бағдарлама шеңберінде халықтың барлық санаттарына арналған «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының тұрғын үйі  бағыты бойынша тұрғын үйлерді жүзеге асыру қарастырылған.


Астана қаласының әкімдігі мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы арасында Астана қаласында №№ 23-31, 23-16, 23-17, 23-30, А98 (жобалық атаулар) көшелері қиылысы ауданында көппәтерлі тұрғын үй кешенінде орналасқан 4-ші класты жайлылықты, тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 120 теңге болатын 21 пәтерді сату бойынша 2016 жылғы 26 шілдеде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Оның ішінде:


3 – 39,4-тен – 42,48-ге дейін ш.м бір бөлмелі пәтер;


15 – 57,59-дан – 58,43-ке дейін ш.м екі бөлмелі пәтер;


3 – 76,97-ден – 78,06-ға дейін ш.м үш бөлмелі пәтер.


Тұрғын үй өз қаражаты немесе тұрғын үй құрылыс жинағынан, несие есебінен тікелей сатып алу арқылы жеке меншікке беріледі. Төлем қабілеттігі расталмаған жағдайда тұрғын үй 8 жылдан аспайтын мерзімге сатып алумен жалға беріледі.


«ҚТҚЖБ» АҚ тұрғын үй» бағыты бойынша бағдарлама шарттарына сәйкес, Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар (кезектегілер) мына санаттар бойынша қатыса алады: жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына теңестірілген тұлғалар, жасына қарай зейнеткерлер, оралмандар, толық емес отбасылар, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.


Құжаттарды қабылдау өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын қолданумен, e.astana.kz веб-порталы арқылы ғана жүзеге асырылады, «ҚТҚЖБ» АҚ тұрғын үй»  жүйесінде — 2018 жылғы 10 — 12 қазан аралықтарында (қоса алғанда). Порталдың жұмыс істеу уақыты – тәулік бойы.


Тұрғын үйді алуға үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:


    1) Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман мәртебесінің болуы;


    2) өтініш берген күнге соңғы екі және одан да көп жыл Астана қаласында тұрақты тіркеуде болуы;


    3) Бағдарламаға қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына кіретін және өтініште көрсетілген отбасының өзге де мүшелерінің:


    әрбір отбасы мүшесіне пайдалы алаңы 15 шаршы метрден кем болатын жатақханадағы бөлменің болуы;


    осы тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын құлау (қирау) қаупі бар авариялық жағдайдағы балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйлерді қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында (ортақ бірлескен меншігі, осы тармақшада көрсетілген тұрғын үй бірлігі ретінде өзге отбасы мүшелерімен ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлесі);


    4) Бағдарламаға қатысуменен және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына кіретін және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 (бес) жыл ішінде тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы;


    5) сатып алу құқығымен және сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үйді іске асыру шарттары бойынша тиісті кірістерімен міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растау (төлем қабілеттілігін бағалау).


Бағдарлама шеңберінде құжаттарды қабылдау мерзімі ішінде өтініш тек бір рет берілуі мүмкін.


Өтініш коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған кезектегі адамдар беруі тиіс.


Егер, өтініш беруші кезектегілер тізімінде болмаса, өтініш жойылады. Өтінішті портал арқылы толтырмас бұрын, өтінішті беру нұсқаулығымен танысу қажет.


Тұрғын үйлерді алуға үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:


    1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;


    2) өтініш берушіні және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;


    3) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;


    4) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алумен жалдамалы тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;


    5) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;


    6) өтініш берушінің басқа адамдарын отбасы мүшелері ретінде тану туралы сот шешімі;


    7) жалақы туралы анықтама;


    8) жұмыс орнынан анықтама;


    9) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабында айқындалған санаттарға өтініш берушінің қатысын растайтын құжаттар.


Қажет болған жағдайда, азаматтар «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен қосымша құжаттар ұсыну немесе өтініш иесімен берілген мәліметтерді анықтау үшін шақырылуы мүмкін. Отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны) талап етілген пәтердің алаңына әсер етпейді, үміткерлер өз қалауы бойынша пәтер түрін көрсетеді.


Өтініш берушілер арасында алдын ала іріктеу Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Тұрғын үй комиссиясымен (бұдан әрі – Комиссия) «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйге мұқтаждыларды есепке қою тізімдеріне және сол кезекке тұрған күніне сәйкес жүргізіледі.


Өтініш берушілердің төлем қабілеттіліктеріне іріктелген бағалау жүргізгеннен кейін Комиссия Астана қаласы әкімдігінің интернет- ресурстарында жарияланатын бағдарлама қатысушылардың түпкілікті тізімін бекітеді.


Бағдарлама шеңберінде бағдарламаның барлық бағыттары және Қазақстан Республикасының барлық өңірлері бойынша 1 бірліктен аспайтын тұрғын үйді жеке меншікке сатып алуға немесе сатып алу мүмкіндігімен жалға беруге болады.


e.astana.kz веб-порталы арқылы өтініш беру кезінде толығырақ ақпарат алу немесе техникалық ақаулар болаған жағдайда, Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.


«Бизнестің жол картасы – 2020» шеңберінде 700-ден аса жобаға қолдау көрсетілді

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы іске асырылғалы астана билігі «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қорымен бірлесіп, жалпы 150 млрд теңгенің сомасындағы 709 жобаға қолдау көрсетті. Бұл туралы астаналық қордың филиал директоры Нұрсұлтан Абдолла астана әкімі Бақыт Сұлтановтың қала активімен Мемлекет басшысының Жолдауын талқылауы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Оның айтуынша, қор жұмыс жасағалы көптеген арнайы экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізген. 


«Жыл сайын аталған бағдарламаға қатысушылардан ШОБ саны өсуде. Соңғы үш жылда субсидияланған жобаның саны 75 %, ал кепілдік берілгені – 28 % жетті. Бағдарлама жұмыс жасағалы 8 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылды, 800 млрд теңгенің сомасында өнім шығарылды, салықтан бюджетке 46 млрд теңгеден аса қаржы түсті. Аталған бағдарлама астанада да, елімізде де ШОБ-тің дамуында үлкен роль ойнайды», — дейді Нұрсұлтан Абдолла.


Айта кетейік, Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында бизнес климатты жақсарту мәселесіне көбірек көңіл бөлген. Елбасы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының мерзімін 2025 жылға дейін ұзартып, 20 мың жаңа жұмыс орнын құруды тапсырды.


Сондай-ақ кездесу барысында Бақыт Сұлтанов жыл басынан қолданыстағы ШОБ 9 пайыздан 106 мың бірлікке дейін өскенін хабарлады. ШОБ-тан бюджетке салық түсімі 300 млрд теңгені құрады (немесе жалпы салық төлемінен 45 пайыз түсім).  


«Астана бизнесті оңай жүргізу рейтингі бойынша ұлттық жеңімпаз атанып, Мемлекет басшысының арнайы премиясын жеңіп алды және 2050 жылға дейін ЖІӨ үлесінің 50 пайызын ШОБ қамтамасыз ету тапсырмасын мерзіміне бұрын орындады. Бүгінде мемлекет тарапынан жеке ісін ашқысы келетін адамдар үшін көптеген мүмкіндіктер ұсынуда. Қазіргі Жолдау экспорттық әлеуетті және отандық тауардың ішкі нарығын іске асыруға қосымша серпін береді», — деді Б. Сұлтанов.  


Еске сала кетейік, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдаралмасы төрт бағытта жұмыс істейді, оның бірі бизнесті қолдауға бағытталған.


Астанада алғаш рет глютенсіз өнім шығаруды бастады

Қазақ ғылыми-зерттеу институтының зерттеу тобы алғаш рет отандық тамақтану өндірісіндегі глютенсіз ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін зертхана құрды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты. 



Институт жүргізген сауалнаманың нәтижесі бойынша, Қазақстанда целиакиямен ауыратын 11 жасқа дейінгі балалар саны 67 %, 11-ден 12 жасқа дейін — 15%, 21-ден 35 жасқа дейін 17 %. Ауру балаларда байқалған аурудың негізгі көрінісі мынадай: аласа бойлы, қан аздық, психоневрологиялық бұзылушылық және аллергия. Тек глютені жоқ тағамдармен диета сақтау арқылы асқынудың алдын алып, физикалық және интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етуге болады.


Бүгінге дейін ұннан жасалған глютенсіз өнімдерді әлемде Америка және Еуропа елдерінде арнайы рецептпен әзірлеп, жер жүзіне өнімді импортқа шығарады. Өкінішке қарай, өнімнің дәл осы санаты өте қымбат тұрады және Қазақстанда целиакиямен ауыратын тұрғындар үшін барлық кезде қолжетімді емес.



«Кейбір отбасыларда бірнеше балалар ауырады. Глютенсіз өнімдердің бағасы глютені барына қарағанда он есе қымбат, сондықтан адамдар шығынға көбірек батады. Барлығы да сапасы жағынан шетелдікінен кем түспейтін отандық өнімнің өндіріліп шыққанын қалайды», — дейді өсімдіктану өнімдерін қайта терең өңдейтін зертхананың бас ғылыми қызметкері Ольга Полуботько.



Қазіргі таңда институтта ұннан кондитерлік қоспа мен ботқа алу бойынша зерттеу жүргізілуде. Шикізат ретінде Қазақстанның түрлі өңірінде өсірілетін жүгері, күріш, тары, зығыр алынды. Зерттеу барысында аталған дақылдарда глютен целиакияны тудырмайды.   


 


«Әзірге зерттеу үшін біз осы өнімдерді алдық. Олардан біз глютені жоқ өнім аламыз, олардан кекс пен печенье жасалады. Талқан қосылған печенье бірінші рет жасалды. Талқан оған өте жақсы дәм беріп тұр, дегустаторлар жоғары деңгейде бағалады. Сондай-ақ тез дайындалатын глютенсіз ботқа дайындаймыз. Алдағы уақытта басқа да дақылдарды зерттейміз. Жоспарымызда макарон өнімдері де бар, себебі көпшілігі макарон өнімдері мен ет асуға арналған қамырға қызығады», — деді өнімдердің жасалу барысы туралы айтқан Ольга Полуботько.



Институттың қызметкерлерінің айтуынша, импорттық өнімнің құрамында крахмал мен басқа да қоспалар өте көп. Зерттеушілер осыған орай өз жоспарларында отандық өнімнің құрамында жасанды қоспалардың аз мөлшерде болуын ескеріп отыр. Қаз ҰЗИ ғылыми хатшысы Дариғаш Шаймерденова Финляндияның Қазақстанмен бірлесіп макароннан глютені жоқ өнім дайындауға қызығушылық білдіріп отырғанын жеткізді.



Қаз ҰЗИ сонымен қатар басқа да тамақтану өнімдерін қайта дайындау туралы зерттеу жүргізіп жатыр, олар: лактозасыз сүт қышқылы, құрамында  пектині бар,  трансизомері жоқ майсыз өнімдер мен дәнді-бұршақты дақылдар.



Институттың қызметкерлерінің айтуынша, импорттық өнімнің құрамында крахмал мен басқа да қоспалар өте көп. Зерттеушілер осыған орай өз жоспарларында отандық өнімнің құрамында жасанды қоспалардың аз мөлшерде болуын ескеріп отыр. Қаз ҰЗИ ғылыми хатшысы Дариғаш Шаймерденова Финляндияның Қазақстанмен бірлесіп макароннан глютені жоқ өнім дайындауға қызығушылық білдіріп отырғанын жеткізді.


Астанада ХХІ «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі өтеді

Астанада жыл сайынғы «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Биыл байқауда бес номинация бойынша дарынды жастар бәсекеге түспек. Атап айтқанда, «Классикалық музыка», «Халық музыкасы», «Эстрадалық вокал», «Хореография» және «Журналистика».


Үстіміздегі жылы байқау 5-9 қараша аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді. Онда 16-35 жастағы үміткерлер күш сынасады. Ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Классикалық музыка» номинациясында келесідей ішкі номинациялар болады: «Ағаш үрмелі аспаптар», «Мыс үрмелі аспаптар», «Соқпалы аспаптар», «Камералық ансамбль»; «Халық музыкасы» номинациясында «Қобыз», «Прима қобыз», «Шертер», «Бас шертер», «Прима домбыра»; «Хореогоафия» номинациясында тек халық биін орындаушылар ғана өнер көрсетеді. Ал «Журналистика» номинациясында екі бағыт қосылды – «Телевидение» және «Интернет ресурстар».


Айта кетейік, «Журналистика» «Шабыт» фестивалінің бағдарламасында соңғы рет 6 жыл бұрын болған. Биыл Астананың 20 жылдығын мерекелеуге орай аталған номинация қайта енгізілді. Байқауға мерейтойлық датаға және елордаға арналған телевизиялық бағдарламалар, деректі фильмдер (хронометражы 20 минуттан аспайды) және Интернет ресурстардағы жарияланымдар қатысады.


Әр номинация бойынша толық ереже ХХІ «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің www.shabyt.astana.kz сайтында және Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының www.madeniet-sport-astana.kz сайтында жарияланған. Байқауға қатысатын үміткерлер материалдарды Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасына (010000, Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11 мекен жайы бойынша) тапсырады. Сонымен қатар, байқауға қатысуға өтінімді www.shabyt.astana.kz сайты арқылы беруге мүмкіндік жасалған. Толық ақпаратты +7 (7172) 556771, +7 (7172) 557409 телефондары бойынша фестивальдің Ұйымдастыру комитетінен алуға болады. Өтінімдерді қабылдау 25 қазанға дейін жалғасады.


«Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі үстіміздегі жылы 21-ші рет өткізіледі. «Шабыт» өнер әлеміндегі маңызды оқиға және талантты жастарға үлкен сахнаға жол ашатын бірегей алаң болып табылады. Осы күнге дейін фестивальге өнердің түрлі жанрларында 10 мыңнан аса адам қатысты. Әр жылдары фестиваль гран-приі танымал әзілке Тұрсынбек Қабатовқа, ақын Қалқаман Саринге, балет артисі Әйгерім Бекетаеваға, опера әншісі Айгүл Ниязоваға, «Меломен» тобына, Аша Матайға, белгілі әнші әрі композитор Қайрат Баекеновке және басқа да атақты тұлғаларға табысталған болатын.


Еске салайық, өткен жылы ХХ «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде Қазақстан Республикасы Президентінің кубогын скрипкашы Жібек Мусургалиева жеңіп алды.


 

Астаналық дәрігерлер мен мұғалім, полицейлерге 100 пәтер беріледі

Астана қаласының активімен Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау барысында әкім Бақыт Сұлтанов жыл соңына дейін баспана алу үшін барлық қажетті құжаттармен рәсімделген сомасы 1 млн теңгелік 100 тұрғын үй сертифиткатымен қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Оның айтуынша әрбір азаматтар үшін жайлылық баспананың қолжетімді болуымен байланысты. Осы мақсатта биыл наурыз айында «7-20-25» ауқымды бағдарламасы іске қосылды, оның шеңберінде таяу арада бес жылда 100 мыңнан аса азамат баспаналы бола алады.


Астана қайтадан жаңадан тұрғын үй бағдарламасын әзірлеген бірінші қала, ол бюджет саласында қызметкерлердің баспаналы болуы үшін қажетті жағдайларды жасауға бағытталған.  


«Бағдарламаның бұдан да қолжетімді блла түсуі үшін халықтың жеңілдік санатындағылар үшін алғашқы жарнаны жартылау субсидиялау үшін қосымша механизмдер әзірлеу жалғасуда», — деді Бақыт Сұлтанов.


Әкім баспана алуда әлеуметтік көмекті ұсыну үшін қайтадан әзірленген тұрғын үй бағдарламасын іске асыру үшін «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ маңызды серіктес екендігін айтты.


«Астанада білім ұйымдарында әкімдікте кезекте тұрған баспанаға мұқтаж 10 мыңдай адам еңбек етеді. Денсаулық саласында 4997 адам және 2682 ІІД қызметкері тұрғын үйге зәру. Осы үш сала азаматтардың өмір сапасына қатты әсер етеді, сол себепті, оларға ең бірінші кезекте көмек беру керек», - деді «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқарма төрайымы Астана қаласының активімен кездесу барысында.


Естеріңізге сала кетейік, Н. Назарбаев өзінің жаңа Жолдауында тұрғын үй мәселесіне ерекше назар аударды. Президент жергілікті атқарушы органдарды қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуде алғашқы жарнаны субсидиялауға бірігіп көмектесуге және әлеуметтік саладағы жұмысшылар үшін ипотеканы қолжетімді етуге шақырды.


Б. Сұлтанов: Елбасы Жолдауы қолданыстағы бағдарламаларды іске асыруда жаңа серпін береді

Бүгін әкімдікте Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың қала активімен бірге ҚР Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Әкімнің айтуынша, қазіргі Жолдаудың маңызы мен құжаттың мазмұны, әзірленген және салыстыра тексерілген бағдарламалық құжаттар — «Қазақстан – 2050» стратегиясы, «Нұрлы жол» және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының логикалық жалғасы бола білді.


«Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев азаматтардың әлеуметтік жағдайы мен өмір сапасы, қоғам дамуын жақсарту бойынша жасалатын шаралардың ауқымын теңдесі жоқ етіп көрсетті. Әрбір пункт Қазақстанның қарқынды дамуы үшін іргетасы болып қаланды, оның іске асырылуы бізге әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы айтқан міндет 11 қыркүйекте қала активімен болған кездесуде айтылған мақсаттармен тығыз байланысты. Сондай-ақ қаланы дамытудың жаңа үлгісін енгізу мен жайлы орта жасау үшін инновацияны ілгерілетіп, креативті адамдар санын өсіру», — деді Б. Сұлтанов.


Кездесуде қатысушылар Президенттің жаңа құжатындағы барлық салаға қатыстыны талқылады. Оның ішінде «7-20-25» ауқымды бағдарламасын іске асыру бойынша баспана мәселесі айтылды, оның аясында Б. Сұлтановтың айтуынша таяу бес жылда 100 мыңнан астам азамат баспанаға қол жеткізе алады.


Қала активі сонымен қатар астанадағы бизнес климат мәселесін де қозғай кетті. Іске асырылып жатқан жобалар туралы «Даму» кәсіпкерлерді дамыту қорының астанадағы филиалының директоры баяндады. Ал денсаулық сақтау және білім саласындағы қызмет көрсетудің сапасын елордалық мектеп пен бала бақша меңгерушілері айтты.


Астана әкімі Б. Сұлтанов әрбір саланың іске асырылуы маңызды екеніне тоқталды. Әсіресе, денсаулық сақтау объектілері сияқты мекемелерді қолжетімді түрде қамтамасыз етуді тапсырды және де аулаларды және ішкі кварталдардың территориясын абаттандыруды да пысықтады.


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқына Жолдауын Нұрсұлтан Назарбаев 5 қазан күні жария етті. Онда негізгі тақырыптар қазақстандықтардың тұрғын үй, білім, денсаулық, шағын және орта бизнеске (ШОБ) көмектесу мәселелерін шешу болды.


«Руханият тіректері» атты кітап көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында жақын арада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне арналған «Руханият тіректері» атты тақырыптық кітап көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Көрменің ашылу рәсімінде Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов сөз сөйледі:


– Бүгін Сіздер Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін өткізу, дінтану, әлем діндерінің негіздері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің идеяларының туындауы және эволюциялық дамуы туралы тақырыптық кітап топтамаларын тамашалай аласыздар. Әлем діндерінің қасиетті кітаптары, яһудилік, христиандық, мұсылмандық әдеби дәстүрлердегі факсимильді және сирек басылымдарды паш ететін көрмеміз әлемдік өркениеттің байлығы мен сан алуандығын түсіндіріп қана қоймай, көрермендерді осылардың бір бөлігі ретінде сезіндіреді, — деп атап өтті Әмірхан Рахымжанов.


Әлемдік және дәстүрлі діндер, философиялық ілімдер мен тәжірибелер тарихы әлемнің көптеген ғалымдарының қызығушылығын оятады. «Рухани тіректері» көрмесі әлемдік діндердің қасиетті кітаптарын, ғылыми монографияларды, өнер және сәулет тарихтарына арналған еңбектерден тұратын 200-ден астам басылымды ұсынады. Мазмұны және жанр жағынан әрқилы басылымдар діндердің пайда болуы мен даму тарихымен таныстырып қана қоймай, сонымен қатар уақыт және кеңістік аясында діни дәстүрлердің сабақтастығын да көрсетеді. Ұсынылған ауқымды кітаптар жинағы әрқайсысы «руханият тірегі» болып табылатын әлемдік және дәстүрлі діндер туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік береді.


– Дін мәселесі – күрделі мәселе. Діни адамдардың бір-бірімен келісе білуі қиын, олардың басын біріктіретін бір тылсым күш керек. Сондай күш — Елбасымыздың халықаралық деңгейдегі бастамасы арқылы Қазақ елінде орнықты. Адамдар жаратқанға бастайтын жолды жаңылыспай тапқанда ғана, көптеген қақтығыстар, түсінбеушіліктер,  неше түрлі келеңсіз жағдайларға жол берілмейді. Қазақ елінің кемеңгер басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай істің басында болып, биыл алтыншы рет Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізбекші. Бүгінгі көрменің тағылымы мол, көрген адам ой түйеді, — деді көрменің ашылу рәсімінде сөз алған, философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифолла Есім.


Құрандар коллекциясы Елбасы кітапханасы музей жинағының мақтанышы. Бұл жинақтың аса ерекшелігі – көрмеге ұсынылатын кітаптар арасында кітапхананың сирек қорындағы XVIII-XIX ғасырларда шыққан түпнұсқалық басылымдардың болуы. Басылымдардың басым бөлігі Елбасымыз Н. Назарбаевқа шет мемлекеттер өкілдерінен дипломатиялық сый ретінде ұсынылған. Әр кітаптың безендірілуі — әлемдік мәдени мұраның ажырамас бөлігі болып табылатын дәстүрлі ислам мәдениетінің қайталанбас бейнелерін қамтитын зергерлік, көркемдік және каллиграфиялық шебер әдіспен өңделген.