Жарияланымдар

Қолданушы этикасы немесе Керекинфода блогерлік



1 аптадан кейін осы платформаның құрылғанына, Керекинфоның блог жүйесі ретінде жұмыс істеп жатқанына 4 ай толады. 4 ай аз сияқты көрінгенімен, былай қарасаң одан да көп уақыт өткен сияқты. Оған себеп: бүгінге дейін мында талқыланған тақырыптар, ашылған қауымдастықтар, қалыптасып қалған ұғымдар, достықтар, кездесулер…

Бірақ, қазір қарап отырсам блоггерлік бағыттан ауытқулар көбейіп бара жатыр. Қолданушы этикасы туралы шамалы ескертпелер айта кетейін. Осы жерде жазып жүргендіктен сіз де блоггер саналасыз, сондықтан блоггерлікке лайық әрекеттер жасауыңызды өтінемін.

1. Тақырып аттары
Тақырып аттарында көп қателіктер көріп жатамын. Тақырыпты бас әріппен бастаған дұрыс. Егер 1 сөзбен тақырыпты аша алмайтын болсаңыз неге қасына тағы сөз қоспасқа? Өйткені кейде бір түйір сөзге қарап түсініксіз болып жатады тақырыптың не туралы екені. Біреулер бар тақырып атына жазып жатқан нәрсесіне өзінің коментін жазатын, смайлик қоятын. Егер тақырыбыңыз көп оқылсын десеңіз атын дұрыс жазыңыздар.
Әрі қарай

Секс парақорлыққа қарсы



«Наши» деп аталатын жастар қозғалысы белсенді қыздардың қатысуымен антипарақорлық күнтізбе шығарыпты. Күнтізбе «Секс против коррупции» деп аталады, ол жерде қыздар ішкиімдерімен фотоға түскен. Күнтізбелер 16 сәуір күні парақорлыққа қарсы митингте таратылады дейді.
Әрі қарай

Сүйіктіңіз бұл сайтқа кірмейді, иә?

-Уа жама'ат, офф-лайнда өмір бар ма? - деп сұрады сонда Ол. (c) Евангелие от Амандык, стих 73:2. Адам оффлайнда бөлек өмір сүргісі келеді ме, сүйікті адамдарын (әйелі, күйеуі, қызы, жігіті, ағайындары) өзі жүретін сайтта жүргенін қаламайды, иә?
Әрі қарай

Тыңдай беретін әндерім

Рок ұнататындарға Duman деген топтың 3 әнін ұсынғым келеді. Көбінесе түрікше рок тыңдаймын, жұмыс кезінде күшті энергия береді. Жалпы рок музыканың тек музыкасы ғана емес, сөздері де сапалы келеді. Teoman, Şebnem сияқты рокерлерді де ұнатамын. Бірақ фаворитім Duman.

Бірінші әннің аты Bu akşam (Бүгінгі кеш). Ән еш уайымы, мәселесі жоқ жігіттің бүгін кеште ішу жоспары туралы.

Әрі қарай

Чемпиондар Лигасы 1/4 финалы



Бүгін Чемпиондар Лигасы 1/4 финалының алғашқы ойындары басталады. 4 матчтың да фавориттері алаң иелері болғанымен сюрприз нәтижелер де болатын сияқты.

06.04.2011 00:45 Интер М — Шальке-04
06.04.2011 00:45 Реал Мадрид — Тоттенхэм
07.04.2011 00:45 Челси — Манчестер Юн
07.04.2011 00:45 Барселона — Шахтер Дн
Әрі қарай

Жеміс салаты

Бүгін мен жаңа эстафета бастайын деп отырмын. Бұл эстафета тек қана еркектерге арналған, үйленген жігіттер асханада не істей алатынымызды көрсетіп, басқалармен тәжірибе алмасайық. Эстафетаны алушы «лібә, кетнақ мен үйде тамақ істемеймін» деп айтып, басқа біреуге сілтеп жіберуіне толық құқылы. Сонымен мен бастайын.

Жеміс салаты

Бұны жасау үшін алма, алмұрт, банан, киви, мандарин және йогурт керек. Мөлшерін өздерің белгілейсіңдер, жеуші адам санына қарап.
Әрі қарай

Әзірше 95,5!



Жаңа ғана тікелей эфирден соңғы нәтижелерді айтты. Дәл қазіргі көрсеткіштер мынадай:

Ахметбеков — 1,4
Елеусізов — 1,2
Қасымов — 1,9
Назарбаев — 95,5
Әрі қарай

Ерлан Оспан ұлды болды!

technosyndrom никімен танымал Ерлан Оспан бүгін 2-ші рет әке болды. Екінші ұл келді өмірге! Ерланды КерекИнфо атынан құттықтай отырып, сәби мен анасына зор денсаулық, ұзақ өмір тілейміз!
Әрі қарай

“Қуған профессор”

Орысшасы “Бред профессора”, аудара алмадым. Кез-келген қарапайым мақалды алып, сондағы әрбір сөзді қиындатып жібереміз де, барлығын қайта жазып шығамыз. Ойнаушы адам бастапқы мақалды не мәтелді табуы керек (ВАК құрамындағы журналға шығып қаламын ба деген үміт қой, жай ғана).

Сонымен:

1-заң. Көлік құралы болып қолданылатын екі жүзу құралының артқы жағын ұстаған индивид – түссіз, иіссіз мөлдір сұйықтық болып табылатын, сұйық агрегаттық күйдегі сутегі оксидінің ішіне кетеді.
Әрі қарай