Жарияланымдар

Мұрат ӨНАЛ: Қазақстан ұлттық құрамасында ойнағым келеді

Мұрат Өнал – Еуропа алаң­да­рында ойнап жүрген жалғыз қазақ фут­бол­шысы. Түркияда туып-өсіп, Еуропаға көшкен қандасымыздың ба­ласы. 6 жа­сынан бері футболмен айна­лы­сады. Қазір Голландияның бірінші лига­сын­дағы «Волендам» ко­ман­дасының ша­буылшысы. Жа­сы 24-те. Голлан­дия­ның 14,16,17 жас сана­тын­дағы ұлт­тық құрама­ла­рын­да ойнаған. Бүгінге дейін Голландия және Бельгияның «Амстердам», «Брюгге», «Ден Хааг», «Волендам» коман­да­ларында өнер көр­сеткен. Арманы – Қазақ елінің ұлт­тық құрамасында ойнау.
Әрі қарай

Еуропа Лигасының 3-ші раунд жеребесі өтті



Жаңа ғана Еуропа Лигасының келесі раундының жеребесі өтті. Егер осы раундтан біздің командалар аман өтсе, келесі раундтағы қарсыластары мына командалар:

Алания (Ресей) — Ақтөбе
Карпаты (Украина) — Шахтер
Ертіс — Ренн (Франция)
Әрі қарай

Бір орман ертегісі



Аю сиықсыз, маймақ және лас жануар еді. Бірақ, ол сияқты қайырымды ешкім жоқ еді орманда. Бірақ аңдар оны тек түріне қарап бағалаушы еді. Бұл Аюға ұнамайтын, сондықтан ол оларды ұстап алып, аяқтарымен қаттылап тепкілеуші еді. Сондықтан аңдар оны жақсы көрмейтін. Қайырымды болса да. Және көңілді болса да. Ол қызық әзілдер айтушы еді. Сол үшін де аңдар оны ұнатпаушы еді. Ұратын еді оны. Иә, өмірде қайырымды және көңілді болып жүру қиын нәрсе.

Қасқыр да сиықсыз және лас еді. Және ол сондай жауыз және мейірімсіз еді. Бірақ, аңдар оны жек көрмеуші еді және оны ұрмаушы еді. Себебі Қасқыр балалық шағында өлген еді. Өйткені, Аю Қасқырдан бұрын өмірге келген еді. Иә, Жақсылықтың Жамандықты жеңгені қашан да жақсы.
Әрі қарай

Еуропа Лигасында Қазақтар күні


Жігіттер бүгін жарады. Еуропа лигасында ойнаған үш командамыз да бүгін сәтті ойнады. Қарағандыда «Шахтер» Ирландияның «Сент Патрикс» командасын 2-1 жеңіп, келесі раундқа өту үшін үлкен қадам жасады. Ал сырт алаңдарда ойнаған «Ертіс» пен «Ақтөбе» 1-1 тең түсті. Павлодарлықтар Грузияның «Олимпи» командасымен ойнаса, «Ақтөбе» Венгрияның «Кечкеметімен» ойнады. Сырт алаңда соғылған бұл голдар келесі аптада ойналатын реванш матчтарына үлкен жеңілдік әкеліп отыр.
Әрі қарай

Футбол синдромы...



Басталды менің ауруым тағы да… Бүгін футбол. Менің «Ақтөбем» Еуропа лигасында Венгрияның «Кечкемет» командасымен ойнайды. Әрине, біздің ТВ ол ойынды көрсетпейді, ақша жоқ, техника жоқ сгин. www.livetv.ru сайты аман болсын, интернет арқылы көремін ойынды.

Менде осындай маңызды футбол болатын күндері ауруым басталады. Күні бойы барлық жұмыстар жайына қалады. Тек осы футболды ойлаумен боламын. Ойын басталады ауру асқына бастайды, айналаңдағы бәріне жының келеді, ешкіммен сөйлескің келмейді. Ойын бітеді, ұтасың немесе ұтыласың. Қуанасың немесе боқтайсың. Сосын бір темекі, сок, ұйқы. Ертеңіне түк болмағандай өмір қайтадан жалғасады…
Әрі қарай

Қыздар қандай допқа ұқсайды?



20-25 жастағы қыздар — футбол добына ұқсайды, соңынан 22 адам жүгіреді.
25-30 жастағы қыздар — баскетбол добына ұқсайды, соңынан 10 адам жүгіреді.
30-35 жастағы қыздар — теннис добына ұқсайды, соңынан 2 адам жүгіреді.
40-тан асқандар зеңбірек добына ұқсайды, бір рет атылса жұрттың бәрі қаша жөнеледі.

Идея менікі емес алдын ала айтайын, ұрланған, аударылған.
Әрі қарай

Өзіңнен баста немесе қандай тақырыптардан қажи бастадым?

Интернеттегі ұлтшыл белсенділіктен шаршай бастадым. Бұрын да айтатын едім, қазір де айта кетейін. Мұны тек мен емес КерекИнфо қолданушыларының көбісі айтады. Иә, шаршадық «Ойбай, қазақ» стиліндегі құр-айқай мақалалардан, пікірлерден.
Әрі қарай

Picasaweb ашылмаса

Менде көптен бері жұмыста Picasaweb ашылмайтын еді. Google Plus-ке қосылған кезімде суреттер сол арқылы екен, яғни ол жерде де менде суреттер ашылмады. Сосын гуглдетіп отырып, жақсы бір шешім тауып алдым.

Мына папканы ашамыз: C:\Windows\System32\drivers\etc\
Әрі қарай