Жарияланымдар

Ұстаздар күнінде ұстаздарды ұлықтаған жолдау

5 қазандағы Жолдауға ең көп қуанған ұстаздар болар? Желіде қолданушылар бұл туралы не айтқанын қарайық.

Есен Елеукен:
Елбасы Н.Назарбаевтың жолдауын тыңдадық. Жылдағыдан өзгеше. Елбасы Жолдауды оқып, оны түсіндіріп қана қоймай бұған дейінгі атқарылған жұмыстарды, берілген тапсырмалардың қалай орындалып жатқанын министрлерден бастап әкімдерге дейін тік тұрғызып, бүге-шігесіне дейін сұрады. Жиын осынысымен де ерекше болды. Жолдаудағы нақты тапсырмалардың халықтың әл-ауқатын көтеруге, елдегі нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталып отырғаны қуантты. Ұстаздардың мәртебесін арттыру туралы Заң қабылданады. Демек енді ұстаздар қауымына деген көзқарас өзгереді. Олар «қолбала» тірліктен құтылып тек бар күш-жігерлерін ұрпақ тәрбиелеуге арнайды. Қуанарлық жағдай. Сондай ақ, дәрігерлердің жалақысын көтеру жөніндегі айтылған пікір де өте орынды. Полиция мен сот қызметін жетілдіру қажет. Бірінші кезекте адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп сіз бен біздің ұйқымыз тыныш болуын да баса айтты. Жолдауда ауыл да ұмыт қалмады. Елбасы «Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға да кірісуіміз қажет» деді. Бұйырса енді «Ауыл — ел бесігі» атты жоба жүзеге асады. Тағы бір жаңалық Елбасы келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды. Бұл біз үшін аса қуантарлық жаңалық.

Ақберен Елгезек:
Биылғы Жолдау абстрактілі дүниелерге емес, халықтың әл-ауқатын көтеруге, елдегі нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталып отырғаны көңілге сенім ұялатты. Ең ұнағаны «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылдау жөніндегі бастама, сондай-ақ дәрігерлердің жалақысын көтеру жөніндегі ұсынысы, полиция мен сот қызметін жетілдіру, адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен мемлекеттік қызмет көрсету ісін дамыту туралы нақты тапсырмалар бергені қуантты.

Бақытжан Тұрсынов:
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жылсайынғы Жолдауын тыңдадым. Президент Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді ары қарай дамытып, оларды тың толықтыруды көздейтіндігін білдірді. Білім беру саласының қызметкері ретінде Ұлт көшбасшысының жастарға деген көзқарасы ұнады. Бүгінгі күні жастардың арасында диплом үшін оқып, қоғамға ешқандай пайдасын тигізбей жүргендер бар. Бұл өте өзекті проблема деп есептеймін. Елбасы халықаралық дәрежедегі түрлі әдістемелерді қолданып жатқан Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім бағдарламасын орта мектептерге енгізуді ұсынды. Осы мектептің мұғалімі ретінде қазір біз балаларға озық үлгілі әдістемелер арқылы білім беріп жатқанымызды айта аламын. Әлемге әйгілі Оксфорд, Кембридж сынды университеттермен әріптестік жасаймыз. Ұстаздардың статусын көтеру – маңызды мәселелердің бірі. Мұғалім – тек білім бері үрдісіне қатысы жоқ жұымстарға тартылмауы тиіс. Осы сала мамандарының жалақысының көтерілетіндігі мені де, барлық ұстаздар қауымын да қуантқаны белгілі.

Аршат Оразов:
Бұл жолдауға ең көп ұстаздар қуанған болар? Елбасы айтпаса бұрынғыдай қағазбастылықтан құтылмай, үгіт-насихат сияқты басқа істерден босамас еді. Енді тек негізгі жұмыстары білім берумен айналыспақ. Сондай-ақ мемлекеттік мектептерде жеке мектептердегі әдістемелер мен стандарттар қолданылатыны қуантты. Білім саласында реформалардың болмауы оқытушыларға да, оқушыларға да жақсы болмақ.

«Астанаға тарту» жас ақындар мүшәйрасы жарияланды

Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мен елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астана — жастар жүрегінде», «Астана — жиырмадағы жас қала» және «Еркін тақырыпта» жас ақындар мүшәйрасын жариялайды.


Мүшәйраға 16-28 жас аралығындағы барлық жас ақындар қатыса алады. Жеңімпаз ақындарға бағалы сыйлықтар қарастырылған:  1 орын — 1 адам — 300 000 теңге, 2 орын — 2 адам — 200 000 теңге, 3 орын — 3 адам — 100 000 теңге, «Ең үздік 4 жас ақындар»  50 000 теңге.


Ең үздік 30 ақынның өлеңдері жинақталып кітап ретінде шығарылады және жоба соңында қорытынды марапаттау концерті өтеді.


Мүшәйраға қатысуға өтінімдер мен өлеңдерді 2018 жылдың 14 қазанына дейінгі аралықта http://jasaqyn.kz сайтына тіркеліп, (jasaqyn.kz@mail.ru) және (jasaqyn.kz@gmail.com)  электрондық пошталарының біріне өлеңдерді жіберу қажет.


Қосымша ақпаратты (Instagram (@jasagyn.kz) және (Facebook (jasagyn.kz), (VK (jasagynkz), парақшаларынан алуға болады.


«Жүз жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне өтініш қабылдау басталды

«Жүз жаңа есім» жобасының мақсаты – табысты, бәсекеге қабілетті болу, прагматизм мен білім культі идеяларын Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихын үлгі ете отырып насихаттау.

Қызмет саласы бойынша ұйымдар тобының кеңінен таныстырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтық бастамаларды насихаттау мақсатында, жобаның жаңа үміткерлерін таңдау институционал әдістермен жүргізіледі.

Әр қоғамдық ұйым, бірлестік ерекше тарихы мен кәсіби жетістіктері бар үміткерлерін ұсына алады. Сонымен бірге, үміткерлер өзін ұсынуға мүмкіндігі бар.
Үміткерлерді таңдау критерилері:

  • үміткердің кәмелет жасқа толған болуы (18);
  • қызмет саласында елдің жағымды имиджін қалыптастыруға үлес қосқан айрықша жетістіктерінің, қатысушы имиджін дамытуға ықпал ететін тұлғалық қасиеттерінің болуы;
  • үлгі алуға лайық, жастарды патриоттық және туған жерге адалдық рухында тәрбиелеуге, еңбек культін қалыптастыруға ықпал ететін қоғамдық-саяси және еңбек қызметінің болуы;
  • Қазіргі Қазақстанның дамуына қосқан нақты үлесінің болуы.
  • Қазіргі Қазақстанның, оның табыстары мен түрлі саладағы жетістіктерінің жарқын үлгісі бола алатын тұлға;



Өтініш беру үшін мына жерді басыңыз

Астана қаласының әкімі кубогы үшін жайдарман ойындары өтті

Астана жаңалықтары: Астана қаласының әкімі кубогы үшін жайдарман ойындары өтті

15-і қыркүйек күні «Бейбітшілік және Келісім сарайында» Астана қаласы әкімдігінің Жайдарман ойындары арқылы жастарды қолдауға бағытталған дәстүрлі "Әкім кубогы" республикалық жобасы өтті.

Осымен тұп-тура 10 жыл қатарынан өткізіліп, биылғы жолы Астана қаласының 20 жылдығының аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты Астана қаласының дәрежесін көтеруге өз үлесін қоса отырып, мемлекеттік жастар саясатына атсалысу болатын.
Сондай-ақ − «Мәңгілік ел» Жалпыұлттық патриоттық идеяның, Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясы және оның құндылықтарын, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерге өз үлесін қосу және насихаттау болып табылады.

Барлығы 17 команда қатысқан «Әкім кубогы» өз мақсатына жеткендей. Өйткені екінші жыл қатарынан шараға шетелдік командалар қатысты. Биыл Қырғызстандық «Алатоо» командасы сайыстың маңызын арттырды.

Жайдарманшылардың өнеріне баға берген қазылар алқасының құрамында: «Қазақ радиолары» ЖШС басшысы Мәди Манатбек, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, сатирик Көпен Әмірбек, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бахтияр Мәкен және Астана қаласы қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин болды.

Астана жаңалықтары: Астана қаласының әкімі кубогы үшін жайдарман ойындары өтті

Астана жаңалықтары: Астана қаласының әкімі кубогы үшін жайдарман ойындары өтті

Астана жаңалықтары: Астана қаласының әкімі кубогы үшін жайдарман ойындары өтті

Астана жаңалықтары: Астана қаласының әкімі кубогы үшін жайдарман ойындары өтті

Вискиді дұрыс ішу бойынша 6 кеңес

Виски — қазіргі уақыттағы танымал ішімдіктердің бірі. Бұрын бірен-саран жерлерде болса, қазір барлық жерде, неше түрі бар. Ал соны дұрыс ішуді білесіз бе?

Виски ішу біздің қоғамға фильмдер арқылы келді. Кола қосу, мұз салуды да солардан көріп үйренді. Солай дұрыс деп ойлайды көпшілік. Ал негізінде басқаша мәдениет — виски ішу.
Мұз және коланы төменгі сұрыпты вискилерге қосуға болады. Өйткені оларды ішкен кезде мақсат — виски ароматынан ләззат алу емес, мас болу ғана. Сапалы вискиді таза күйінде ішеді. Және мына 6 кеңесті оқыңыз:

1.Жағдай. Вискиді үйде достармен бірге ішкен дұрыс. Теледидарды сөндіріп, перделерді жауып, жәй музыка қойып, күнделікті мәселелерді ұмытып дегендей. Қатты ішімдік түрі болғандықтан, вискиді кешкі уақытта ішкен жөн, күндіз емес.

2. Температура. Вискиді алдын ала 18-20°C дейін салқындатып алу керек. Жылы виски спирт татиды, 18°C төмен температурада вискидің ароматын сезе алмайсыз.

3. Ыдыс. Бұл туралы 2 түрлі ой бар. Біреулер вискиді түбі қалың, кең стаканмен ішкен дұрыс дейді. Ал басқа мамандардың пікірінше шарап бокалымен ішкен кезде виски ароматы жақсы сезіледі екен. Өз таңдауыңыз бойынша осылардан бірін таңдасаңыз болады.

4. Сервис. Салқындатылған бөтелкені орамалмен дұрыстап сүртіп алу керек. Үстелде гүл немесе басқа иіс шығаратын ештеңе болмағаны дұрыс. Үй иесі өзі құйып отырғаны жөн. Виски гаммасын жақсы сезу үшін әдетте стаканның үштен біріне құйылады.

5. Дегустация. Вискиді кішкентай жұтымдармен ішу керек. Алдымен ароматын сезу керек, сосын бірнеше секунд ауызда ұстап барып жұту керек. Тәтті дәмі сонда жақсы сезіледі.
Дәстүр бойынша вискиге ештеңе қоспай ішпеді. Бірақ түрлі сұрыптағы вискидің дәмін тататын болсаңыз — әр дегустациядан кейін газдалмаған минерал суын ішкен дұрыс, ауызды тазалап отыру үшін.

6. Тіскебасар. Вискимен әдетте ештеңе жемейді. Жақсы сигарамен әдемі кетеді. Біздің қоғамдағы тіскебасар дәстүрінен шыға алмаған болсаңыз — енді өз қалауыңыз біледі оны. Виски ең бастысы адамға мастық емес, ләззат беруі тиіс.

ЕСКЕРТУ: КерекИнфо алкогольды ішімдікті насихаттамайды, алкогольдің көп мөлшерде зиян екенін ескерте отырып, материалдың танымдық мақсатта екенін мәлімдейді!

Сиыр-мониторинг немесе мал шаруашылығын цифрлендірудің Қазақстандағы алғашқы үлгісі

Жақында Қостанай облысындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ірі мекеме «Олжа Агро» компаниялар тобының жұмысымен танысып қайттық.

Компанияға қарасты 10 ауыл шаруашылығы кәсіпорнында 2 мыңға жуық техника бар, 5 мың адам жұмыс істейді. Қолданыстағы жер аумағы — 840 мың гектар. 1800 бас малдың 800-дейі сауын малы.

Блог - asaubota: Сиыр-мониторинг немесе мал шаруашылығын цифрлендірудің Қазақстандағы алғашқы үлгісі

Сиыр мониторингімен осы мекемеде таныстық. Австриялық Smaxtech компаниясының болюстарын (арнайы чип орналастырылған капсул) сиырларға жұтқызады. Болюс асқазанның ішкі бөліміне түседі. Яғни сыртқа шықпайды қайтадан. Мал денсаулығына еш зарары жоқ.
Блог - asaubota: Сиыр-мониторинг немесе мал шаруашылығын цифрлендірудің Қазақстандағы алғашқы үлгісі
Болюс арқылы сиырдың денсаулығы, температурасы, жыныстық қалауы, суға қаншалықты тойғаны, инфекциялар, сүт өнімділігі бақыланады. Әр сиырдың жеке номері бар. Компьютер немесе смартфон арқылы операторлар әр сиырды номерлері арқылы қарап отырады. Мұндай цифрлендіру арқылы мал бағу әлбетте оңай. Сиырдың барлық жағдайын біліп отырасың, жоғалып кетеді деп қорықпайсың, ауырған кезінде дереу жағдай жасайсың. Уақыт және адам еңбегіне үнем ең бастысы.

Мұндай технология елімізде әзірше тек Қостанайда екен. Демек алдағы уақытта басқа жерлерде де қолданысын табады деген сөз.

Мына видеоларда болюсті қолдану түсіндірілген.



Бұқтырма су электр станциясы

Блог - asaubota: Бұқтырма су электр станциясы

Шығыс Қазақстан облысындағы маңызды нүктелердің бірі — Бұқтырма су электр станциясы. ГЭС немесе су электр станциясы дегенде су арқылы электр энергиясын өндіретінін білеміз. Бірақ ол энергияны судан қалай алады?

Ағысы қатты өзендерге бөгет салу арқылы судың айналу күші арқылы энергия өндіріледі. Энергияның бұл көзінің артықшылығы — оның қоры сарқылмайды, үнемі қалпына келіп отырады. Бұл энергияның арзан, әрі гигиеналық түрғыдан таза түрі.

Бұқтырма Су Электр Стансасы — Қазақстан энергетикалық жүйелері ішіндегі қуатты су электр стансасы. Бұқтырма Су Электр Стансасы Бұқтырма өзенінің төменгі сағасына 1956 жылы салына бастады. Алғашқы үш агрегаты 1960 жылы, келесі үшеуі 1961 жылы, қалғандары тиісінше 1963, 1964, 1965 жылдары пайдалануға беріліп, 1966 жылы жобалық қуатына (675 мың МВт) жетті. Жылына орта есеппен 2300 млрд. кВт сағат электр энергиясын өндіреді. Бұқтырма Су Электр Стансасы су торабының құрамына: бірлік қуаты 75 МВт 9 агрегаты бар станса ғимараты, бөгеттің су жіберетін бөлігі, тұйық гравитациялық бөгеті және үш камералы шлюз кіреді. Бөгеттің биіктігі — 90 м, ең жоғарғы су тегеуріні — 67 м, су қысымы түсетін қырының ұзындығы — 380 метр. Бұқтырма Су Электр Стансасы үшін сыйымдылығы 49,8 млрд. текше метр су қоймасы жасалған. Ол жылма-жылғы маусымдық ағысты реттеп отырады, жылдық су ағыны көлемі 18 км3. Мұның өзі Ертіс өзені бойындағы басқа СЭС-тердің (Өскемен және Шүлбі) жұмысын ыңғайлы ұйымдастыруға, қуат беру мүмкіндіктерін толық пайдалануға жағдай туғызады, су деңгейін көтеру арқылы Ертіс өзенінің саяз жерлерінен кемелердің өтуіне мүмкіндік жасайды. Сондықтан су турбиналарынан бір тәулікте өтетін су көлемінің кемелер жүрісіне қажет мөлшерден кем болмауы көзделіп, станса электр энергиясының жылдық көлемінің жазда 2/3 бөлігін, ал қыс айларында 1/3 бөлігін өндіреді.Бұқтырма Су Электр Стансасының су шаруашылық үшін мәні зор. Стансаның жұмыс режимі Ертіс өзенінің су ресурстарын энергетика, су көлігі, ауыл шаруашылығын суландыру және елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету қажеттіліктеріне икемделіп жүргізіледі. Стансадағы негізгі және көмекші жабдықтарды басқару толық автоматтандырылған.

Блог - asaubota: Бұқтырма су электр станциясы

Блог - asaubota: Бұқтырма су электр станциясы

Блог - asaubota: Бұқтырма су электр станциясы

Блог - asaubota: Бұқтырма су электр станциясы

Блог - asaubota: Бұқтырма су электр станциясы

Блог - asaubota: Бұқтырма су электр станциясы

Блог - asaubota: Бұқтырма су электр станциясы

Блог - asaubota: Бұқтырма су электр станциясы

Блог - asaubota: Бұқтырма су электр станциясы

Блог - asaubota: Бұқтырма су электр станциясы

Блог - asaubota: Бұқтырма су электр станциясы

Астанада «Есіл жағасындағы жекпе-жек» атты ММА аралас жекпе-жегі өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада «Есіл жағасындағы жекпе-жек» атты ММА аралас жекпе-жегі өтеді

31 тамызда «Алау» мұз айдыны сарайында Астананың тарихында тұңғыш рет кәсіпқойлар арасында ММА аралас жекпе-жек спорт өнері бойынша «Есіл жағасындағы жекпе-жек» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Турнирдің ұйымдастырушысы Астанадан шыққан жаңа қазақстандық промоушен TOBET Fighting Championship және серіктесі FIGHT NIGHTS GLOBAL, сонымен бірге тағы бір отандық промоушен ALASH PRIDE.

Турнир аясында Fight Nights Global чемпиондық белбеуі үшін жеңіл салмақта Жалғас Жұмағұлов (Қазақстан) және Тагир Уланбеков (Ресей) арасында жекпе-жек болады. Жалғас Жұмағұлов бұрын осы белдік үшін Вартан Асатрянмен кездескен.

Сондай-ақ, осы турнир шеңберінде елорданың тұрғындары мен қонақтары мынадай супер жекпе-жектерді тамашалайды:

АСВ-ға қатысатын, ALASH PRIDE клубының тәрбиеленушісі Асу Алмабаев пен Джовхар Дошуев арасындағы жекпе-жек, FIGHT NIGHTS промоушенда өнер көрсететін танымал қазақстандық спортшы Жұман Жұмабековтың кәсіби спортта 5-0 рекордпен, жеңіліссіз келе жатқан Мұхамед Эминовқа қарсы жекпе-жегі.

Сонымен қатар, көрермендер муай-тай ережесімен екі жекпе-жекті тамашалайды:

Астана қаласы әкімінің жүлдесін кәсіби турнирде ұтып алған Николай Самусев пен «Tobet Top Team» бірыңғай жекпе-жек академиясының тәрбиеленушісі Рүстем Ақжанов өз өнерлерін ортаға салады.

Билеттер «Алау» мұз айдыны сарайының кассаларында және ticketon.kz сайтында сатылады. Басталуы сағат 18:00-де.

Moldanazar - Esimde Bari

Молданазардың «Есімде бәрі» әнінің клипі шықты. "Ғарышкерлерге" шын ғарышкерлер туралы графикалық әдемі сәлем ;)

Бақыт,қайғы ұмытылмайды бүгін
Баяу бағым қайғы өзгерте алмайсың
Бақыт алдамайды есімде менің бәрі
Есімде менің әлі…

Үміт, сенім күнді күнгі жалғайды
Қуаныш, мұңды сәттерді ешкім ұрлай алмайды
Есімде менің бәрі
Есімде менің әлі....


«Алтын Тобылғы» әдебиет жүлдесін алуға өтінім қабылданып жатыр

Сыйақы қорының жиынтық мөлшері 5,5 миллион теңгені құрайды. Өтінімдер 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қарашаға дейін қабылданады. Жеңімпаздар (жүлденің лауреаттары) 2018 жылғы желтоқсанның бірінші онкүндігінде жарияланады. Толығырақ www.fpp.kz сайтында.

Конкурстың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры. Конкурстың әріптестері: Қазақстан Жазушылар Одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Конкурсқа қатысу үшін 18 бен 35 жас аралығындағы жас қазақстандық авторлар шақырылады. Бұрын еш жерде жарияланбаған еңбектер ғана қаралады.

«Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Балаларға арналған үздік шығарма». Осы төрт номинация бойынша әрбір жеңімпазға 1,5 миллион теңге беріледі. «Астананың 20 жылдығына арналған үздік шығарма» арнайы тақырыптық номинация биылғы жылғы конкурстың ерекшелігі болып табылады.

Конкурстың қазылар алқасының құрамына Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері, қазақстандық әдебиетшілер және журналистер кірді.

Конкурстық жұмыстар келесі өлшемдер бойынша бағаланады: жанрға сәйкестігі, өзіндік ойлау қабілеті, авторлық ұстанымы, баяндау бірізділігі және көзқарасы, идеяның сонылығы, әдеби-көркемдік құндылығы, қиялы мен шығармашылық әдісі, эмоциялық және эстетикалық әсерінің тереңдігі. Конкурсқа түскен шығарманы объективті бағалау анонимдік принциппен қамтамасыз етіледі, еңбекті оқып отырып және ол туралы өзінің кәсіби пікірін қалыптастыра келе қазылар алқасының мүшелері автордың есімін танып білмейді.

«Алтын Тобылғы» жүлдесі жыл сайын қазақстан әдебиетіндегі жаңа есімдерді ашады, жастар мен қауымдастыққа жас қаламгерлердің өмірлік философиясын бейнелейтін қазіргі заманғы әдебиетті дамытуға көмектеседі. Осындай бірегей іс-шара Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасын іске асыруға ықпал етеді.