«Арнайы өкілдер» — Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің жұмысы туралы баяндайтын туынды.
Детективті оқиғалар барысында бас кейіпкердің барлаушылық жоспарлары дәл келетін болжаушылық қасиеттері ашылады. Көрермендерге нағыз патриот адамның бейнесі көрсетіледі.
Құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштер қызметкерлерінің жағымды имидждік бейнесін қалыптастырып нығайтуға арналған туынды 8 бөлімнен тұрады.
Басты рөлдерде: Орынбасар Тазабеков, Ғазрет Ержанов, Сырым Қашқабаев, Болат Ұзақов.
Қарапайым тұрмыс кешіп жүрген әпкелі-сіңлілі Майя мен Кристина Сан-Николас қаласында гид болып жұмыс істейді.
Ақша жетіспеген соң Мая отбасын таршылықтан құтқармақ болып шетелге жұмыс істеуге кетеді. Бойжеткен өзін жұмысқа шақырған әйелдің алдап соққанын Манилаға келген соң бірақ біледі.
Қалада ақшасыз, үйсіз қалған қыздың ендігі үміті — әуежол қызметіне ықпалы бар Ричард атты бай. Ол қыздың көңілін қайтармай көмектесетінін, бірақ, бала күтуші болып жұмыс істеуіне тура келетінін айтады.
Әйелі қайтыс болған соң үш баласымен қалған Ричардтың үйі құлазып қалғандай еді. Мейірімді қыздың бұл үйге келуі оларға қуаныш сыйлады.
19-27 мамыр күндері Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде бокстан қыздар арасындағы Әлем чемпионаты өтеді.
«Барыс Арена» кешенінде өтетін Әлем біріншілігіне 67 елден 294 спортшы қатысады. Әр елден 10 салмақ дәрежесінде 10 боксшы сынға түседі.
Сондай-ақ, бұл Әлем чемпионатында Олимпиада салмағына енген 51, 60 және 75 келіде жартылай финалға шыққан боксшыларға Рио Олимпиадасына жолдама беріледі.
Әлем біріншілігін «Kazsport» телеарнасы күндізгі сессиясын сағат 13:40-тан бастап, ал, кешкі сессияны 18:40-тан бастап тікелей эфирде көрсетеді. Ал, финалдық бәсекені «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалай аласыздар.
Чемпионат 19 мамырда басталып, 27 мамырда аяқталады.
Айта кетейік, 2013 жылы Алматыда бокстан ерлер арасындағы Әлем чемпионатын да «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсеткен болатын.
Бағдарламаның басты мақсаты — әдебиет, тарих, мәдениет т.б тақырыптарды қоғамға насихаттай отырып, еңбек ұжымдарындағы корпоративтік рухты көтеру.
«Білгірлер бәйгесі» ойыны — командалық сайыс. Оған мемлекеттік қызметкерлер, министрлік өкілдері, қауымдастық мүшелері мен түрлі ұйымдардың қызметкерлері шақырылады. Яғни, бұл бағдарламада түрлі еңбек ұжымдарының қызметкерлері іскерлік қырынан бөлек, зияткерлік қабілеттерін танытатын болады. Әр ойында 5 адамнан құралған топ қарсыласымен бақ сынасады. Жеңген команда екінші айналымға жолдама алады.
Бағдарлама жүргізушісі — белгілі тележурналист — Қанат Әуесбай.