Жарияланымдар

"Жан жылуы" бағдарламасы

Блог - arailym_zhalauly: Жан жылуы бағдарламасы
Бағдарламаның негізгі мақсаты: еліміздегі әлеуметтік жағдайы тым ауыр немесе аз қамтылған отбасылар, көп балалы жалғызбасты аналар, қолынан іс келетін мүмкіндігі шектеулі жандардың жан айғайын қалың көпшілікке жеткізе отырып, қиыншылықтан шығар жолды бірге іздестіру.
Олардың өз істерін жандандыруға, қажеттіліктеріне қол жеткізуге мүмкіндіктер туғызу. Сол арқылы көрермен қауымды, соның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған өскелең жас ұрпақты бауырмалдыққа, кеңпейілділікке, жомарттыққа баулу.
Халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ел болып атсалысуға шақыру.
Әрі қарай

Геннадий Головкин мен Келл Брук жекпе-жегін «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналарынан 10 қыркүйек күні көре аласыздар

Блог - arailym_zhalauly: Геннадий Головкин мен Келл Брук жекпе-жегін «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналарынан 10 қыркүйек күні көре аласыздар
Қазақстандық жанкүйерлер тағатсыздана күтіп отырған Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы кездесуін қыркүйектің 10 күні «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsport.kz. сайттары арқылы жекпе-жектің онлайн-көрсетілімі жүргізіледі.

Лондонда орналасқан Еуропаның ең үлкен алаңдарының бірі – 20-мың адамдық «О2» спорт кешенінде орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы Әлем чемпионы британдық Келл Брукпен жұдырық түйістірмек.

Танымал отандық кәсіпқой боксшымыз Геннадий Головкиннің айқастарын «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналарының тікелей эфирінде көрсету игі дәстүрге айналғанын атап өткіміз келеді. Мәселен, биылғы сәуірде қазақстандық көрермендер Геннадий Головкиннің Доменик Уэйдке қарсы бокс кездесуін тікелей эфирден көрсе, өткен жылғы Давид Лемьемен қолғап түйістіруін 3,5 миллионнан астам қазақстандық тамашалап, 1 миллионнан астам жанкүйер телеарналар сайттары арқылы көрген болатын.

34-жасарлық Головкин үшін бұл 36-шы кездесу және ол шаршы алаңға чемпион ретінде 17-ші рет шығады. Жерлесіміз 35 рет өткізген жекпе-жегінің барлығында ол ұтысқа ие болған (оның ішінде 32-і нокаутпен). Ал, оның қарсыласы 30-жасарлық Брук те еш жеңілмеген, 36 кездесуді таза жеңіспен аяқтаған (оның ішінде 25-і нокаутпен).
Әрі қарай

"Өмірдің өзі новелла" телехикаясы

Әр пенденің өміріндегі кездесетін қиындықты қалай жеңе білу керек? Өмірдің әр соқпағына төтеп беру үшін қандай шешім қабылдау қажет? Өмірден алынған оқиғалардан тұратын "Өмірдің өзі новелла" телехикаясы "Қазақстан" Ұлттық арнасында!
Блог - arailym_zhalauly: Өмірдің өзі новелла телехикаясы
Әрі қарай

"Сырғалым" телехикаясы көрерменнің сүйікті сериалына айналды

Блог - arailym_zhalauly: Сырғалым телехикаясы көрерменнің сүйікті сериалына айналды
Қарапайым қазақ отбасы ел қатарлы өмір сүреді. Бір күні бұл шаңыраққа ауылдан отағасының жақын досының қызы келеді. Бұл отбасының үлкен ұлы ауыл қызына қамқорлық танытса, ортаншысы оған ғашық болады. Ал кенже ұлы қызды үйінен кетіруді ойлайды.

Ауылдық тәрбие көріп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындап өскен қыз қазақы болмысты ұмытуға шақ қалған қала тұрғындарының өміріне өзгеріс әкеледі.
Әрі қарай