Жарияланымдар

Бұл не жәндік?


«Әлемде талай қызық бар» деген В.Мезенцевтің кітабы бар еді ғой, бұл жәндікті одан да кездестірген жоқпын. Білетіндер «дүниеде тіршілік етеді» деседі. Егер осы жәндіктің қазақша атауын тауып беретіндер бар болса «сыйлық» бар.… деееп бөсіп отырсам ә?!
Әрі қарай

Өлімге қатысты «есеп-қисап»

Жұрт интернетке қайдағыны жазады. Жақында сондай «қуған» статистиканың біреуін тауып алдым. Өлімге қатысты екен. Әрине, өлім мәселесі денені түршіктіретіні өтірік емес, бірақ деректері «қызықты» көрінді. Енді сол «әңгімені» айта отырсақ.
Біреулер адамзат жаратылғаннан бері қанша адам өлгенін де есептеп қойыпты. Әлгі зерттеушілер күні бүгінге дейін шамамен 100 млдр адам өлгенін есептепті.
Адам өлген соң 3 күн ішінде біздің асқазанымызда күнделікті асты қортуға жәрдемдесетін түрлі сөлдер адамның өзін құрта бастайды екен. Бұзыла бастаған клеткаларды бактериялар тез арада жеп қоятын көрінеді. Сөйтіп, шіріп кетеді екенбіз. (Өлген соң әрине)
Әрі қарай

«Анам «жылама» дейтін, біз «йылама» дейтін болдық...»

Өткенде Қытайдан атажұртқа оралған қандасымыз, жазушы Жәди Шәкенұлымен өткен кездесуге қатысқаным бар. Астанадағы Еуразия университетінің кітапханасында өтіп еді. Алқақотан жиналған жұрт біраз әңгіме-дүкен құрғанбыз. Дұрысы, біраз ғалымдар мен
Әрі қарай

«БАЛАҢЫЗДЫ КЕПІЛГЕ АЛДЫҚ…» немесе телефон террористерінің «ойыны»


Әдетте, телефонмен «бәлен жерде бомба бар, түген жерде жарылғыш бар» деп жұртты әбігерге салып қоятындардың кездесетінін жұрт біледі. Ондайлардың талайы ұсталып та жатыр. Бірақ, соңғы кезде «балаңызды кепілдікке алдық, бәлен доллар талап етеміз» деп отпен ойнайтындар да бой көрсете бастапты. Біздің ұжымдағы екі адамға сондай телефон содырлары қоңырау шалып үлгеріпті.
Әрі қарай

Авраам Руссоның сыны

Біздің студияға, Астана радиосына ресейлік әнші Авраам Руссо қонақ болды. Сөздің ашығын айтар болсақ, бұл әншіге онша көп қызыға қоймаймын. Тіпті, орыс эстрадасына қызығушылығым жоқ. Бірақ, Руссоның бір пікірі намысқа тиді. Барша, қазақтың намысына тиетін шаруа болды. Өйткені, ол қазақтардың өздерінің ана тілдерін білмейтіндігін сынады. «Позор!» деді.
Әрі қарай