Немістер жарайсыңдар! Баварияның ең үздік матчтарының бірі болды. Рибери, Роббендер мықтылығын дәлелдеді. Кристинка 1 таймда Ламнан өте алмағасын, 2 таймда қарсы қапталда ойнауға мәжбүр болды. Осы Чемпиондар Лигасында Реалға бірінші рет дұрыс қарсылас кездесіп тұрғанын мойындау керек. Сары карточканың неге көп болғанын содан аңғаруға болады
Жеке күлкі театрларының жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар секілді қаптап кеткенін «Базар жоқтағы» Қанат мықты сынаған кезінде… «автоматымен», сонда да азаяр емес
Шабуылдаушы командалар қарсылас болмайтыны шындық, Барсаны қақпа алдына «автобус» қоятындар мен алаң ортасында 90 минут прессинг жасап ойнайтын командалар(мыс: Реалдың Испания Кубогындағы Камп Ноуда ойнаған соңғы ойыны)ғана тоқтата алады.
Жалпы испан командаларының осы жылғы Еуро Лигада айтарлықтай жақсы нәтижеге жеткендігі — (Чемпиондар Лигасында 2 команда, Еуропа Лигасында 3 команда) әлемде испан футболының дәуірлеп тұрғандығының бір айғағы. Өз чемпионатында Реал мен Барселонадан 30 ұпайға артта келе жатқан Атлетик Англия көкжалы МЮ-ды 2 ойында да ұтуы — Чемпиондар Лигасында да Еуропа Лигасында да испан финалы болатынын және жаздағы доп додасында Испанияның неге басты үміткер болатынын дәлелдейді емес пе?
Реалды биыл Испаниянын чемпионы болды деп кесіп айтатындай Ла Лига алі біте қойған жоқ. Реалдың осы аптада өз жерлестерімен (Атлетико Мадирид) ойнайтын дербиі және алдағы уақытта Атлетик Бильбао және Севильямен сырт алаңда ойнайтын ойындары бар. Оның үстіне сәуір айында Камп Ноуда болатын классиканы қос. Сондықтан чемпион болуға асықпай-ақ қойыңдар. Чемпиондар Лигасында алдарыңда финалды Альянс Аренада қабылдайтын Бавария тұрғанын ескерсек, Реалдың финалға шығу шықпауы екіталай мәселе. Бірақ Барселонаға бәрібір: финалда Бавариямен кездессе, оны өз алаңында жер қылады (Уэмблидағы МЮ сияқты), ал Реалмен шықса тіпті керемет. Ата жауыңды чемпиондар лигасының финалында ұту — бұдан артық қандай марапат қажет.
Тiкелей эфирден карадым, Алания тiптi ойнай алмады. Букмекерлер осетиндер утады дегесiн, ойыны керемет шыгар десем. Актобе 10 адам болып журiп ойын тiзгiнiн берген жок. Осы багытынан жанылмаса, келесi ойында Актобе 2-0 женуi тиiс
Марсель — Бавария 0-3
Алла сәтін салса осылай деп сенеміз