Бұл бақытты бәріңізге тілеймін!
Бір жыл бұрын Сіздермен өмірімдегі ең қуанышты сәттерімнің біріменбөліскен болатынмын. Жазбада қалдырған ақ тілектеріңіз қабыл болып, шамамен екі ай бұрын, 14 маусымда нәрестелі болдым.
Бір жыл бұрын Сіздермен өмірімдегі ең қуанышты сәттерімнің бірімен
Мекенжай бойынша келіп, бірнеше минут күтіп тұрдым. Жұмыс уақытым аяқталып қалған, сол себепті ары қарай күтпей, үйіме қайтуды ойладым. Бірақ ол ойымнан айнып қалып, көлігімнен түстім де, үй есігін қақтым. Есіктің арғы жағынан:
— 1984 жылы Аягөздегі автомектепті «В» категориясы бойынша бітірдім. Күндіз жұмыс істеп, түнгі ауысымда оқыдым. Жүргізу куәлігін алғаннан бері көлік жүргізіп келем. Ол кезде қазіргідей көліктің түр-түрі болған жоқ. «Жигули», «Запорожец», «Москвич», «Волга» және тағы да басқа шектеулі ғана түрі болды. Шаруашылық меңгерушісі маған «Запорожец» көлігін берді. Елдер жаяу келгенше, мен машинамен екі бөшке сыра сатып, жоспарды жақсы орындап жүрдім. Өкімет құлаған жылдан бері таксист болдым, — дейді Оразхан апа өткен-кеткен күндерін есіне алып.
Бұрын ертегіден ғана оқитын адам айтса сенгісіз қабілетке ие кейіпкерлердің күнделікті өмірде қолданып жүрген тұрмыстық затқа айналып кеткеніне де біршама уақыт болып қалыпты. Оқу-білімнің арқасында адамзат алып жер шары мен жан-жануар атаулыны төрт бұрышты теледидарға сыйдырып, «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызып» қойды. Бұл жазбада адам қолынан жасалған керемет туынды — фотоаппарат туралы сөз етпекпіз.
Күз мезгілін жақсы көрем. Бірақ сан алуан түске боялған жапырақтар қалықтай келіп қара жердің бетіне қонған сәтін көргенде бойымды көңілсіздік билеп, көзіме жас келеді. Күздің тағы бір таңы атты…
Егер тәніңіз ауырса, ойыңыз бен кейбір іс-әрекеттеріңізді өзгертуге тиістісіз. «Адамның өз-өзіне көңілі толмаса, ешкімді жақсы көрмесе немесе оны ешкім жақсы көрмесе денсаулығына әсер ете ме?» деген сұраққа "Әрине, әсер етеді!" деп жауап береміз. Ішінде кек, реніш, қорқыныш, қызғаныш, ашу-ыза сияқты жағымсыз сезімдері бар адамның дені сау болу мүмкіндігі азаяды. Деніңіз сау болсын десеңіз психологияңызды өзгертіп, алдыңызға дұрыс мақсат қойыңыз.
Тағы да көрдім, тағы да көрем таң нұрын,
Өмір тосын сыйға толы. Күніне қаншама адаммен кездесіп, қаншама адаммен қоштасып жатамыз. Екінші рет көруім мүмкін емес деп ойлаған адаммен екінші, үшінші рет жолығып қалып, уақыт өте келе өмірлік серігіңе айналып кетуі де ғажап емес. Бұрын мен үшін бейтаныс адам бұл күндері мен жақсы көретін, сыйлайтын, құрметтейтін жарыма айналды. 
«Қызым менің!
