Жарияланымдар

adai
Өткен апта дүйсенбі күні бастықтан оңбай таяқ жедім. Өзімнен де бар еді, обалым жок. Сонан-соң сол аптаның қалай өткенін білмей қалдым. Анда-санда бастықтан ұрыс естіген де жақсы екен-ау деген пайымға келдім.
adai
Ең сорақысы, өткен жылы дәл осындай күз айларында Маңғыстауда тіпті бензин өнімі болмай қалды. 150 теңгеге АИ 92 бензинін кезекке тұрып тек қана 20 литрін алдық. Біреулер қолдан 200-250 теңгеге сатты. Шіркін, сол Маңғыстауға 1 мұнай өңдеу зауытын салса Нұр үстіне Нұр болар еді. Елге де пайдасы көп.
adai
Бұл кедендік одақтың пайдасын тек қана Ресей көріп отыр. Себебі біз шикізат өндіруші елміз, басқа ұсақ-түйек тауардан бастап, киім-кешектер де және техникалардың барлығы шет елден келетіндіктен қара халыққа өте қиын. Баж салығының мөлшері шарықтап тұр. Қолымыздан келетіні тек "әттеген-ай", сонау 2005-2009 жылдарды ностальгиямен еске алатын болдық.
adai
Маңғыстаудың етін жеп, жігіттер күш алып қалған екен.
adai
Сізге мың алғыс. Таба алмай жүр едим.
Басқа да қазақтың шығармаларын салады деп сенемін.