Жарияланымдар

Дүбәрә дуаналар,,,

Осыдан 15 минөт алдын инет кафе іздеп келе жатып, бір топ дуана-сығанды көзім шалды. Қолдарында шулаған шұбырындылары, әйтеуір бірдеме деп дабырласып жатыр. Соған қарағанда бүгінгі күннің жоспарын тізіп жатыр шамасы. Маңынан өтіп жатқан астаналықтар үреймен қарайды оларға. «Да погодаю» дей қалса, не боларын өздеріңіз шамалап көріңіздер.
Астананы қайдам, біздің ауылда бұлардың отары қоныстанған. Таңертең жұртпен таласа жұмысқа шығады сыған немелер.Мәшинеңе мініп алып, жол ақысын төлегісі келмейді. Әйтеуір алғанды біледі, мүләйімсіп./Жемқорлар осылардың туысы ма деп қаласың кейде/ Өткенде бір кемпір, осылардың вожатыйы білем, тақпақтап қайыр сұрауды шығарды, бірер күн өтер-өтпес музыкасын қосты, сонымен бір ән келді дүниеге. Қазір сол әнін күнде еститін болдық. Ал, үйлерін көрсең жан түршігеді. Лас, исі мүңкіп тұрады алыстан. Бірақ ішіп-жегендері тәп-тәуір. Кола, пепси, Дизи дегендер күнделікті сусындары. Мұның барлығын қалай тапты дейсіздер? Барлығы жайылған алақан мен тілдің құдіреті…
Ал, айына алар айлығы 25мыңнан аспайтын аңқау ағайындарымыз, оларға жанашырлық танытып, ақшасын аямайды. Кейбірі, тіпті бал аштырады, жол аштырады, айлығын көбейттіргісі келеді. Бос әурешілік, барлығы.
Негізі, қам көңілге қайрымдылық танытқан абзал іс. Алайда, қайырымдылыққа лайықсыздарға қол ұшын беру, мүлдем дұрыс емес. Шеттен келген келімсектерге көмек көрсеткенше, қолы қысқарып, бала шағасын баға алмай жүрген, баспанасынан айрылып, көрінген жерді паналап, кейде жолы болып арнайы көмек көрсету орталықтарын мекен етіп жүрген отандастарымызға қарасайық. Көше кезген сыған-дуаналарға берер 100 теңгені соларға берейік, нанын алып жесін, мүмкін болса, жұмыс та қарастырайық. Кең болсаң, кем болмайсың. Ол үшін арнайы бір ұйым құру қажет емес, құрылса жақсы бірақ. Әркім өз қолынан келгенін қылса, әйтеуір бір жыртығымыз жамалар.
Қазір инеттен шығам, қайтар жолда жаңағы дуаналарды көрем бе, көрмеймін бе, білмеймін, мүмкін олар жұмыстарына кірісіп кеткен шығар…
Әрі қарай

Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.

Ассалаумағалекум, құрметті Керекшілер! Өздеріңізге керек болса алыңыздар, болмаса лақтырып тастаңыздар. Алайда, аптықпай, асықпастан аяғына дейін оқысаңыздар, бір керектеріңізге жарап қалар…
Қазақта «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген бар. Бүгінде кез-келген мешітке кіре қалсаң екі-үш топқа бөлінген жамағатты байқайсыз. Бірі — мазғаб, бірі — такфир, енді бірі — таблиқ дейді өздерін. Моншаққа ұқсаған бұл тізбектің түбіне жетпедім, әлі. Бастап қарасаң айтқан уағыздары жөн-ақ көрінеді кейбірінің, алайда бірін-бірін лайландыра бастағанда барлығынан да кері кеткің келеді. Әрине, мен оларға кір жаққым келіп тұрған жоқ, тек ертеңін ойламай сан-салаға бөлініп кеткендеріне ішім ашиды. Біздің қазақ, бөлінгенді бөрі жейді дейді. Әйтеуір, сыртымыздан көз тігіп, аузынан сілекейі аққан бөрілерге, бөлінем деп жүріп жем болмасақ болғаны. Осыны неге ойламайды екен деймін. Сан ғасырлар бойына жинаған аз ғана абыройымыз айрандай ағылып жатса, өзге елге күлкі болмайтынымызға кім кепіл.
Бүгінде, бір-бірімізге деген сыйластықты, бауырмашылдықты ұмытып бара жатқандаймыз. Бірде, пайғамбарымыз«саллаллаһу алейһи уа саллам» " Мұсылмандардың абзалы — бір-біріне тілінің және қолының зияны тимегені " деген екен. Ал, біз болсақ, мұсылман бауырларымызды көрсек, жалаңаш қатынды көргендей жеркенеміз. Әсте олай болмау керек қой. Тіпті, Аллаһ елшісі, мешітке кірерде, жебелеріңді орап кіріңдер деген екен, бұнысы жебенің үшкір ұшы бауырларыңа зияны тимесін дегені көрінеді.
Мұсылман мұсылманның айнасы. Ал, қазіргі мұсылман қауым, айнадан кімді көреді екен. Ойланып көріңіздерші…
Қазақстандағы көп мұсылманның басты проблемасы — осы болып отыр. Ал, неге ең үлкен кешірілмейтін күналарға қарамайды. Жә, оларды ойландырмайтын да шығар. Бүгінде аз-маз білім алып, нәпсісінің жетегінде кетіп жатқандар да осылар-ау шамасы. Себебі, адам алдымен туралыққа, сабырлыққа, ізгілікке, бірлікке шақыруы тиіс емес пе? Ал, біз ананыкі дұрыс, мынаныкі бұрыс деп ара-жігін бөліп тастаймыз. Осыдан барып, дінге енді ғана бет бұрған азаматтарымыз, қашып кетпей ме? Біз — мұсылманбыз. Басқа ағым жоқ. Болуы да орынсыз.
Менің айтпағым, әркімнің өз үйі — өлең төсегі. Сол үшін бар амалыңды, өз ұстанымыңды үйіңде жасаған дұрысырақ, себебі осылай ғана біз, елдігімізді, бірлігімізді, тәуелсіздігімізді сақтап қала аламыз. Менен ағаттық кетсе, артық айтсам, Аллаһ мені кешірсін…
Әрі қарай

Шойын батареялары


Көптеген адамдар, үй тұрғызып болғаннан кейін, оны жылытуға амал жасайды. Аязға төзімділігін арттыру үшін сыртынан жылу доғарғыш материал қаптайды немесе вермикулитпен сылайды. Ал, ішіне келгенде әсемдігіне, жеңілдігіне қарай алюминия профилді батарея орнатады. Меніңше, одан гөрі шойын батареялары дұрыс. Себебі, алюминий пластик трубалары арқылы жалғанады, ал одан жылу шамалы. Шойын болса, темірмен дәнекерленіп жалғанады. Ал темір жүрген жердің бәрінде жылу қоса жүреді. Өздеріңіз байқап көріңіздер.
Әрі қарай