Таңдаулы

Zere
Блогыма осындай бір пост жазсам деп жүрген едім, сөйтіп фактілерді есіме түсіріп жүргенде сен арнап жазба жазыпсың. Соны өзімдікімен толықтыра кетейін. )

1. Басты рөлдегі актерді кішкентай кезінде шешесі тастап кеткен, не шешесі қайтыс болып кеткен, ата-анасы жоқ, не ауыстырып алған, некесіз туылған, не туылғанымен шешесіне артық жүк болып қалған тарихы болады.
2. Барлық кезде махаббат болады. Махаббаттың өрше түсуіне үшінші адам келіп орталарында кедергі жасауы керек. Сөйтіп, қызғаныш өрбиді.
3. Сериалда сүйісу орын алса, ол тек еріндердің бір-біріне жақындауымен шектеледі.
4. Актер мағыналы бір сөз қозғайтын болса оны жылап тұрып айтады.
5. Жалпы ыңғайы келсе жылай береді, онда да мұрындары қызарып, көздерінен порша-порша жасын мойынына аққанша тұрады.
6. Сүйгенін күткен кезде жаңбырдың астында, қатты суықта да, қанша керек босла, сонша қалшылдап күтіп тұрады.
7. Кетуге көнбей тұрса, ұлдар қыздың қолынан сүйреп, далаға шығарып әкетеді, анадай сүйреуден қыздың қолы қайтып шығып кетпеген екен деп ойлайсың ))
8. Стресстен соджу ішіп құтылады. Ішіп алған кезде барлық шындықтарын айтады: қызы да, ұлы да…
9. Біреумен сөйлескісі келмесе ұялы телефонды өшірмейді, тек батарейкасын алып тастайды. )) Соңғы кезде шығып жүрген сериалдарда ұялы телефондардың жарнамасын көп жасайды )
10. Жеке әңгімелесу үшін пейзажы жақсы бір жердің скамейкасында отырып, кейде тұрып, он минут үнсіздіктен кейін сөйлеседі.
11. Сүйгенінің кететінін білсе, аэропортқа, вокзалға, автобусқа қарай жүгіреді, ең соңғы сәтте жетеді ғой.
12. Әйтеуір бір уақытта басты кейіпкер қыз не мас болып жүре алмай қалады, не аяғын ауыртып алады, не шаршайды, сондықтан жігіт кейіпкер оны арқалап үйіне апарады.
13. Әке-шешесі балаларын төптіштеп ұра береді.
14. Жағымсыз кейіпкер зұлым болса – сайтаннан асар зұлым болады. Жағымды кейіпкер әлбетте мейірімді – басына тек періштенің сәжі ғана жетіспейтін болады.
15. Әйтеуір біреусі жазылмайтын дертке шалдыққан болады.
16. Өлген жақын адамының моласына барып, өкініп, қайғырып, кешірім сұрап, сырын айтып жылайды.
17. Полицейскийлер әркез мейірімді, не топастау болып шығады.
18. Сериал созу мақсатымен, кейіпкер өткенді еске алу барысында алдыңғы сериаларының жартысын қайта көруге мәжбүр боласың.
19. Ұйықтағанда бетіндегі бояуды айтпағанда, киімдерін де шешпейді ғой.
omarbirat
Біліп жүретін болдық :)
Бергісі — Қазақстанның хип-хоп ардагері Конан. Брейк те билейді, граффити де салады, рэп те айтқан. Опшым жан-жақты жігіт сондай :)
omarbirat
Красава болатындай, дизайнды мен жасаған жоқпын ғой? (ұялған Смайыл) :)
Malimetter
Қоғамда неше түрлі адамдар бар. Қалағанын тойлайды. Қарсы келіп тоқтату да қиын, одан ары насихаттап барлығын қатыстыру да қиын. Сіз қалай дұрыс емес деп ойласаңыз, басқалар дәл солай дұрыс деп ойлауы мүмкін.