Жарияланымдар

Сиқырлы цифрлар


Білгіштердің айтуынша, сандардың ішінде адамдарға сәттілік сыйлайтындары болады-мыс. Сізге бір оқиғаны жылдамдату керек болса (мысалы жұмыстан кешігіп қалдыңыз. Бірақ қас қылғанда сіз күткен транспорт кешігіп бара жатыр не болмаса әмияныңызда бір тиын ақша жоқ, ал зарплата «тасбақаша» кешігіп жатыр). Осындай кезде сіз «жиырма» деген сөзді яғни «20»-ны қайталай беруіңіз керек екен. 2 – күшті ұлғайтса, 0 – әлсіздікке қарсы тұрады дейді. Керісінше, бір мәселені кешіктіріп, асықпай шешкіңіз келсе (мысалы баласы ата-анасына аяқ астынан келіп үйленем десе, оған ата-анасы тойға дайын болмаса), сол ситуациядан шығу үшін «төрт» «4» деген санды қайталай беру керек екен. 4 – бұл квадрат, төрт аяғынан тең түсіп тұрған фигура. Оның үстіне, квадраттың барлық жағы бірдей болғандықтан процесті кешеуілдетеді дейді.

Жасаймыз қайта құртамыз

Егер сізге бірдеңені қайта жасап қалпына келтіру, жақсарту керек болса (жаңа үй, бастықпен, шеф, сүйікті адамыңызбен) ол кезде «қырық қырықтан» деңіз. Осылай айтсаңыз, береке арта түспек. Керісінше, бірдеңені құрту керек болса, «44» деу керек. Бұл цифр біріншіден, найзағайға ұқсайды, 4 квадраттың қосындысы 8 болғандықтан, 8 – шексіздікті білдіреді.

Егер сізге бақыт, сәттілік, жолы болғыштық сияқты әдемі естілетін атаулар аздық етіп жүрсе «21» деп қайта-қайта айта беруіңіз керек. Рас па, өтірік пе, өзім де білмеймін, эксперимент ретінде тексеріп көруге болатын шығар. Бақытты боп кетіп жатсаңыздар, айтуды ұмытып кетпеңіздер   www.astroguide.ru-осы жерден тауып алдым.
Әрі қарай

No comment…

Атын баттитып атамай-ақ қояйын, бірақ соңғы жылдары қазақ оқырмандары атышулы бір сайттарда комментарий қалдырудың бір-бір майталманы болып алды. Бұны жазбас та ма едім, бұған бір себеп түрткі болды. Түкке тұрғысыз құр айқай, жалған дабыра, әсіре ұлтшылдық, оқырман мен аудитория жинаймын деп тақырыптардың нешеме атасын қоздататын сайттағы мақалаларға жазылған комментарийлер, күндердің күнінде сенің бірдеңе демесіңе қоймайды екен. “Шыдамның да шегі бар” деп қазақ осындайда айтса керек. Ол “комменттерді” сөзім жалаң болмас үшін, мұнда көшіріп әкеп баспай-ақ та қояйын. Онсыз да көзіқарақты оқырман ығыры шыққан былапыт дау-дамайлы пікірлерге зәру емес шығар деп ойлаймын. Кейде, мақала және мақала авторынан гөрі, комментарийдің маңыздылығы алға шығып кететіні бар. Мақаланы жазған журналист те, автор да жайына қалып, оқырман алаңға шығып алып, қойдай жайылып кететінін айтсаңшы. “Ал, мә, бердім саған еркіндікті, атасына нәлет, давай айтып қалыңдар айтарларыңды” десе, біздің оқырмандар тура ақырдағы шөпке бас салып ұмтылған қойлар сияқты жамырайды келіп. Жарайды, оқырманға мұндай пікір білдірудің құқы мен еркіндігі берілді делік. Тайраңдасын, айтсын, шулағанынша шуласын. Ал сосын не болады? Түк те болмайды. Сіз қазақтан қолына найза алып, кешегі батырлар сияқты қол бастап шығады деп ойлап тұрсыз ба? Осылай дегеніме “Хмм  ” деп миығыңыздан күлесіз қазір. Сосын он күн немесе он ай өткеннен кейін кезінде ешкімге дес бермей қызылкеңірдек болып шайқасқан тірліктерінің түкке тұрғысыз екенін, сол үшін жаға жыртысып, бет көріспестей болғандарын есіне алып, ұялса дейсің де. Бірақ, қайдам қазір біздің қоғамда ұяттың өзі бізден ұялып жүр ме ұяла білмегеніміз үшін… Әрине, өзекті тақырыптар бар, расымен де қоғамдық пікірді қажетсінетін, ой бөлісіп, талқыға салатын. Ал, біздің кейбір комментшілер компьютердің арғы шетінде отырып алып, жасырын түрде пікірін жаза береді. Қысқасы, коммент қалдырудың мәдениетін “бір жеріне” қыстырудан қалған.
Әрі қарай

“Трансформерді” көрдім, бірақ…

Көптен бері жұрттың шулап жүрген фильміне баруға қолым тимей жүр еді, көштен қалмай кеше дәл 6 шілде күні күннің астында Хан шатыр жақтағы көрмеден быжып кеткен соң, салқындап әрі кино көріп шығайын деп барғанмын.
Әрі қарай

Қарлығаш адамнан неге қорықпайды?

“Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” деген мультфильмді көбіміз көрдік. Соның да әсері бар, басқасы да бар, осы кішкене бір құсты барша қазақ жақсы көреді. Шыны керек, осы қарлығаштың адамға үйір әрі жақын екендігі мені таң қалдырады. Өзіңіз ойлап қараңызшы, басқа құс атаулы адамдардан қорқып, үркіп қашып жүрсе, қарлығаш керісінше адамдарды паналайды. Үйіңнің ішіне үйін салып, балапандарын қанаттандырып ұшырады. Одан қалса, сарай, қора т.б. дегендей. Адамдар да оған тиіспейді. Мысалы, наурызек, тырна, шымшық, кептер т.б. құстарың адамға жоламайды ғой. Олардың үркіп тұрғанына қарап, адам мен адамзат атаулы соншалықты қатігез, қорқынышты ма екен деп те ойланып қаласың. Сол кезде, адамдардың мейірімді екенін, олардан барлық уақытта жамандық шықпайтынын басқа құстарға осы қарлығаш қана дәлелдеп жүргендей көрінеді де тұрады маған. Астанада кептерлер адамнан онша қорқа бермейді. Қу тамақ не істетпейді дейсің? Кейде саябақта, Минфиннің алдындағы фонтанда шемішке шағып отырсам, кептерлер сенің айналаңнан үйіріліп шықпай, пістенің қалған дәнін таласа-тармаса жеп жүреді. Оларға да “Қойшы, байғұстар, аш жүр ғой” деп шемішкеңмен бөлісесің. Бірақ, олар қарлығаш сияқты сенің жақсы екеніңді дәлелдеу үшін емес, қу тамақ үшін жаныңа жақындап келеді. Білмеймін, осыны не үшін жазып отырғанымды… Ауылымды сағынғам-ау, шамасы. Отпускада барып келем ғой, ауылға… Сол кезде қарлығаштар туралы арнайы репортаж жасап келмесем
Айтпақшы, ауыл деп қоям, біз ауылдан көшіп кеткелі біраз уақыт болды. Кемпір-шалды (атам мен апам ғой) қоярда қоймай қыздары мен күйеу балдары қалаға көшіріп әкелген. Мен Астанада едім. Сол кезде атам кетерінде қара шаңырақпен, оның есігімен, табалдырығымен қимай жылап қоштасыпты. Оны естіген кезде жаман болдым. Атам арқылы дала қазағының тас қалаға амалсыз көшіп келе жатқан рухының азалы үні мен күйін естігендей болдым. Бірақ, амал қанша, жағдай солай болып тұр.
Әрі қарай